Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Ордабасы ауданының Жеңіс ауыл округі әкімінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 8 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 1 сәуірде № 5538 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Ордабасы ауданының Жеңіс ауыл округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ордабасы ауданының Жеңіс ауыл округінің Жеңіс елді мекенінің атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) Жеңіс елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Түркістан атауы;

      2) Жеңіс елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Бұхар жырау атауы.

      2. "Жеңіс ауылы округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Ордабасы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жеңіс ауыл округінің әкімі М. Туреев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады