Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбар ауыл округі әкімінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 04 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 4 наурызда № 5466 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Шұбар ауыл округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шұбар ауыл округінің ауылдарындағы атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) Шұбар ауылындағы атауы жоқ көшеге- Абылайхан атауы;

      2) Шұбар ауылындағы атауы жоқ көшеге – Майқы би атауы;

      3) Шұбар ауылындағы атауы жоқ көшеге – Сабыр Рахимов атауы;

      4) Береке ауылындағы атауы жоқ көшеге – Қожа Ахмет Йассауи атауы;

      5) Жусансай ауылындағы атауы жоқ көшеге – Сұлтан Бейбарыс атауы.

      2. "Шұбар ауыл округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн жiберудi;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Ордабасы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шұбар ауыл округінің әкімі Қ. Ендібай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады