Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Отырар ауданы Отырар ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 15 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 28 ақпанда № 5452 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Отырар ауданы Отырар ауыл округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Отырар ауыл округіндегі Арыс, М.Шойманов елді мекеніндегі көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) Отырар ауыл округі, Арыс елді мекеніндегі нөмірленген № 1 көшеге -Күлтегін атауы;

      2) Отырар ауыл округі, Арыс елді мекеніндегі нөмірленген № 2 көшеге - Қорқыт атауы;

      3) Отырар ауыл округі, Арыс елді мекеніндегі нөмірленген № 3 көшеге - Едіге атауы;

      4) Отырар ауыл округі, Арыс елді мекеніндегі нөмірленген № 4 көшеге - Достық атауы;

      5) Отырар ауыл округі, Арыс елді мекеніндегі нөмірленген № 5 көшеге - Жәнібек хан атауы;

      6) Отырар ауыл округі, Арыс елді мекеніндегі нөмірленген № 6 көшеге - Қасым хан атауы;

      7) Отырар ауыл округі, Арыс елді мекеніндегі нөмірленген № 7 көшеге - Бейбарыс-Сұлтан атауы;

      8) Отырар ауыл округі, Арыс елді мекеніндегі нөмірленген № 8 көшеге - Асанқайғы Сәбитұлы атауы;

      9) Отырар ауыл округі, Арыс елді мекеніндегі нөмірленген № 10 көшеге - Қарасай батыр атауы;

      10) Отырар ауыл округі, М.Шойманов елді мекеніндегі нөмірленген № 12 көшеге- Сырым батыр атауы;

      2. "Отырар ауыл округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн жiберудi;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Отырар ауылдық округі әкімі Д. Үсетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады