Сайрам ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды және (немесе) маршруттарды айқындау туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 23 қазандағы № 460 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 23 қазанда № 5856 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 4-2) тармақшасына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8, 27-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Сайрам ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сайрам ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар және (немесе) маршруттар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Сайрам ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 11 "Сайрам ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4449 тіркелген, 2018 жылғы 16 ақпанда "Мәртөбе" газетінде және 2018 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Сайрам ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Усербаевқа жүктелсін.

      Сайрам ауданының әкімі У. Садибеков

  Сайрам ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 23 қазандағы
№ 460 қаулысына қосымша

Сайрам ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар және (немесе) маршруттар

Ауылдық округ атауы

Орналасатын орны

1

Ақсукент ауылдық округі

Ақсу ауылы, Ақсу-Ақбастау автокөлік жолының бойында

2

Ақбұлақ ауылдық округі

Ақбұлақ ауылы, Қонаев көшесі бойында

3

Арыс ауылдық округі

Қожақорған ауылы, Мыңлыбаев көшесі бойында

4

Жібек-жолы ауылдық округі

Жібек-жолы ауылы, Алматы-Термез тас жолы және Жібек-жолы көшесінің қиылысы

5

Қайнарбұлақ ауылдық округі

Қасымбек Датқа ауылы, Сарманов көшесі бойында

6

Қарасу ауылдық округі

Әйтеке би ауылы, Ш.Уалиханов көшесі бойында

7

Қарабұлақ ауылдық округі

Қарабұлақ ауылы, М.Әуезов көшесі бойында

8

Құтарыс ауылдық округі

Құтарыс ауылы, Абай көшесі бойында

9

Көлкент ауылдық округі

Көлкент ауылы, Үштөбе көшесі бойында

10

Қарамұрт ауылдық округі

Қарамұрт ауылы, Х.Нигмаджанов және А.Моминжанов көшелерінің қиылысы

11

Манкент ауылдық округі

Манкент ауылы, Алма-ата көшесі бойында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады