Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 7 шілдедегі № 171 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 9 шілдеде № 5700 болып тiркелдi. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне 1 (бір) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Таскуловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыағаш ауданының әкімі М. Отаршиев

  Сарыағаш ауданы әкімдігінің
"7" шілдедегі 2020 жылғы
№ 171 қаулысына қосымша

"Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің көлемдері

Жер пайдаланушылар атауы

Қауымдық сервитуттың әрекет ету көлемі (гектар)


ауыл шаруашық мақсатындағы жерлер

оның ішінде:

егістік

оның ішінде:

көп жылдық екпелер

шабындық

жайылым

суармалы егістік

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Құркелес ауылдық округі

2,6112

1,0814

0,8884

0,8884

-

-

0,193

2

Қызылжар ауылдық округі

1,0512

0,182

0

0

-

-

0,182

3

Қабланбек ауылдық округі

1,4534

0,6556

0,6384

0,6384

-

-

0,0172

4

Жібекжолы ауылдық округі

0,5582

0,1050

-

-

-

-

0,1050

5

Дербісек ауылдық округі

0,0195

0,0195

 -

 -

-

-

0,0195

6

Жемісті ауылдық округі

1,0225

0,5948

-

-

-

-

0,5948

7

Ақжар ауылдық округі

1,3472

-

-

-

-

-


8

Сарыағаш ауданы бойынша

8,0632

2,6383

1,5268

1,5268

-

-

1,1115

      кестенің жалғасы

соның ішінде:

өзге жерлер

елдi мекендердiң жерi

елді мекеннің мал жайылым жері

ортақ пайдаланудағы жерлер (жолдар, көшелер және алаңдар)

су қорының жерi

өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер

10

11

12

13

14

15

0

1,5298

-

-

-

-

0,018

0,7519

-

0,0993

-

-

0,0164

0,7814

-

-

-

-

0,0194

0,4338

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

0,4277

-

-

-

-

-

1,3472

-

-

-

-

0,0538

5,2718

-

0,0993

-

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады