Жетісай ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Жетiсай ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 7 ақпандағы № 81 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 10 ақпанда № 5414 болып тiркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабының 2 тармағына және "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына сәйкес, Жетісай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жетісай ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жетісай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Жолдасбековке жүктелсін.

      Аудан әкімі Ж. Бейсенбаев

  Жетісай ауданы әкімдігінің
2020 жылғы "7" ақпандағы
№ 81 қаулысына қосымша

Жетісай ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Елді мекеннің атауы

Орналасатын орны

1

Жетісай қаласы

С.Қожанов көшесі, "Sinooil" жанар-жағар май құю бекеті мен "Табиғат" салтанат сарайы арасы

2

Жетісай қаласы

Ескендіров және Нарбаев көшелерінің қиылысы

3

Жетісай қаласы

Амангелді көшесі, "Дарын" мектеп-интернатының алды

4

Асықата кенті

Абылқасымов көшесінің бойында, "№ 15" колледжінің алды

5

Қызылқұм ауылдық округі, Түркебай ауылы

Абай және Базар көшелерінің қиылысы

6

Жылы су ауылдық округі, Жылы су елді мекені

Ақжол көшесі бойында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады