Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Жетісай ауданы Ынтымақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 09 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 6 ақпанда № 5405 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармағына сәйкес, Ынтымақ ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Жетісай ауданы Ынтымақ ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ынтымақ ауылдық округінің Нурауыл елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) Нұрауыл елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге – Әлихан Бөкейханов атауы;

      2) Нұрауыл елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге – Ыбырай Алтынсарин атауы;

      2. Жетісай ауданының "Ынтымақ ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау ауылдық округі әкімінің орынбасары Д.Абдираимовке жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ынтымақ ауылдық округі әкімі М. Журхабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады