Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 180 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 маусымда № 7190 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 25 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабының 31-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2020 жылғы 2 маусымы
№ 180 Қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 187 "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4133 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 1 қазанда "Дидар", 2015 жылғы 5 қазанда "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 195 "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4138 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 26 қыркүйекте "Дидар", 2015 жылғы 25 қыркүйекте "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      3. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 332 "Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5356 болып тіркелген, электронды түрде 2018 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкінде, 2018 жылғы 16 қаңтарда "Дидар" және "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      4. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 10 шілдедегі № 217 "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 187 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5667 болып тіркелген, электронды түрде 2018 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкінде, 2018 жылғы 21 тамызда "Дидар" және "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады