Семей қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 722 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 маусымда № 7149 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № 793 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 16.05.2022 № 793 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8 - бабының 3 - тармағына, 27 - бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 - бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 102 - тармағына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Семей қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Семей қаласы әкімдігінің "Семей қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар белгілеу туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі № 1168 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4653 тіркелген, 2016 жылғы 19 тамызда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, 2016 жылғы 26 тамызда "Семей таңы" және "Вести Семей" газеттерінде жарияланған), "Семей қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар белгілеу туралы" Семей қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 1168 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 11 шілдедегі № 1273 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-2-184 тіркелген, 2018 жылы 27 шілдеде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, 2018 жылғы 7 тамызда "Семей таңы" және "Вести Семей" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Семей қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің бюджетті қалыптастыру және орындау, несие және кеден саясаты, банк мекемелері, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, ветеринария, өнеркәсіп, кәсіпкерлік, байланыс, туризм және сауда, еңбек және қоршаған ортаны қорғау инспекциясы мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Семей қаласының әкімі Е. Салимов

  Семей қаласы әкімдігінің
2020 жылғы "1" маусымы
№ 722 қаулысына қосымша

Семей қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындардың тізбесі

      1. Юность көшесі (№ 25 ғимарат ауданында).

      2. Красин көшесі (№ 70 ғимарат ауданында).

      3. М. Лебаев көшесі (№ 1/2 ғимарат ауданында).

      4. Восход кенті, Рудная көшесі (№ 18 ғимарат ауданында).

      5. 905 Құрылыс көшесі, монша ауданындағы алаң.

      6. Восточный кенті, А. Көшкінбаева көшесі (№ 35 "А" ғимарат ауданында).

      7. Ак. Сәтпаев көшесі (№ 134 ғимарат ауданында).

      8. Холодный ключ кенті (№ 7 "А" ғимарат ауданында).

      9. Ш. Қаржаубайұлы көшесі (№ 259 "В" ғимарат ауданында).

      10. Ж. Кәрменов көшесі (№ 61 "А" ғимарат ауданында).

      11. Степной кенті (№ 12 "Д" ғимарат ауданында).

      12. Комсомольский кенті, Гурьевская көшесі ("Ахметов" АҚС ауданында).

      13. 1 ықшамаудан (№ 7 "А" ғимарат ауданында).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады