Курчатов қаласы бойынша 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 210 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 ақпанда № 6725 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Курчатов қаласы бойынша 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақасының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А.Ж. Улукпанова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, конкурстық негізінде осындай құқық алған мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Курчатов қаласы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Н. Т. Қошқарбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Курчатов қаласының әкімі А. Глазинский

  Курчатов қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 31 қаңтардағы
№ 210 қаулысына қосымша

Курчатов қаласы бойынша 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 30.09.2020 № 362 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

     № р/р

Ұйымның атауы

Барлығы

Тәрбиеленушілер саны (адам)

Айына бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырыс көлемі, теңге

Ата-ананың төлемақы мөлшері, айына теңге

оның ішінде

оның ішінде

толық күн болумен

толық емес күн болумен

толық күн болумен

толық емес күн болумен

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Курчатов қаласының "Күншуақ" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

145

145

0

33020

0

3 жасқа дейін 10500

3-тен 6 жасқа дейін -10800

2

"Ақ-бөбек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

60

60

0

33020

0

3 жасқа дейін 10500

3-тен 6 жасқа дейін -10800

3

Курчатов қаласы әкімдігінің "Журавушка" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

290

290

0

33020

0

3 жасқа дейін 10500

3-тен 6 жасқа дейін -10800

4

"Курчатов қаласының № 2 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы шағын орталық

50

25


30531


3 жасқа дейін 10500

3-тен 6 жасқа дейін -10800


25


19450

3 жасқа дейін 5250

5

"Курчатов қаласының № 3 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы шағын орталық

75

25


30531


3 жасқа дейін 10500

3-тен 6 жасқа дейін -10800


50


19450

3 жасқа дейін 5250


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады