Курчатов қалалық мәслихатының 2016 жылғы 19 қазандағы № 7/46-VI "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 38/296-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 сәуірде № 6907 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 12/87-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 29.12.2021 № 12/87-VII шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Курчатов қалалық мәслихатының 2016 жылғы 19 қазандағы № 7/46-VI "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4739 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 21 қарашада жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1 – тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары оқу жылы ағымында ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.";

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Э. Батырбеков
      Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы Г. Қарымбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады