Аягөз ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 41 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 қыркүйекте № 7504 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27-баптарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Iшкi сауда қағидаларын бекiту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11148 болып тіркелген) сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аягөз ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Аягөз ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Аягөз ауданы әкімдігінің интернет-желісінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Сулейменовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Искаков

  2020 жылғы 28 тамызы
№ 41 қаулысына
қосымша

Аягөз ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін белгіленген орындар

      1. Аягөз қаласы, Тайкиманов көшесі (№ 24 ғимарат ауданында).
      2. Аягөз қаласы, Гагарин көшесі (№ 260 ғимарат ауданында).
      3. Аягөз қаласы, Сейфуллин көшесі (№ 97 ғимарат ауданында).
      4. Аягөз қаласы, Р. Қошқарбаев көшесі (№1-В ғимарат ауданында).
      5. Аягөз қаласы, Береке көшесі (№ 3/1 ғимарат ауданында).
      6. Аягөз қаласы, Х. Дуйсенов көшесі (№ 27 "А" ғимарат ауданында).
      7. Аягөз қаласы, Тоқтаров көшесі (№ 53 ғимарат ауданында).
      8. Ақтоғай кенті, Т. Кузембаев көшесі (№ 64 ғимарат ауданында).
      9. Ақшәулі ауылы, Октябрдің 60 жылдығы көшесі.
      10. Ақшатау ауылы, Сайқыманұлы көшесі (№ 2/1 ғимарат ауданында).
      11. Қарағаш ауылы, Жастар көшесі (№ 6/1 ғимарат ауданында).
      12. Малкелді ауылы, Жұрымбай көшесі.
      13. Сарыарқа ауылы, М. Ерболов көшесі (№ 22 ғимарат ауданында).
      14. Тарлаулы ауылы, Н. Жиылысов көшесі (№ 27/1 ғимарат ауданында).
      15. Тарбағатай ауылы, Ж. Молдабаев көшесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады