Карантинды тоқтату және ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 1 "Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округінің "Ілгідай" шаруа қожалығында карантин белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 қаңтарда № 6652 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 - 1 – бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 – бабы 2 – тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 327 ұсынысына сәйкес, Беген ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ірі қара мал арасында қарасан ауруының ошағын жою бойынша ветеринарлық – санитарлық іс - шаралар кешенінің орындалуына байланысты, Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округінің "Ілгідай" шаруа қожалығы аумағында белгіленген карантин тоқтатылсын.

      2. Беген ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 1 "Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округінің "Ілгідай" шаруа қожалығында карантин белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6377 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Беген ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Бесқарағай ауданының әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Беген ауылдық округінің әкімі Н. Асылгожин

О снятии карантина и признании утратившим силу решение акима Бегенского сельского округа Бескарагайского района от 9 декабря 2019 года № 1 "Об установлении карантина на территории крестьянского хозяйства "Ілгідай" Бегенского сельского округа Бескарагайского района"

Решение акима Бегенского сельского округа Бескарагайского района Восточно-Казахстанской области от 15 января 2020 года № 1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 20 января 2020 года № 6652

      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 8) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", на основании представления руководителя Бескарагайской районной территориальной инспекции Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 декабря 2019 года № 327, аким Бегенского сельского округа РЕШИЛ:

      1. В связи с выполнением комплекса ветеринарно – санитарных мероприятий по ликвидации очагов заболевания эмфизематозного карбункула крупного рогатого скота, снять карантин на территории крестьянского хозяйства "Ілгідай" Бегенского сельского округа Бескарагайского района.

      2. Признать утратившим силу решение акима Бегенского сельского округа от 9 декабря 2019 года № 1 "Об установлении карантина на территории крестьянского хозяйства "Ілгідай" в Бегенского сельского округа Бескарагайского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 6377, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан от 13 декабря 2019 года).

      3. Государственному учреждению "Аппарат акима Бегенского сельского округа Бескарагайского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в территориальном органе юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего решения направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемых на территории Бескарагайского района;

      3) размещение настоящего решения на интернет - ресурсе акимата Бескарагайского района после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Бегенского сельского округа Н. Асылгожин