Зайсан ауданының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2021 жылға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68-10 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 қаңтарда № 8332 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 18–бабы 8-тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" 2009 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына және "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 06 қарашадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің №72 бұйрығының 6-тармағына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зайсан ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2021 жылға әлеуметтiк қолдау шараларының келесі түрлері ұсынылсын:

      1) жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит.

      2. Зайсан аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №49-2 "2020 жылға Зайсан ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге жəне тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, əлеуметтік қамсыздандыру, мəдениет, спорт, агроөнеркəсіптік кешен саласындағы мамандарға және ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6557 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы Ф. Мұхаметқалиев
      Аудандық мәслихат хатшысы Д. Ыдырышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады