Қаратал ауылдық округіне қарасты Үлкен Қаратал ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 10 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 қазанда № 7614 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторының 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 664 ұсынысы негізінде Қаратал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаратал ауылдық округіне қарасты Үлкен Қаратал ауылының мүйізді ірі қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Зайсан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаратал ауылдық округінің әкімі К. Каримов

Об установлении ограничительных мероприятий в селе Улкен Каратал Каратальского сельского округа

Решение акима Каратальского сельского округа Зайсанского района Восточно-Казахстанской области от 30 сентября 2020 года № 10. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 2 октября 2020 года № 7614

      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 7) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", на основании представления главного государственного ветеринарно санитарного инспектора Зайсанского района от 25 сентября 2020 года № 664, аким Каратальского сельского округа РЕШИЛ:

      1. Установить ограничительные мероприятия в селе Улкен Каратал Каратальского сельского округа в связи с возникновением бруцеллеза крупного рогатого скота.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Каратальского сельского округа" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в территориальном органе юстиции;

      2) в течении десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего решения направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемых на территории Зайсанского района;

      3) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе акимата Зайсанского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за выполнением данного решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Каратальского сельского округа К. Каримов