Тұрғысын ауылындағы телефон кәрізін орналастыру және пайдалану үшін жер теліміне шектеулі пайдалану (қауымдық сервитут) құқығын белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Тұрғысын ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 тамызда № 7447 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданы Тұрғысын ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына Тұрғысын ауылында телефон кәрізін орналастыру және пайдалану үшін Достық көшесіндегі АТС-243- тен № 20 үйге дейінгі жалпы ауданы 0,0144 га жер телімдерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоюсыз 2030 жылдың 31 желтоқсанына дейін 10 жыл мерзімге жер телімдерін шектеулі мақсатта пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы белгіленсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Тұрғысын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. "Алтай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Қазақтелеком" акционерлік қоғамымен сервитут шартын жасасын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Тұрғысын ауылдық округінің әкімі Д. Кожанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады