Жер телімдеріне шектеулі пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласы әкімінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 қазанда № 7722 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19 – бабына, 69 – бабы 4 – тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35 – бабы 1 – тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Алтай қаласының әкімі ШЕШТІ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына осы шешімге қосымшаға сәйкес орналасқан қорғау аймағы шегінде Алтай қаласының АТС-60, АТС-70 телефон кәріздерін пайдалану үшін жалпы алаңы 0,9281 га меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, 2030 жылғы 31 желтоқсанға дейін мерзімі 10 жылға, жер теліміне шектеулі мақсатта пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.

      2. "Алтай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтай қаласы әкімнің міндетін уақытша атқарушы Ж. Аскарова

  Алтай қаласы әкімінің
2020 жылғы 28 қыркүйегі № 5
шешіміне қосымша

№ р\р

Жер телімінің орналасқан орны

Жер телімінің ауданы, га

1

2

3

1

А. Қайыпов көшесі: М.Горький көшесінен Бурнашов бульварына дейін; Тәуелсіздік көшесі бойынша: М.Горький көшесінен Зыряновская көшесіне дейін; Жақсыбаев көшесі бойынша: Тәуелсіздік көшесінен Пролетарская көшесіне дейін; Бурнашов бульвары бойынша: А. Қайыпов көшесінен Садовая көшесіне дейін; Тенистый тұйық көшесі бойынша: Фрунзе көшесінен Тәуелсіздік көшесіне дейін; Фрунзе көшесі бойынша: Бочарников көшесінен Астана көшесіне дейін; Тимофеев көшесі бойынша: Бочарников көшесінен Астана көшесіне дейін; Астана көшесі бойынша: Фрунзе көшесінен Тимофеев көшесіне дейін.

0,8977

2

Жақсыбаев көшесі бойынша, №26, 28 , 30 – үйлер
ауданында

0,0110

3

Солнечная көшесі бойынша, №4, 4/1, 4/2, 8/1 – үйлер ауданында.

0,0194


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады