Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Өрел ауылдық округі Еңбек ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Өрел ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 17 ақпандағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 ақпанда № 6733 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 – бабының 2 – тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 – бабы 4) тармақшасына сәйкес, Еңбек ауылының тұрғындарының пікірлерін және Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 03-18/805 қорытындысын есепке ала отырып, Өрел ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Өрел ауылдық округі Еңбек ауылының келесі көшесі қайта аталсын:

      "Таңба" көшесі "Төлеген Рақымжанов" көшесіне.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Өрел ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Катонқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Катонқарағай ауданының әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Е. Кобешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады