Көкпекті ауданы Үлгілімалшы ауылының көшесінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 қазанда № 7719 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңы 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңы 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 4 қарашадағы қорытындысының негізінде, Үлгілімалшы ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Үлгілімалшы ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Көкпекті ауданының Үлгілімалшы ауылының келесі көшесінің атауы:

      1) Ленин көшесі Ырыс көшесі болып өзгертілсін.

      2. Көкпекті ауданының "Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімінің интернет – ресурсында орналастырылуы қамтамасыз етілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Малгаждарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады