Көкпекті ауданы Мариногорка, Жұмба ауылдарының көшелерінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Мариногорка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 маусымда № 7144 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 35 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 14-бабының 4) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 4 қарашадағы қорытындысының негізінде, Мариногорка, Жұмба ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, Мариногорка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көкпекті ауданының Мариногорка ауылының келесі көшелерінің атауларын:

      1) Советская көшесі Байтерек көшесі;

      2) Пролетарская көшесі Талды көшесі болып өзгертілсін.

      2. Көкпекті ауданының Жұмба ауылының келесі көшесінің атауы:

      1) Чапаев көшесі Қалба көшесі болып өзгертілсін.

      3. Көкпекті ауданының "Мариногорка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді:

      1) осы шешімді Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялау үшін жеберуді;

      3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

      4. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мариногорка ауылдық округінің әкімі К. Сурашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады