Үржар ауданы Үржар ауылдық округі Үржар ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 11 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 қаңтарда № 6712 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, 2019 жылғы 11 желтоқсандағы Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Үржар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Үржар ауданы Үржар ауылдық округі Үржар ауылындағы көшелерінің атауы:

      1) Старокожев көшесі Зейнолла Сәнік көшесі;

      2) Шмид көшесі Ағайынды Сәбиевтер көшесі болып қайта аталсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Үржар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Үржар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Үржар ауылдық округінің әкімі С. Шарыкбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады