Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 132 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 маусымда № 6279 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б.Б.Сейтқали) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т.Ә. Шәкімовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысы әкімінің
бірінші орынбасары
М. Манкеев

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2020 жылғы 5 маусымдағы № 132
қаулысына қосымша

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 221 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекiту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4056 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 13 қазанда жарияланған).

      2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 138 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4433 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 2 маусымда жарияланған).

      3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 142 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 221 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4436 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 15 маусымда жарияланған).

      4. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 316 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 221 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4604 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 7 желтоқсанда жарияланған).

      5. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 309 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 221 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5497 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 21 қаңтарда жарияланған).

      6. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 120 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 138 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 31 мамырда жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады