Бәйтерек ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің Егіндібұлақ және Чесноков ауылдарындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 ақпанда № 6020 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Егіндібұлақ және Чесноков ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйтерек ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі Егіндібұлақ ауылындағы "Чапаев" көшесі – "Бейбітшілік" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Бәйтерек ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі Чесноков ауылының кейбір көше атаулары:

      "Байкал" көшесі – "Достық" көшесі;

      "Хутор" көшесі – "Жағалау" көшесі;

      "Бекет" көшесі – "Бірлік" көшесі деп қайта аталсын.

      3. Егіндібұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Н.Калманова) осы шешімнің әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Т. Кужагалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады