"Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 162 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы № 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 қаңтарда № 22080 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 34 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.04.2022 № 34 (мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13701 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ашық деректер тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.

      2. Ішкі әкімшілендіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 13 қаңтардағы
№ 8 Бұйрыққа қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 11 сәуірдегі
№ 162 бұйрығымен бекітілді

Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ашық деректер тізбесі

р/с №

Ашық деректер жинағының атауы

Өзектендіру кезеңі

Ұсыну мерзімі

Дереккөзі (ашық деректер интернет-порталы автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) арқылы немесе мемлекеттік органдардың API жүйесі аркылы)

Жауапты тұлға

1

Моноқалалар тізбесі

жыл сайын

1 наурызға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

Өңірлік даму департаменті (бұдан әрі – ӨДД)

2

Қала құраушы заңды тұлғалардың тізбесі

жыл сайын

1 мамырға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

ӨДД

3

Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендер

жыл сайын

2-тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

ӨДД

4

"Дипломмен ауылға" жобасы шеңберінде тұрғын үй сатып алуға немесе құрылысына бюджеттік кредит алған мамандар саны

жыл сайын

1-тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

ӨДД

5

Халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп іске асырылатын гранттық жобалардың саны (байланысты гранттар)

жыл сайын

тиісті жылға арналған байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесін бекіту бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы қабылданғаннан кейін екі аптаның ішінде

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

Инвестициялық саясат департаменті (бұдан әрі – ИСД)

6

Халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп іске асырылатын гранттық жобалардың саны (байланысты емес гранттар)

жыл сайын

тиісті жылға арналған байланысты емес гранттарды тартуға арналған басым жобалардың тізбесін бекіту бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы қабылданғаннан кейін екі аптаның ішінде

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

ИСД

7

Қаралған бюджеттік инвестициялардың (техникалық-экономикалық негіздеме, қаржы-экономикалық негіздеме) саны

ай сайын

есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 10-на дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

ИСД

8

Жергілікті атқарушы органдар борышының лимиттері

жыл сайын

тиісті жылға жергілікті атқарушы органдар борышының лимиттері туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы қабылданғаннан кейін екі аптаның ішінде

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті

9

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша берілген кепілдіктер саны

жыл сайын

1 наурызға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

Кәсіпкерлікті дамыту департаменті (бұдан әрі – КДД)

10

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қалалардағы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілген микрокредиттер саны

жыл сайын

1 наурызға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

КДД

11

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілген гранттар саны

жыл сайын

1 наурызға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

КДД

12

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша берілген субсидиялар саны

жыл сайын

1 наурызға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

КДД

13

"Іскерлік байланыстар" құралы бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілері қатарынан оқытылғандар саны

жыл сайын

1 наурызға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

КДД

14

"Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының базасында "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құрамдауышы бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілері қатарынан оқытылғандар саны

жыл сайын

1 наурызға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

КДД

15

"Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту (Аға сеньорлар)" құрамдауышы бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілері қатарынан оқытылғандар саны

жыл сайын

1 наурызға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

КДД

16

"Бизнестің жол картасы 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының төртінші бағыты шеңберінде "Бизнес-мектеп" құрамдауышы бойынша оқытылғандар саны

жыл сайын

1 наурызға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

КДД

17

"Бизнестің жол картасы 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының төртінші бағыты шеңберінде жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуді сервистік қолдау бойынша берілген консультациялар саны

жыл сайын

1 наурызға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

КДД

18

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының тізбесі

қажеттілігіне қарай

бекітілгеннен кейін бір ай ішінде

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

Табиғи монополияларды реттеу комитеті
(бұдан әрі-ТМРК)

19

ТМРК құрылымы

қажеттілігіне қарай

бекітілгеннен кейін бір ай ішінде

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

ТМРК

20

Табиғи монополиялар субъектілерінің тіркелімдері (ТМС)

қажеттілігіне қарай

бұйрық қабылданғаннан кейін 10 күн ішінде

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

ТМРК

21

Мемлекеттік тіркелімнің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектілері көрсететін қызметтердің тарифтері

қажеттілігіне қарай

бекіткеннен кейін 10 күн ішінде

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

ТМРК


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады