"Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 88 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 10 ақпандағы № 92 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 ақпанда № 22189 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 88 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10502 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 6 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіру және айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібі";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. 11-бағанда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінген этил спирті немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Алкоголь өнімін өндіру және айналымы жөніндегі декларацияларын табыс ету тәртібі";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. 12-бағанда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Алкоголь өнімінің айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібі";

      107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "107. 10-бағанда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады