"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақыны өндіріп алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 185 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 25 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 ақпанда № 22219 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 50 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 28 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақыны өндіріп алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 185 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8698 болып тіркелген, 2013 жылғы 2 қазанда "Заң газеті" газетінде № 148 (2349) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақыны өндіріп алу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2021 жылғы 12 ақпандағы
№ 25 Қаулыға
қосымша

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақыны өндіріп алуы қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақыны өндіріп алуы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – БЖЗҚ) комиссиялық сыйақыны өндіріп алуы тәртібін айқындайды.

2-тарау. БЖЗҚ-ның комиссиялық сыйақыны өндіріп алуы тәртібі

      2. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақысын өндіріп алуы мақсатында комиссиялық сыйақыны есептеу және есепке жазу Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9274 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 24 қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін есепке алуы мен бағалауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес айқындалатын БЗЖҚ зейнетақы активтерінің ағымдағы құнынан комиссиялық сыйақы есептеу мен есепке жазу жүргізілетін айдың бірінші күнгі күн басындағы жағдай бойынша жүзеге асырылады.

      3. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақысын есепке жазу есептеу жүргізілетін айдағы күнтізбелік күндердің санына теңбе-тең жүргізіледі.

      4. Зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақыны өндіріп алуы кастодиан банктің, зейнетақы активтерін басқарушының (инвестициялық портфельді басқарушы немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі) және БЖЗҚ-ның уәкілетті өкілдері қол қойған салыстырып тексеру актісі негізінде БЖЗҚ-ның инвестициялық шотынан БЖЗҚ-ның ағымдағы шотына аудару арқылы жүргізіледі.

      5. Инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақыны есептеу және есепке жазу үшін БЗЖҚ зейнетақы активтерінен күнделікті инвестициялық кіріс пайдаланылады. Инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақы күн сайын есептеледі және есепке жазылады.

      Теріс инвестициялық кіріс кезінде теріс комиссиялық сыйақы Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 53-бабына сәйкес зейнетақы активтерін басқарушы бекіткен комиссиялық сыйақы шамасын қолдану арқылы есептеледі.

      Есепті ай үшін инвестициялық кірістен жинақталған комиссиялық сыйақы теріс комиссиялық сыйақы сомасына азайтылады.

      Теріс комиссиялық сыйақы есепті айда жинақталған комиссиялық сыйақыдан асып кеткен жағдайда, асып кету сомасы зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірістен есептелген теріс комиссиялық сыйақы бойынша дебиторлық берешек ретінде танылады.

      6. Қағидалардың 5-тармағына сәйкес есептелген инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақы есепті айдың соңындағы жағдай бойынша жинақталған теріс комиссиялық сыйақы бойынша дебиторлық берешек болмаған жағдайда БЖЗҚ-ның инвестициялық шотынан аударылады.

      Инвестициялық портфельді басқарушымен шарт бұзылған жағдайда зейнетақы активтері инвестициялық портфельді басқарушыдан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне басқаруға беріледі және инвестициялық портфельді басқарушы есептелген теріс комиссиялық сыйақы бойынша дебиторлық берешекті (ол бар болса) БЖЗҚ-ның инвестициялық шотына аудару арқылы меншікті капиталы есебінен өтейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады