"Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 12 ақпандағы № 17 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 ақпанда № 22234 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларында:

      24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Жария тыңдауларды уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі онлайн-көрсетілім ұйымдастырумен, жария тыңдауларға қатысушылардың кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып өткізеді.

      Елде төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері жария тыңдауларды онлайн-көрсетілім арқылы өткізеді.

      Жария тыңдауларды онлайн-көрсетілімдер арқылы өткізген кезде уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі жария тыңдаулар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей әлеуметтік желілерде жария тыңдаулардың күні мен онлайн-көрсетілімнің сілтемесін көрсете отырып, алда болатын жария тыңдау туралы хабарландыру орналастырады.

      25. Уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің қызметкерлері қатарынан жария тыңдаулардың төрағасы мен хатшысын тағайындайды.

      Жария тыңдаулардың хатшысы хаттаманы жазбаша нысанда жүргізеді.".

      2. Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Иргалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады