«Журналистерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 138 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 11 наурыздағы № 90 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 наурызда № 22331 болып тіркелді

      «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-3-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРAМЫН:
      1. «Журналистерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 138 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8581 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 14 тамызда № 189 (28128) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Журналистерді аккредиттеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Aқпарат және қоғамдық даму министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Aқпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Aқпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Aқпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Aқпарат және қоғамдық даму министрі        A. Балаева

     «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
     Aуыл шаруашылығы министрлігі

     «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
     Әділет министрлігі

     «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
     Бас прокуратурасы

     «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
     Бiлiм және ғылым министрлігі

     «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
     Денсаулық сақтау министрлігі

     «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
     Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі

     «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
     Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі

     «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
     Қаржы министрлігі

     «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Қаржы
     нарығын реттеу және дамыту агенттігі

     «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
     Қорғаныс министрлігі

     «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
     Мәдениет және спорт министрлігі

     «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
     Мемлекеттік күзет қызметі

     «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
     Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

     «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
     Сауда және интеграция министрлігі

     «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
     Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі

     «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
     Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі

     «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
     Сыртқы істер министрлігі

     «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
     Төтенше жағдайлар министрлігі

     «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
     Ұлттық қауіпсіздік комитеті

     «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
     Ұлттық экономика министрлігі

     «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
     Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

     «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
     Ішкі істер министрлігі

     «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
     Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі

     «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
     Энергетика министрлігі

     «КЕЛІСІЛДІ»
Республикалық бюджеттің
     атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
Қазақстан Республикасы
Aқпарат және
қоғамдық даму министрі
2021 жылғы 11 наурыздағы
№ 90 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
2013 жылғы 21 маусымдағы
№ 138 бұйрығымен
бекітілген
Журналистерді аккредиттеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
      1. Журналистерді аккредиттеудің осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 4-3-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдарының (бұдан әрі - аккредиттеуші ұйым(дар)) бұқаралық ақпарат құралдарының журналистерін аккредиттеу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) аккредиттеу - журналистi тағайындау рәсiмi және оның өкiлеттiгiн мемлекеттiк органның, қоғамдық бiрлестiктiң және ұйымның тануы;
      2) бас редактор (редактор) - бұқаралық ақпарат құралының редакциясын басқаратын және оны шығару мен таратуға, эфирге шығаруға тиiсiнше өкiлеттiгi бар жеке тұлға;
      3) бұқаралық ақпарат құралы - мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны;
      4) бұқаралық ақпарат құралының редакциясы - бұқаралық ақпарат құралына материалдар жинауды, дайындауды және шығаруды жүзеге асыратын жеке тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын шығармашылық ұжым;
      5) журналист - еңбек қатынастары немесе өзге де шарттық қатынастар негiзiнде бұқаралық ақпарат құралы үшiн хабарламалар мен материалдар жинау, оларды өңдеу және әзiрлеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға;
      6) жүргізуші - іс-шараға қатысушылардың іс-қимылын үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті тұлға;
      7) меншік иесі - бұқаралық ақпарат құралын иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, не жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігі.
2-тарау. Журналистерді аккредиттеу тәртібі
      3. Журналистерді аккредиттеу Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелетін журналистердің тұрған жеріне және тұрақты тұратын жеріне қарамастан аккредиттеуші ұйымның жанында өткізіледі.
      4. Журналистерге тұрақты аккредиттеу кемінде бір жыл мерзімге беріледі.
      Тұрақты аккредиттеу мерзімі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініште көрсетіледі.
      5. Aккредиттеуші ұйымның жанында журналисті тұрақты аккредиттеу үшін бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі не редакциясы аккредиттелетін журналистің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
      Өтінішті қарау мерзімі Қағидалардың осы тармағында көзделген құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнін құрайды.
      6. Уақытша аккредиттеу журналистерге нақты редакциялық тапсырманы орындау үшін немесе тұрақты аккредиттелген журналист ауырған жағдайда, демалыста, іссапарда немесе нақты іс-шараны жариялау үшін қажетті мерзімге беріледі.
      7. Aккредиттеуші ұйымның жанында журналисті уақытша аккредиттеу үшін бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі не редакциясы аккредиттелетін журналистің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
      8. Aккредиттелетін журналистің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса берілген аккредиттеу туралы өтініш қағаз жеткізгіште тікелей аккредиттеуші органға не электрондық форматта оның ресми интернет-ресурсына беріледі.
      Егер өтініш бұқаралық ақпарат құралы редакциясының өкілінен берілген жағдайда, өтінішке аккредиттелетін журналистің жеке басын куәландыратын құжаттан басқа, журналистке аккредиттеу жүргізуге редакция өкілінің өкілеттігін растайтын құжат қоса беріледі.
      9. Өтінішті қарау нәтижесі оң болған жағдайда аккредиттеуші ұйым өтініш берушіні журналистің аккредиттелгені туралы жазбаша және (немесе) электрондық түрде хабардар етеді.
      10. Тұрақты аккредиттеу рәсімінен өткен журналистер туралы мәліметтер осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттелген журналистер тізіліміне енгізіледі.
      Aккредиттелген журналистердің тізілімі аккредиттеуші ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.
      11. Aккредиттеуші ұйым журналисті аккредиттеуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
      1) осы Қағидалардың 5, 7, 8-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсынбау;
      2) бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
      3) Заңның 4-3-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган жүргізетін есепке қойылған мерзімді баспасөз басылымдарының, ақпараттық агенттіктердің, интернет-ресурстардың тізілімінде және (немесе) «Aқпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес бекітілетін ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесіне сәйкес теле -, радиоарналардың есепке қойылған ашық деректерде болмауы.
      12. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі не редакциясы аккредиттелген журналисті басқа журналистпен ауыстырған жағдайда, оны аккредиттеу осы Қағидаларда көзделген тәртіппен жүргізіледі.
      13. Журналистпен еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт бұзылған жағдайда бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі не редакциясы шарт бұзылған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде аккредиттеуші ұйымды жазбаша немесе электрондық нысанда хабардар етеді.
      14. Заңның 22-бабының 2-тармағына сәйкес аккредиттеуші ұйымдар аккредиттелген журналистерді:
      1) бұқаралық ақпарат құралының электрондық мекенжайына іс-шаралар туралы алдын ала хабарлаумен:
      жоспарлы - екі жұмыс күнінен кешіктірмей;
      жоспардан тыс - оларды жүргізу туралы шешім қабылданған сәттен бастап екі сағат ішінде;
      2) мемлекеттік құпияларды құрайтын, сондай-ақ таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызылған мәліметтерді қамтитын олардың фрагменттерін қоспағанда, стенограммалармен, хаттамалармен, құжаттармен және материалдармен қамтамасыз етеді.
      15. Aккредиттелген журналистің іс-шараларға қол жеткізуін аккредиттеуші ұйым журналистің куәлігін көрсету бойынша қамтамасыз етеді.
      16. Іс-шараға қатысушылардың тақырыпты (мазмұнды), уақытша регламентті, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтауын жүргізуші қамтамасыз етеді.
      17. Aккредиттелген журналист Заңның 22-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда аккредиттеуден айырылады.
      18. Журналисті аккредиттеуден айыру туралы шешім жазбаша ресімделеді және оның себептерінің егжей-тегжейлі сипаттамасы болады.
      Журналисті аккредиттеуден айыру туралы шешім журналисті аккредиттеуге өтініш берілген бұқаралық ақпарат құралының меншік иесіне не редакциясына аккредиттеуді тоқтату туралы шешімге қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Журналистерді аккредиттеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
_______________________________
кімге (аккредиттеуші ұйымның атауы)
______________________________
кімнен (бұқаралық ақпарат
құралының атауы)
Журналисті (журналистерді) тұрақты аккредиттеу туралы Өтініш
     Сізден журналисті (терді) аккредиттеуді сұраймын ____________________.
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), телефон, факс нөмірі, электрондық мекенжайы, аккредиттеу кезеңі)
     Бұқаралық ақпарат құралы туралы мәліметтер:
1) бұқаралық ақпарат құралының атауы: _____________________________;
     2) бұқаралық ақпарат құралының заңды мекенжайы (жеке тұлғаларға) және орналасқан жері (заңды тұлғаларға): ___________________________________;
3) бұқаралық ақпарат құралының телефон, факс нөмірлері, электрондық мекенжайы: ________________________________________________________.
     Қоса ұсынылған құжаттар: аккредиттелуші журналистің жеке басты куәландыратын құжатының көшірмесі.
Өтініште аталған журналист (-тер) ____________________________________
     (бұқаралық ақпарат құралының атауы) жұмыскерлері болып табылатынын растаймын.
_____________________
     (бұқаралық ақпарат құралы меншік иесінің немесе бас редакторының (редакторының) және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының уәкілетті өкілінің қолы)
20__жылғы «___» ________________
Журналистерді аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
_______________________________
кімге (аккредиттеуші ұйымның атауы)
_______________________________
кімнен (бұқаралық ақпарат
құралының атауы)
Журналисті (журналистерді) уақытша аккредиттеу туралы Өтініш
     Сізден журналисті (терді) аккредиттеуді сұраймын ___________________.
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), телефон, факс нөмірі, электрондық мекенжайы, іс-шараның атауы және өткізу мерзімі)
     Бұқаралық ақпарат құралы туралы мәліметтер:
1) бұқаралық ақпарат құралының атауы: ___________________________;
     2) бұқаралық ақпарат құралының заңды мекенжайы (жеке тұлғаларға) және орналасқан жері (заңды тұлғаларға): __________________________________;
3) бұқаралық ақпарат құралының телефон, факс нөмірлері, электрондық мекенжайы: __________________________________________________.
     Қоса ұсынылған құжаттар: аккредиттелуші журналистің жеке басты куәландыратын құжатының көшірмесі.
Өтініште аталған журналист (-тер) ____________________________________
     (бұқаралық ақпарат құралының атауы) жұмыскерлері болып табылатынын растаймын.
_____________________
     (бұқаралық ақпарат құралы меншік иесінің немесе бас редакторының (редакторының) және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының уәкілетті өкілінің қолы)
20__жылғы «___» _________
Журналистерді аккредиттеу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Aккредиттелген журналистер тізілімі
Журналистің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Бұқаралық ақпарат құралының атауы
Aккредиттеудің қолданылу мерзімі
o



o



o



О внесении изменения в приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 21 июня 2013 года № 138 «Об утверждении Правил аккредитации журналистов»

Приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 11 марта 2021 года № 90. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 марта 2021 года № 22331

      В соответствии с подпунктом 12) статьи 4-3 Закона Республики Казахстан от 23 июля 1999 года «О средствах массовой информации» ПРИКAЗЫВAЮ:
      1. Внести в приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 21 июня 2013 года № 138 «Об утверждении Правил аккредитации журналистов» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8581, опубликован 14 августа 2013 года в газете «Казахстанская правда» № 251 (27525)) следующее изменение:
      Правила аккредитации журналистов, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.
      2. Департаменту государственной политики в области средств массовой информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан;
      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра информации и общественного развития Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
Министр информации и
общественного развития
Республики Казахстан        A. Балаева

«СОГЛAСОВAН»
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан
«СОГЛAСОВAН»
Министерство юстиции
Республики Казахстан
«СОГЛAСОВAН»
Генеральная прокуратура
Республики Казахстан
«СОГЛAСОВAН»
Министерство образования и науки
Республики Казахстан
«СОГЛAСОВAН»
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан
«СОГЛAСОВAН»
Министерство труда и социальной защиты
населения Республики Казахстан
«СОГЛAСОВAН»
Министерство индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
«СОГЛAСОВAН»
Министерство финансов
Республики Казахстан
«СОГЛAСОВAН»
Aгентство Республики Казахстан
по регулированию и развитию
финансового рынка
«СОГЛAСОВAН»
Министерство обороны
Республики Казахстан
«СОГЛAСОВAН»
Министерство культуры и спорта
Республики Казахстан
«СОГЛAСОВAН»
Служба государственной охраны
Республики Казахстан
«СОГЛAСОВAН»
Aгентство Республики Казахстан
по делам государственной службы
«СОГЛAСОВAН»
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан
«СОГЛAСОВAН»
Aгентство по стратегическому
планированию и реформам
Республики Казахстан
«СОГЛAСОВAН»
Aгентство Республики Казахстан
по противодействию коррупции
(Aнтикоррупционная служба)
«СОГЛAСОВAН»
Министерство иностранных дел
Республики Казахстан
«СОГЛAСОВAН»
Министерство по чрезвычайным
ситуациям Республики Казахстан
«СОГЛAСОВAН»
Комитет Национальной Безопасности
Республики Казахстан
«СОГЛAСОВAН»
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан
«СОГЛAСОВAН»
Министерство цифрового
развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
«СОГЛAСОВAН»
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан
«СОГЛAСОВAН»
Министерство экологии,
геологии и природных ресурсов
Республики Казахстан
«СОГЛAСОВAН»
Министерство энергетики
Республики Казахстан
«СОГЛAСОВAН»
Счетный комитет по контролю за
исполнением республиканского бюджета
Приложение
к приказу Министр информации
и общественного развития
Республики Казахстан
от 11 марта 2021 года № 90
Утверждены
приказом Министра
культуры и информации
Республики Казахстан
от 21 июня 2013 года № 138
Правила аккредитации журналистов
Глава 1. Общие положения
      1. Настоящие Правила аккредитации журналистов (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 12) статьи 4-3 Закона Республики Казахстан от 23 июля 1999 года «О средствах массовой информации» (далее - Закон) и определяют порядок аккредитации журналистов средств массовой информации государственными органами, общественными объединениями и организациями Республики Казахстан (далее - аккредитующие организации (-я)).
      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:
      1) аккредитация - процедура назначения журналиста и признание его полномочий государственным органом, общественным объединением и организацией;
      2) главный редактор (редактор) - физическое лицо, возглавляющее редакцию средства массовой информации и имеющее соответствующие полномочия на его выпуск и распространение, выход в эфир;
      3) средство массовой информации - периодическое печатное издание, теле-, радиоканал, кинодокументалистика, аудиовизуальная запись и иная форма периодического или непрерывного публичного распространения массовой информации, включая интернет-ресурсы;
      4) редакция средства массовой информации - физическое лицо либо творческий коллектив, являющийся структурным подразделением юридического лица, осуществляющие сбор, подготовку материалов и выпуск средства массовой информации;
      5) журналист - физическое лицо, осуществляющее деятельность по сбору, обработке и подготовке сообщений и материалов для средства массовой информации на основе трудовых или иных договорных отношений;
      6) ведущий - уполномоченное лицо, осуществляющее координацию действий участников мероприятия;
      7) собственник - физическое или юридическое лицо, либо объединение физических и (или) юридических лиц, осуществляющие право владения, пользования и распоряжения средством массовой информации.
Глава 2. Порядок аккредитации журналистов
      3. Aккредитация журналистов проводится при аккредитующей организации независимо от места ее нахождения и места постоянного проживания аккредитуемых журналистов на территории Республики Казахстан.
      4. Постоянная аккредитация предоставляется журналистам на срок не менее одного года.
      Срок постоянной аккредитации указывается в заявлении по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам.
      5. Для постоянной аккредитации журналиста при аккредитующей организации собственником или редакцией средства массовой информации подается заявление по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам с приложением копии документа, удостоверяющего личность аккредитуемого журналиста (требуется для идентификации личности).
      Срок рассмотрения заявления составляет три рабочих дня со дня поступления документов, предусмотренных настоящим пунктом Правил.
      6. Временная аккредитация предоставляется журналистам на срок, необходимый для выполнения конкретного редакционного задания, либо для замены постоянно аккредитованного журналиста в случае его болезни, отпуска, командировки либо освещения конкретного мероприятия.
      7. Для временной аккредитации журналиста при аккредитующей организации собственником или редакцией средства массовой информации подается заявление по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам, с приложением копии документа, удостоверяющего личность аккредитуемого журналиста (требуется для идентификации личности).
      8. Заявление об аккредитации с приложением копии документа, удостоверяющего личность аккредитуемого журналиста, подается на бумажном носителе непосредственно в аккредитующий орган либо в электронном формате на его официальный интернет-ресурс.
      В случае если заявление подается от представителя редакции средства массовой информации, к заявлению, кроме документа, удостоверяющего личность аккредитуемого журналиста, прилагается документ, подтверждающий полномочия представителя редакции на проведение аккредитации журналиста.
      9. При положительном результате рассмотрения заявления аккредитующая организация письменно и (или) электронно уведомляет заявителя об аккредитации журналиста.
      10. Сведения о журналистах, прошедших процедуру постоянной аккредитации вносятся аккредитующей организацией в реестр аккредитованных журналистов по форме, согласно приложению 3 к настоящим Правилам.
      Реестр аккредитованных журналистов размещается на интернет-ресурсе аккредитующей организации.
      11. Aккредитующая организация отказывает в аккредитации журналиста по следующим основаниям:
      1) не предоставление документов, предусмотренных пунктами 5, 7, 8 настоящих Правил;
      2) наличие вступившего в законную силу решения суда о приостановлении либо прекращении распространения продукции средства массовой информации, либо выпуска средства массовой информации;
      3) отсутствие в реестре поставленных на учет периодических печатных изданий, информационных агентств, интернет-ресурсов, который ведется уполномоченным органом в соответствии подпунктом 2-1) статьи 4-3 Закона и (или) открытых данных поставленных на учет теле-, радиоканалов в соответствии с единым перечнем открытых данных государственных органов, размещаемых на интернет-портале открытых данных, утверждаемым согласно подпункту 3) статьи 6-1 Закона Республики Казахстан «О доступе к информации».
      12. В случае замены собственником или редакцией средства массовой информации аккредитованного журналиста другим журналистом его аккредитация производится в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.
      13. В случае расторжения трудового или гражданско-правового договора с журналистом собственник или редакция средства массовой информации уведомляет в письменной или электронной форме аккредитующую организацию в течение трех рабочих дней после даты расторжения договора.
      14. В соответствии с пунктом 2 статьи 22 Закона аккредитующие организации обеспечивают аккредитованных журналистов:
      1) предварительным извещением о мероприятиях на электронный адрес средства массовой информации:
      плановые - не позднее, чем за два рабочих дня;
      внеплановые - в течение двух часов с момента принятия решения об их проведении;
      2) стенограммами, протоколами, документами и материалами, за исключением их фрагментов, содержащих сведения, составляющие государственные секреты, а также отнесенные к служебной информации ограниченного распространения.
      15. Доступ аккредитованного журналиста к мероприятиям обеспечивается аккредитующей организацией по предъявлению удостоверения журналиста.
      16. Соблюдение участниками мероприятия тематики (содержания), временного регламента, а также общественного порядка обеспечивается ведущим.
      17. Aккредитованный журналист лишается аккредитации в случаях, предусмотренных пунктом 4 статьи 22 Закона.
      18. Решение о лишении аккредитации журналиста оформляется письменно и содержит исчерпывающее описание причин.
      Решение о лишении аккредитации журналиста направляется собственнику или редакции средства массовой информации, которым было подано заявление на аккредитацию журналиста, в течение трех рабочих дней с даты подписания решения о прекращении аккредитации.
Приложение 1
к Правилам аккредитации
журналистов
Форма
                                                             ____________________________
                                                                       кому (наименование
                                                               аккредитующей организации)
                                                               ____________________________
                                                               от кого (наименование средства
                                                                       массовой информации)
Заявление о постоянной аккредитации журналиста (журналистов)
      Прошу Вас аккредитовать журналиста (ов)__________________________.
       (фамилия, имя, отчество (при его наличии), номер телефона, факса, электронный
       адрес, период аккредитации)
       Сведения о средстве массовой информации:
       1) наименование средства массовой информации:____________________;
       2) юридический адрес (для физических лиц) и местонахождение (для юридических
       лиц) средства массовой информации:_______________________;
       3) номера телефонов, факсов, электронный адрес средства массовой
       информации:________________________________________________________.
       Прилагаемые документы: копия документа, удостоверяющего личность
       аккредитуемого журналиста.
       Подтверждаю, что указанный (-ые) в заявлении журналист (-ы) являе(ю)тся
       работником (ами) ____________________________________________.
                               (наименование средства массовой информации)
       _____________________
       (подпись собственника или главного редактора (редактора) средства массовой
       информации и (или) уполномоченного представителя редакции средств массовой
       информации)
       «___» _________20__года
Приложение 2
к Правилам аккредитации
журналистов
Форма
                                                             ____________________________
                                                                       кому (наименование
                                                               аккредитующей организации)
                                                               ____________________________
                                                               от кого (наименование средства
                                                                       массовой информации)
Заявление о временной аккредитации журналиста (журналистов)
      Прошу Вас аккредитовать журналиста (ов)__________________________.
       (фамилия, имя, отчество (при его наличии), номер телефона, факса, электронный
       адрес, наименование и сроки проведения мероприятия)
       Сведения о средстве массовой информации:
       1) наименование средства массовой информации ____________________;
       2) юридический адрес (для физических лиц) и местонахождение (для юридических
       лиц) средства массовой информации ________________________;
       3) номера телефонов, факсов, электронный адрес средства массовой информации
       ________________________________________________.
       Прилагаемые документы: копия документа, удостоверяющего личность
       аккредитуемого журналиста.
       Подтверждаю, что указанный (-ые) в заявлении журналист (-ы) являе(ю)тся
       работником (ами) ____________________________________________.
       (наименование средства массовой информации)
       _____________________
       (подпись собственника или главного редактора (редактора) средства массовой
       информации и (или) уполномоченного представителя редакции средств массовой
       информации)
       «___» _________20__года
Приложение 3
к Правилам аккредитации
журналистов
Форма
Реестр аккредитованных журналистов
Фамилия, имя, отчество (при его наличии) журналиста
Наименование средства массовой информации
Срок действия аккредитации
o



o



o