"Әскери қызметшiлердiң Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында әкiмшiлiк қамауды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 368 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 175 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 сәуірде № 22465 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 319 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 12.04.2023 № 319 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген Әскери қызметшiлердiң Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында әкiмшiлiк қамауды өтеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15591 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшiлердiң Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында әкiмшiлiк қамауды өтеу қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қамауға алынғанды гауптвахтаға қабылдаған кезде осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың бар болуы және олардың дұрыс ресімделуі тексеріледі, сондай-ақ бір жынысты адам жеке басын толық қарап-тексеруді жүргізеді, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Тыйым салынған бұйымдар мен заттардың тізбесі (бұдан әрі – тыйым салынған заттар) бойынша тыйым салынған бұйымдар мен заттар алынады және жеке іс жүргізіледі.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Барлық қамауға алу мерзімін өтемеген қамауға алынғанды емдеу мекемесіне шұғыл жатқызу қажеттілігі туралы медициналық қызметкердің (фельдшердің) қарап-тексеру нәтижелері мен қорытындысы бойынша әскери полиция органының бастығы әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарған судьяға және әскери бөлімнің қолбасшылығына хабарлама жолдайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады