"Резиденттікті растайтын құжаттың және Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістері және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтаманың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 38 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 297 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 сәуірде № 22485 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Резиденттікті растайтын құжаттың және Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістері және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтаманың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 38 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16322 болып тіркелді, 2018 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістер мен ұсталған (төленген) салықтар туралы есеп нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 2 сәуірдегі
№ 297 Бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы "19" ақпандағы
№ 38 бұйрығына
2-қосымша
  нысан

(Бланк)

      _____ жылға, _____ тоқсанға, _____айына Қазақстан Республикасындағы көздерден

      алынған кірістері және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомасы туралы

      анықтамасы

      Certificate on amounts of income received from sources in the Republic of Kazakhstan and

      amounts of withheld (paid) taxes for _____, year,_____ quarter,_____ month

      Бейрезидент-заңды тұлғаның, не бейрезидент-жеке тұлғаның толық атауы/ Full name of

      the non-resident legal entity or non-resident natural person:

      __________________________________________________________________________

      Салық төлеушінің санаты/Category of the taxpayer:

      Тұрақты мекемесіз қызмет атқаратын бейрезидент-заңды тұлға/non-resident legal entity

      without permanent establishment

      Тұрақты мекеме арқылы қызмет атқаратын бейрезидент-заңды тұлға/ non-resident legal

      entity with permanent establishment

      Бейрезидент-жеке тұлға/non-resident natural person ______________________________

      Резидеттік елі/Country of residence: ___________________________________________

      Резиденттік еліндегі тіркеу нөмірі/Tax registration number in the country of residence:

      __________________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің

      аумақтық органының толық атауы) пайдаға (табысқа) төленген салықты растайды/өзге

      салық салу объектісінің қорытынды сомасы:__________________

      (Full name of the territorial authority of State Revenue Committee of the Ministry of Finance

      of the Republic of Kazakhstan)certifies that the tax on profits (income)/other subject of

      taxation has been paid in the total amount of:_______________________

      Валюта коды/Currency code

Табыс түрі Type of income

Табыс сомасы Amount of income

Салық атауы/Name of tax

Салық мөлшерлемесі Tax rate

Ұстап қалған салық сомасы Amount of tax withheld

Төленген салық сомасы Amount of tax paid










Қорытынды сомасы Total amount



      Мемлекеттік кірістер органының

      басшысы (басшының орынбасары) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/

      Head (deputy head) of state revenue authority (Name, Surname, Middle name if it is available

      _________________________________________________________________/

      Мөр/Seal

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады