Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 29 сәуірде № 22654 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса берілген тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2021 жылғы 28 сәуірдегі
№ 246 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 22.10.2022 № 830 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнайы оқу орындарының, азаматтық қызметшілер лауазымдарын қоспағанда, педагогтар, ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына орналасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 16 қаңтардағы № 33 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13133 болып тіркелген):

      осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнайы оқу орындарының, азаматтық қызметшілер лауазымдарын қоспағанда, педагогтар, ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына орналасу қағидаларында:

      8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) құжаттарды қабылдау және оларды "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 3-тармағына сәйкес бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестілігіне алдын-ала қарау;".

      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнайы оқу орындарында, азаматтық қызметшілердің лауазымдарын қоспағанда, педагогтар лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 16 қаңтардағы № 34 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13144 болып тіркелген):

      осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында, азаматтық қызметшілердің лауазымдарын қоспағанда, педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Біліктілікке қойылатын талаптар (кәсіби даярлық денгейі және жұмыс өтіліне қойылатын талаптар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 3-тармағына сәйкес белгіленеді.".

      4. "Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13199 болып тіркелген):

      осы бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында:

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидалары және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21580 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 717 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларына және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімдемесінде 2020 жылғы 21 қазандағы № 21469 болып тіркелген) (бұдан әрі – ӘДС қағидалары) сәйкес алдын ала медициналық тексеру;";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Оқуға қабылдау (жолдау) туралы бұйрықтан үзінді көшірме он жұмыс күні ішінде қорғаныс істері жөніндегі департаменттерге, полиция департаменттеріне және әскери бөлімдерге жолданады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Әскери оқу орындары қабылдау жүргізген соң он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының Кадр және әскери білім басқармасына және ІІМ кадр қызметіне қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша ақпаратты, сондай-ақ курсанттарды қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. ІІМ арнаулы оқу орындарына күндізгі оқу нысаны бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған, жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, денсаулығы мен дене шынықтыру, білім деңгейі бойынша оларға жүктелген лауазымдық міндеттерді орындауға қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

      ІІМ арнаулы оқу орындарына қысқартылған оқу мерзімімен білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқуға "Құқық", "Құқықтану" мамандықтары бойынша жоғары білімі бар адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының жоғары білімі бар азаматтары қабылданады.

      ІІМ арнаулы оқу орындарына қысқартылған оқу мерзімімен білім беру бағдарламалары бойынша қашықтан оқытуға "Құқық", "Құқықтану" мамандықтар бойынша жоғары білімі бар адамдарды қоспағанда, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар ішкі істер органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері қабылданады.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. ІІМ арнаулы оқу орындарына оқуға түсуге ниет білдірген азаматтар арнаулы оқу орындарының не болмаса тұрғылықты жері бойынша аумақтық ІІО-ның кадр қызметтеріне еркін нысанда өтініш береді.

      ІІМ арнаулы оқу орындарының ресми интернет-ресурсы арқылы электронды форматта өтініш беруге жол беріледі.

      Өтінішке (қағаз немесе электронды форматта):

      1) жеке куәлігінің көшірмесі;

      2) фотосуреттер (бас киімсіз, өлшемі 3,5х4,5 см алты фотосурет, өлшемі 10х12 см бір фотосурет);

      3) өз қолымен толтырылған өмірбаян;

      4) білімі туралы аттестатының немесе дипломының көшірмесі;

      5) "Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама қоса беріледі.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Қысқартылған оқу мерзімімен білім беру бағдарламалары бойынша қашықтан оқытуға кандидаттың жұмыс орны бойынша кадр қызметі оқу істерін қалыптастырады және оқуға қабылдайтын жылдың 1 шілдесіне дейін ІІМ-нің арнаулы оқу орнына жібереді.

      Оқу істерінде:

      1) қызметкердің баянаты (еркін нысанда);

      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 1000 бұйрығымен бекітілген Ішкі істер органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12555 болып тіркелді);

      3) оқуға жіберу туралы ұсынымы бар қызметтік мінездеме (ерікті нысанда);

      4) жеке куәлігінің көшірмесі;

      5) білім туралы құжаттың көшірмесі;

      6) ҰБТ сертификаты (техникалық, кәсіби, орта білімнен кейінгі білімі бар кандидаттарға);

      7) өлшемі 3х4 см алты фотосурет болуы қажет.";

      46-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қабылдау комиссиясының құрамы арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі және арнаулы оқу орындарының, ПД, ҚАЖД қызметкерлері қатарынан қалыптастырылады. Мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бақылаушы ретінде қатыса алады. ІІМ құрылымдық бөліністерінің өкілдері ІІМ басшылығының тапсырмасы бойынша бақылаушы ретінде қатыса алады.";

      49-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қысқартылған оқу мерзімімен білім беру бағдарламалары бойынша қашықтан оқытуға кандидаттар әңгімелесуден өтеді.";

      50-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Штаттық емес уақытша жұмыс істейтін әскери-дәрігерлік комиссия Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ереженің 3-тарауына сәйкес кандидаттарды түпкілікті медициналық куәландыру үшін ІІМ арнаулы оқу орны медициналық бөлімі бастығының төрағалық етуімен құрылады.";

      68-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қысқартылған оқу мерзімімен білім беру бағдарламалары бойынша қашықтан оқытуға арнаулы оқу орындарға қабылдау әңгімелесу нәтижелері бойынша конкурс арқылы жүргізіледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 1-1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      5. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 870 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14305 болып тіркелген):

      осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларында

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Кандидаттың құжаттарына кадр қызметі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21580 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес нысан бойынша әскери-дәрігерлік комиссия берген медициналық куәландыру туралы анықтаманы қосады.".

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Жоғары білім берудің білім беру
бағдарламаларын іске асырып
жатқан Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
әскери, арнаулы оқу
орындарына оқуға қабылдау
қағидаларына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

      1. Өтініш (Ұлттық ұлан мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының атына);

      2. Жеке куәліктің, туу туралы куәліктің, әскери билет немесе әскерге шақыру учаскесіне тіркеу куәлігінің, оқуға түсетін кандидаттың білім туралы құжатының көшірмелері.

      3. Үлгерімдік табельдің көшірмесі немесе сынақ кітапшасының көшірмесін (білім беру ұйымдарындағы білім алушылар үшін);

      4. Сауалнамалық мәліметтер - 2 дана;

      5. Өмірбаян (басып шығарылған және өз қолымен жазылған) - 2 дана;

      6. Оқу (қызмет, жұмыс) орнынан мінездеме;

      7. Салық органының жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны қабылдағаны туралы анықтамасы;

      8. Сотталғандығы және сотталмағандығы туралы анықтама;

      9. Жеке куәлігінің және жақын туыстарының туу туралы куәліктерінің көшірмелері (ата-аналар, асырап алушылар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-қарындастар);

      10. 3х4 см өлшемдегі фотосурет - 6 дана;

      11. Әскери қызметті атқаруы туралы келісімшартты жасауға заңды өкілдерінің нотариалды куәландырылған келісімі (кәмелетке толмаған кандидаттар үшін).

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Жоғары білім берудің білім беру
бағдарламаларын іске асырып
жатқан Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
әскери, арнаулы оқу
орындарына оқуға қабылдау
қағидаларына
1-1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарының білім беру бағдарламаларының тізбесі

Даярлау бағыттары (білім беру бағдарламаларының топтары)

Білім беру бағдарламалары

Күндізгі оқу

Бейіндік пәндер комбинациясы

1 бейіндік пән

2 бейіндік пән

1-бөлім. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери оқу орындары

1.

6B123 Қоғамдық қауіпсіздік

6В12192 Ұлттық ұланның командалық тактикалық

"Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелді) 5-қосымшаға сәйкес кез-келген нұсқадағы екі бейіндік пән (шығармашылық емтиханнан басқа)

6В12193 Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар командалық тактикалық

6В12194 Әскерді инженерлік-техникалық қамтамасыз етудің командалық тактикалық

6В12195 Әскерді зымыран- артиллериялық қамтамасыз етудің командалық тактикалық

6В12196 Ұлттық ұланның автомобильдік қамтамасыз етудің командалық тактикалық

6В12197 Ұлттық ұланды тылдық қамтамасыз етудің командалық тактикалық

6В12198 Байланыс әскерінің командикалық тактикалық

2-бөлім. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнаулы оқу орындары

2.

6B123 Қоғамдық қауіпсіздік

6В12301 Құқық қорғау қызметі

"Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелді) 5-қосымшаға сәйкес кез-келген нұсқадағы екі бейіндік пән (шығармашылық емтиханнан басқа)

3.

6В061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

6В06101 Ақпараттық жүйелер

Математика

Физика

4.

6В062 Телекоммуникациялар

6В06201 Радиотехника, электроника и телекоммуникациялар

Математика

Физика

5.

6В011 Педагогика және психология

6В01101 Ішкі істер органдарындағы педагогика және психология

Биология

География

6.

6В102 Әлеуметтік қамтамасыз ету

6В10201 Ішкі істер органдарындағы әлеуметтік қамтамасыз ету

Биология

География


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады