Өнімді алып қою туралы қаулының нысанын және өнімді айналысқа шығаруға тыйым салу туралы қаулының нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 333-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 мамырда № 22766 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі..

      "Техникалық реттеу туралы" 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 4 және 11-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес өнімді алып қою туралы қаулының нысаны;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес өнімді айналысқа шығаруға тыйым салу туралы қаулының нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің 2021 жылғы
13 мамырдағы № 333-НҚ
бұйрығына 1 қосымша

      ___________

      (Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес

      Мемлекеттік Елтаңбаның бейнеленуі)

      _______________________________________________________

      (техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган атауы)

      _______________________________________________________

      (техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган ведомствосының атауы)

      _______________________________________________________

      (техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган ведомствосының

      аумақтық бөлімшесінің атауы)

Өнімді алып қою туралы ҚАУЛЫ

      ___________________________________

      QR –код

      _________________________________________________

      бірегей идентификациялық нөмір

      (QR – код және бірегей идентификациялық нөмір қаулыны техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде қалыптастыру барысында көрсетіледі)

________________
(жасалған орны)

№ ____

20___ ж "___" _____________________



Уақыты:_________________

      __________________ облысы/қаласыбойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі

      Бас аумақтық мемлекеттік инспекторы _______________________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ________________________________________________________________________________

      бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты ұсынылған материалдарды қарап,

      ________________________________________________________________________________

      заңды тұлға үшін бақылау және қадағалау субъектісі туралы мәліметтер (заңды тұлғаның атауы және бизнес сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (анықтаманың) № және берілген күні, ұйымның заңды мекенжайы және орналасқан жерінің мекенжайы, банктік деректемелерін заңды тұлғаның ұйымдастыру-құқықтық нысаны)

      ________________________________________________________________________________

      (басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған жылы, айы, күні, тұрғылықты жері, тұлғаны куәландыратын куәлігінің аты және реквизиттері, мекенжайы бойынша тіркелу туралы ақпарат)

      ________________________________________________________________________________

      жеке тұлға үшін бақылау және қадағалау субъектісі туралы мәліметтер (жеке кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (анықтаманың) № және берілген күні, жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) , туған жылы, айы, күні, тұлғаны куәландыратын куәлігінің аты және реквизиттері, мекенжайы бойынша тіркелу туралы ақпарат және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орналасқан жерінің мекенжайы, банктік деректемелері)

      ________________________________________________________________________________

      (істі қарау бойынша іс жүргізу тілі)

      Тексеру кезінде

      _______________________________________________________________________________

      (тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, тексеруді тағайындау туралы актінің № және күні)

      өнім ___________________________________________________________________________

      (өнімнің атауы, саны (бірлік (данада), салмағы (килограммда), көлемі (литрде) және басқада), бағасы, партия №, шығарылған күні)

      ________________________________________________________________________________

      (техникалық регламенттің бұзылған баптарын, тармағын көрсету)

      ________________________________________ талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталды.

      2020 жылғы 30 желтоқсандағы "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының _____ бабына сәйкес

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнім

      ____________________________________________________________________________

      (өнімнің атауы, саны (бірлік (данада), салмағы (килограммда), көлемі (литрде) және басқада), бағасы, партия №, шығарылған күні)

      алып қойылсын.

      2. Осы қаулы бақылау және қадағалау субъектісіне тапсырған сәттен бастап күшіне енеді және орындалуға жатады.

      3. Осы қаулы бақылау және қадағалау субъектісі үшін орындауға міндетті.

      4. Алынған өнім осы қаулы күшіне енген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сақтауға орналастырылады.

      5. Осы қаулыны орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінде белгіленген жауапкершілік көзделген.

      6. Қаулыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасалуы мүмкін.

      _____________________ облысы/қаласы

      бойынша мемлекеттік бақылау және

      қадағалау жөніндегі Бас аумақтық

      мемлекеттік инспекторы ___________ _______________________________

      қолы            жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болса)

      Мемлекеттік инспектордың мәліметтері, қол қойылған күні мен уақыты, қолы (электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде оны пайдалануға жол беріледі):______.

      Таныстым және бір данасын алдым:

      Бақылау және қадағалау субъектісінің басшысы немесе оның уәкілі

      ______________ ________________________

      қолы            жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болса)

      20___ ж. "____" _____________________

      Бақылау және қадағалау субъектісі басшысының немесе оның уәкілінің мәліметтері, бақылау және қадағалау субъектісі басшысының немесе оның уәкілінің қол қойған күні, уақыты, қолы (электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде оны пайдалануға жол беріледі): ___.

      Ескертпе: ақпараттық жүйеде қалыптастыру кезінде осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

      Электронды құжат техникалық реттеудің ақпараттық жүйесімен қалыптастырылды.

  Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің 2021 жылғы
13 мамырдағы № 333-НҚ
бұйрығына 2 қосымша

      ___________

      (стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес

      Мемлекеттік Елтаңбаның бейнеленуі)

      _______________________________________________________

      (техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган атауы)

      _______________________________________________________

      (техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган ведомствосының атауы)

      _______________________________________________________

      (техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің атауы)

Өнімді айналымға шығаруға тыйым салу туралы ҚАУЛЫ

      ___________________________________

      QR –код

      _________________________________________________

      бірегей идентификациялық нөмір

      (QR – код және бірегей идентификациялық нөмір қаулыны техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде қалыптастыру барысында көрсетіледі)

_______________
(Жасалу орны)

№ ____

"___" _________ 20__ жыл



Уақыт: ________

      ________________ облысы / қаласы бойынша мемлекеттік бақылау жөніндегі аумақтық

      Бас мемлекеттік инспекторы ___________________________________________________________________,

      жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты ұсынылған материалдарды қарап

      ________________________________________________________________________________

      заңды тұлға үшін бақылау және қадағалау субъектісі туралы мәліметтер (заңды тұлғаның атауы және бизнес сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (анықтаманың) № және берілген күні, ұйымның заңды мекенжайы және орналасқан жерінің мекенжайы, банктік деректемелері, заңды тұлғаның ұйымдастыру-құқықтық нысаны)

      ________________________________________________________________________________

      (басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған жылы, айы, күні, тұрғылықты жері, тұлғаны куәландыратын куәлігінің аты және реквизиттері, мекенжайы бойынша тіркелу туралы ақпарат)

      ________________________________________________________________________________

      жеке тұлға үшін бақылау және қадағалау субъектісі туралы мәліметтер (жеке кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (анықтаманың) № және берілген күні, жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған жылы, айы, күні, тұлғаны куәландыратын куәлігінің аты және реквизиттері, мекенжайы бойынша тіркелу туралы ақпарат және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орналасқан жерінің мекенжайы, банктік деректемелері)

      ________________________________________________________________________________

      (істі қарау бойынша іс жүргізу тілі)

      Өнімге _________________________________________________________________________

      (өнімнің атауы, саны (бірлік (данада), салмағы (килограммда), көлемі (литрде) және басқада), бағасы, партия №, шығарылған күні)

      тексеру кезінде __________________________________________________________________

      (тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, тексеруді тағайындау туралы актінің № және күні)

      көрсетілген өнім __________________________________________________ _______________

      (бұзушылықты көрсету: техникалық регламент талаптарына сәйкес емес, таңбалау бөлімінде, белгіленген тәртіпте сәйкестігі бағалаудан өтпеген, сәйкестікті бағалау құжаттарынсыз немесе техникалық реттеудің бірыңғай тізілімінде немесе Евразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау құжаттарын беру және қабылдау бірыңғай тізілімі құжаттарында мәліметтердің болмауы ) талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды.

      2020 жылғы 30 желтоқсандағы "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының ________ бабына сәйкес,

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. ________________________________________________________________________

      (бұзушылықты көрсету: техникалық регламент талаптарына сәйкес емес, таңбалау бөлімінде, белгіленген тәртіпте сәйкестігі бағалаудан өтпеген, сәйкестікті бағалау құжаттарынсыз немесе техникалық реттеудің бірыңғай тізілімінде немесе Евразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау құжаттарын беру және қабылдау бірыңғай тізілімі құжаттарында мәліметтердің болмауы)

      бұзушылықтар жойылғанша ____________________________________________ өнімді

      (өнімнің атауы, саны (бірлік (данада), салмағы (килограммда), көлемі (литрде) және басқада), бағасы, партия №, шығарылған күні) айналымға шығаруға тыйым салынсын.

      2. Орындалу нәтижесі мен атқарылған шаралар жөнінде техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган ведомствосының _______________ облысы/қаласы бойынша аумақтық бөлімшесіне хабарлансын.

      3. Осы қаулы бақылау және қадағалау субъектісіне тапсырған сәттен бастап күшіне енеді және орындалуға жатады.

      4. Осы қаулы бақылау және қадағалау субъектісі үшін орындауға міндетті.

      5. Осы қаулыда көрсетілген өнімді сауда орнынан алу үшін бақылау және қадағалау субъектісіне 5 (бес) жұмыс күні беріледі.

      6. Осы қаулыны орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінде белгіленген жауапкершілік көзделген.

      7. Қаулыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасалуы мүмкін. _______________ облысы/қаласы бойынша

      мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі

      аумақтық Бас мемлекеттік инспекторы

      _____________ _____________________________

      қолы            жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Мемлекеттік инспектордың мәліметтері, қол қойылған күні мен уақыты, қолы (электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде оны пайдалануға жол беріледі):______.

      Таныстым және бір данасын алдым:

      Бақылау және қадағалау субъектісінің басшысы немесе оның уәкілі

      ______________ _____________________________

      қолы            жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      20___ ж. "____" __________________

      Бақылау және қадағалау субъектісі басшысының немесе оның уәкілінің мәліметтері, бақылау және қадағалау субъектісі басшысының немесе оның уәкілінің қол қойған күні, уақыты, қолы (электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде оны пайдалануға жол беріледі): ___.

      Ескертпе: ақпараттық жүйеде қалыптастыру кезінде осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

      Электронды құжат техникалық реттеудің ақпараттық жүйесімен қалыптастырылды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады