Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын, көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркеуге, есепке алуға, өңдеуге және сақтауға жататын құжаттардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 25 мамырдағы № 258 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 маусымда № 22893 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Автомобиль көлiгi туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-19) және 23-20) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркеуге, есепке алуға, өңдеуге және сақтауға жататын құжаттардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада бекітілген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және инфрақұрылымдық
      даму министрінің міндетін атқарушы К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму,

      инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының
2021 жылғы 25 мамырдағы
№ 258 бұйрығына 1-қосымша

Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидалары "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13-тармағы 23-19) тармашасына сәйкес әзірленді және көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру және пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған көлік құжаты;

      2) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) – автомобиль көлігі саласындағы тасымалдау қызметіне байланысты құжаттарды тіркеуді, есепке алуды, өңдеуді және сақтауды тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға және тасымалдау процесіне қатысушыларға осындай құжаттар туралы ақпаратты беруді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;

      3) жүйені пайдаланушы (бұдан әрі – пайдаланушы) – тасымалдау процесіне қатысушының лауазымды адамы, өкілі, автомобиль көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      4) GOV.KZ – Қазақстан Республикасы мемлекеттік сектор ұйымдары үшін үшінші деңгейдегі домендік аттарды тіркеуге арналған аумақ.

      3. Жүйеде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану кезінде пайдаланушылар осы Қағидаларды және "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.

      4. Жүйеде жұмыс істеу үшін қажетті мәліметтер тиісті мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық дерекқорда бар болған жағдайда өзара іс-қимыл жасау жолымен толтырылады. Қажетті мәліметтердің тізімі және оларды толтыру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12463 болып тіркелді). Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидалары және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларымен айқындалады (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11550 болып тіркелді).

2-тарау. Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру және пайдалану тәртібі

      5. Жүйені ұйымдастыру мемлекеттік сатып алуды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады

      6. Жүйе бағдарламалық интерфейстерді (API) қолдана отырып, функцияларға қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы мемлекеттік емес жүйелермен өзара әрекеттеседі.

      7. Мемлекеттік емес жүйелермен деректер алмасудың құрылымы мен форматы жүйенің жалпыға қолжетімді сегментінде жарияланады және қажеттілігіне қарай өзектілендіруге жатады.

      8. Жүйе .GOV.KZ. домен аймағында тіркеледі.

      9. Барлық электрондық құжаттарды және құжаттардың электрондық көшірмелерін веб-порталда жасау, алу және жіберу уақыты жүйенің уақыты бойынша (Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті уақыты бойынша) белгіленеді.

      10. Жүйеде жұмыс істеу және (немесе) тасымалдау процесіне қатысу үшін жүйені пайдаланушылар мынадай іс-қимылдардың жиынтығын жасайды:

      1) электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарын (ашық және жабық кілт) пайдалану мүмкіндігі үшін қажетті аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатады.

      Аппарттық құралдар - құрамында электрлік және электронды элементтері (мысалы жабдықтар мен сызбалар), электромеханикалық (мысалы дискілер) және механикалық элементтері (мысалы тіреулері) бар есептеуіш жүйесінің материалдық бөлігі.

      Бағдарламалық қамсыздандыру - осы бағдарламаларды пайдалануға қажетті компьютерлік бағдарламалар және компьютерлік құжаттар жиыны.

      2) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығынан немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің куәландырушы орталықтарынан электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарын (ашық және жабық кілт) алады;

      3) Жүйеде тіркеу рәсімдерінен өтеді.

      11. Жүйеде Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығымен, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің куәландырушы орталықтарымен жеке және заңды тұлғалар үшін шығарылған Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы тексерген электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттары қолданылады.

      12. Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру, енгізу және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар ескеріледі.

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының
2021 жылғы 25 мамырдағы
№ 258 бұйрығына 2-қосымша

Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркеуге, есепке алуға, өңдеуге және сақтауға жататын құжаттардың тізбесі

№ р/н

Құжаттың атауы

Көлік құжатының санаты

1

Тауар-көліктік жүкқұжат

N3 санаты

2

Жол жүру парағы

N3, М2, М3 санаты


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады