Көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 397-НҚҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 маусымда № 23034 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру жөніндегі қағидалар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 8 маусымдағы
№ 397-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру жөніндегі қағидалар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Көлік құралы типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру тәртібін анықтайды.

      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) дайындаушы – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген, өз атынан өнім өндіруді немесе өндіру мен өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға;

      2) көлік құралының санаты – Кеден одағының "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентін қабылдау туралы" 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 Еуразиялық экономикалық комиссияның Шешімімен бекітілген Кеден одағының "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінде КО ТР 018/2011 (бұдан әрі – КО ТР 018/2011) талаптарды белгілеу мақсатында қолданылатын көлік құралының жіктеу сипаттамасы;

      3) көлік құралының типін мақұлдау – бір типке жататын айналымға шығарылған көлік құралдарының КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін куәландыратын электронды құжат;

      4) көлік құралының (шассидің, құрауыштың) типі – бір дайындаушы дайындаған, техникалық сипаттауда белгіленген жалпы конструктивтік белгілері бар көлік құралдары (шассиі, құрауышы);

      5) өтiнiм берушi – Қазақстан Республикасының немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген, сәйкестікті бағалауды жүргізу үшін өнімді, процестерді және көрсетілетін қызметті ұсынған заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға (дайындаушы, импорттаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, сатушы);

      6) сәйкестендіру – көлік құралында (шассиде) немесе оның компоненттерінде бар зауыттық таңбаның және көлік құралын (шассиді) және оның компоненттерін бөлшектемей өткізілетін өтініш беруші тапсырған құжаттамадағы немесе сәйкестікті растайтын құжаттардағы деректердің бірдейлігін белгілеу;

      7) сәйкестікті растау жөніндегі орган – сәйкестікті растау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген заңды тұлға;

      8) техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) – техникалық реттеу тізілімдеріндегі, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің, ұлттық стандарттау жүйесінің және Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттарының бірыңғай тізілімдерінің мәліметтері мен ақпараттарын сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;

      9) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – техникалық реттеу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) техникалық хатшылық – көлік құралы типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру, көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы берілген куәліктер жөніндегі мәліметтерді жинау және көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган айқындайтын ұйым;

      11) типтің ресми бекітілгені туралы хабарлама – көлік құралдарының немесе оның құрауыштарының Біріккен Ұлттар Ұйымының қағидалары талаптарына сәйкестігін растайтын "Дөңгелекті көлік құралдарына, дөңгелекті көлік құралдарына орнатылуы және (немесе) пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған біркелкі техникалық ұйғарымдарды қабылдау туралы және осы ұйғарымдардың негізінде берілетін ресми бекітуді өзара мойындау шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Дөңгелекті көлік құралдарына, дөңгелекті көлік құралдарына орнатылуы және (немесе) пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған біркелкі техникалық ұйғарымдарды қабылдау туралы және осы ұйғарымдардың негізінде берілетін ресми бекітуді өзара мойындау шарттары туралы келісімі негізінде берілетін құжат;

      12) шасси типін мақұлдау – бір типке жататын айналымға шығарылған көлік құралдарының КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін куәландыратын электронды құжат.

2-тарау. Көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеу дұрыстығы мен негізділігін тексеру тәртібі

      3. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеу дұрыстығы мен негізділігін тексеруді құзыретті органның техникалық хатшылығы жүзеге асырады.

      4. Сәйкестікті растау жөніндегі орган ақпараттық жүйеде келесі құжаттарды ұсынады:

      1) сәйкестікті растау жөніндегі орган басшысының немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған көлік құралының типін мақұлдау, шасси типін мақұлдау;

      2) сәйкестікті бағалау жұмыстарын жүргізуге берілетін өтінім;

      3) өтінім бойынша сәйкестікті растау жөніндегі органның шешімі;

      4) сәйкестікті растау жөніндегі орган қорытындысы (ұсынылған құжатты ресімдеу кезінде қолданылатын рәсімге байланысты КО ТР 018/2011 40, 60, 65-тармақтарына сәйкес);

      5) КО ТР 018/2011 № 12 қосымшасының ережелерін ескере отырып ресімделген көлік құралдарының (шассидің) жалпы техникалық сипаттамасы;

      6) КО ТР 018/2011 № 13 қосымшасымен бекітілген дайындаушының өндіріс жағдайларын тексеру нәтижелері туралы сәйкестікті растау жөніндегі органның актісі (көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды беру алдында тексеру жағдайында) немесе дайындаушының өндіріс жағдайларын тексеруді талдау материалы (егер мұндай тексеру жүргізілген болса);

      7) КО ТР 018/2011 № 12 қосымшасының 1.3-тармағына сәйкес құжаттар (басқа тараптың дайындаушысынан сатып алынатын шассидің немесе көлік құралдарының негізінде дайындалатын көлік құралдарының сәйкестігін бағалау кезінде);

      8) КО ТР 018/2011 № 12 қосымшасының 1.4-тармағына сәйкес құжаттар (құрастырылуы өнеркәсіптік құрастыру режимінде құрастыру жиынтықтарынан жүзеге асырылатын көлік құралының типіне қатысты, бұрын сәйкестігін бағалау жүргізілген басқа өндірістің жағдайында дайындалатын конструктивтік ұқсамаларға қатысты алғаш өткізілетін сәйкестігін бағалау кезінде);

      9) КО ТР 018/2011 32-тармағында көзделген аккредиттелген сынақ зертханасы ресімдеген, жиынтық көлік құралын сәйкестендіру және сынау нәтижелерінің хаттамасы (ресімдеу кезінде);

      10) көлік құралының типін мақұлдауларды ресімдеу кезінде жиынтықты көлік құралын сәйкестендіру хаттамалары мен сынау нәтижелері;

      11) өнімнің көлік құралы типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеуге үшін негіз болып табылған КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін растайтын дәлелдемелік материалдар (типін ресми бекіту туралы хабарлама, сәйкестік сертификаты, сынақ хаттамасы);

      12) егер өтінім беруші дайындаушы болып табылмаса, дайындаушы мен өтінім беруші арасындағы сәйкестікті бағалауды жүргізуге өтінім берушіге өкілеттік беру туралы және КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкес көлік құралдарының (шассидің) қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дайындаушымен ортақ жауапкершілік туралы келісім;

      13) егер дайындаушы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің резиденті болып табылмаса, айналымға шығарылатын көлік құралдарының (шассидің) КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін дайындаушымен бірге жауапты өз өкілін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше әрбір мемлекетте тағайындауды растайтын келісім;

      14) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралы типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың сәйкестендіру карточкасы.

      5. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралы типін мақұлдаулар, шасси типін мақұлдаулар көлік құралы типін мақұлдаулар, шасси типін мақұлдаулар тізілімінде тіркеледі.

      6. Көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеруді олардың техникалық хатшылыққа келіп түскен күнінен бастап есептелетін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде техникалық хатшылық жүзеге асырады.

      7. Көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеу дұрыстығы мен негізділігін тексеру кезінде техникалық хатшылық тексереді:

      1) Еуразиялық экономикалық кеңес Алқасының 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 232 шешімімен бекітілген, Қауіпсіздік талаптарымен өзгерістер енгізілген көлік құралдары құрастырылымының сәйкестігі туралы куәліктердің және көлік құралы құрастырылымының қауіпсіздігі туралы куәліктердің, берілген техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растайтын құжатты жою туралы, көлік құралы типін мақұлдаулар, шасси типін мақұлдаулар бланкісін толтыру қағидаларына сәйкес көлік құралының типін мақұлдау бланкісі нысанын толтырылу дұрыстығын;

      2) сәйкестік туралы декларациялар мен сәйкестік сертификаттарын берудің заңдылығын айқындау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінде сәйкестікті растау жөніндегі органдардың болуы.

      8. Техникалық хатшылық көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексерудің оң нәтижесі кезінде көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ақпараттық жүйе арқылы бекіту үшін уәкілетті органға ұсынады.

      9. Ұсынылған құжаттар толық болмаған және (немесе) олар осы Қағидалардың 4 және 7-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, техникалық хатшылық Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабында белгіленген талаптарды сақтай отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде сәйкестікті растау жөніндегі органға жазбаша дәлелді бас тартуды қоса бере отырып, ұсынылған құжаттарды қайтарады.

  Көлік құралы типін
мақұлдауларды, шасси типін
мақұлдауларды ресімдеу
дұрыстығы мен негізділігін
тексеру жөніндегі
қағидаларға
1-қосымша
  Нысан

Көлік құралы типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың сәйкестендіру карточкасы

Сәйкестікті бағалау жұмыстарын жүргізуге арналған өтінімді тіркеу нөмірі және күні


Көлік құралының/шассидің маркасы, типі

Көлік құралы типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың тиісті бағанынан алынған мәліметтерді көрсету

Көлік құралының/шассидің санаты


Көлік құралы типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың нөмірі


Қолданылу мерзімі

… бастап … дейін

Өтініш беруші

Көлік құралын дайындаушы/Дайындаушының өкілі - көлік құралы типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың тиісті бағанындағы мәліметтерді көрсету

Дайындаушы

көлік құралы типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың тиісті бағанынан алынған мәліметтерді көрсету

Аталған типті көлік құралына бұрын берілген көлік құралы типін мақұлдаулар, шасси типін мақұлдаулар

бұрын берілген құжаттың нөмірін көрсету / "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген Кеден одағының "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті КО ТР 018/2011 (бұдан әрі – КО ТР 018/2011) күшіне енгенге дейін берілген / берілмеген

Рәсімнің ерекшеліктері

түзету / тарату / ұзарту /
көлік құралы типін мақұлдаулардың / шасси типін мақұлдаулардың 3 (үш) жылға дейінгі мерзіммен / КО ТР 018/2011 35-тармағына сәйкес бір жылға дейін қолдану мерзімімен /
КО ТР 018/2011 35-тармағына сәйкес көлік құралдары шағын партиясына / КО ТР 018/2011 күшіне енгенге дейін берілген көлік құралдары шағын партиясына/ КО ТР 018/2011 күшіне енгенге дейін... дейінгі мерзіммен (нақты жағдай ерекшеліктеріне байланысты түзету)

жеке шығарылатын көлік құралдары /
көлік құралы (шасси) негізінде шығарылатын /
құрастыру жинақтарынан алынған өнеркәсіптік құрастыру режимінде дайындалған

Көлік құралын/шассиді дайындаушыны тіркейтін ел

"Дөңгелекті көлік құралдарына, дөңгелекті көлік құралдарына орнатылуы және (немесе) пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған біркелкі техникалық ұйғарымдарды қабылдау туралы және осы ұйғарымдардың негізінде берілетін ресми бекітуді өзара мойындау шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Дөңгелекті көлік құралдарына, дөңгелекті көлік құралдарына орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған біркелкі техникалық ұйғарымдарды қабылдау туралы және осы ұйғарымдардың негізінде берілетін ресми бекітуді өзара мойындау шарттары туралы келісімнің уағдаласушы тарапы болып табылады, (бұдан әрі – 1958 жылғы Келісім) / 1958 жылғы Келісімнің уағдаласушы тарапы болып табылмайды.

Өндіріс жағдайларының болуы туралы ақпарат

сертификатталған сапа менеджменті жүйесі, өндіріс жағдайларын тексеру, дайындаушының инспекциялық тексеру актілері, өндіріс жағдайларының сипаттамасын талдау, (нақты жағдай ерекшеліктеріне байланысты түзету)

Сертификаттау жөніндегі органмен келісілген бақылау сынақтарын жүргізу жоспарының болуы

талап етілмейді / келісілді

Сәйкестендіру және сынақ нәтижелері хаттамасының нөмірі мен бірілген күні

сәйкестендіру хаттамасының және сынақ нәтижелерінің нөмірі мен күні көрсетіледі және хаттама тіркеледі

Тіркелген күні


Сарапшы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


құзыреттілігін растайтын құжаттың нөмірі, қолданылу мерзімі, растайтын құжат тіркеледі

      Сәйкестікті растау жөніндегі орган басшысы

      электрондық цифрлық қолтаңба       Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Ескертпе:

      Сәйкестендіру карточкасы бір парақта орналасатындай форматтағы қаріп таңдалады.

  Көлік құралы типін
мақұлдауларды, шасси типін
мақұлдауларды ресімдеу
дұрыстығын және негізділігін
тексеру жөніндегі қағидаларға
2-қосымша
  Нысан

Көлік құралы типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың тізілімі

р/с №

Көлік құрылы типін мақұлдаулар, шасси типін мақұлдаулар№

Көлік құрылы типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың бекітілген күні

Сәйкестікті растау жөніндегі органның аккредиттеу аттестатының нөмірі

Сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы

Өтініш берушінің БСН

Өтініш берушінің атауы

Өтініш берушінің мекен-жайы

Көлік құралының маркасы*

Көлік құралының коммерциялық атауы*

Көлік құралының типі

Көлік құралының санаты

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













      Ескерту:

      *9 және 10-бағандар көлік құралдарының типтерін бекіту үшін толтырылады.

Об утверждении Правил по проверке правильности и обоснованности оформления одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси

Приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 8 июня 2021 года № 397-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 июня 2021 года № 23034.

      Настоящий приказ вводится в действие с 1 июля 2021 года.

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 2 статьи 7 Закона Республики Казахстан "О техническом регулировании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила по проверке правильности и обоснованности оформления одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси.

      2. Комитету технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра торговли и интеграции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 июля 2021 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр торговли и интеграции
Республики Казахстан
Б. Сұлтанов

  Утверждены приказом
Министра торговли и интеграции
Республики Казахстан
от 8 июня 2021 года № 397-НҚ

Правила по проверке правильности и обоснованности оформления одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила по проверке правильности и обоснованности оформления одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 3) пункта 2 статьи 7 Закона Республики Казахстан "О техническом регулировании" и определяют порядок проверки правильности и обоснованности оформления одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) изготовитель – зарегистрированное в соответствии с Предпринимательским кодексом Республики Казахстан или законодательством государства-члена Евразийского экономического союза юридическое лицо или физическое лицо, зарегистрированное в качестве индивидуального предпринимателя, осуществляющее от своего имени производство или производство и реализацию продукции;

      2) категория транспортного средства – классификационная характеристика транспортного средства, применяемая в целях установления требований в техническом регламенте Таможенного союза 018/2011 "О безопасности колесных транспортных средств", утвержденного Решением Комиссии таможенного союза от 9 декабря 2011 года № 877 "О принятии технического регламента Таможенного союза "О безопасности колесных транспортных средств" (далее – ТР ТС 018/2011);

      3) одобрение типа транспортного средства – документ, удостоверяющий соответствие выпускаемых в обращение транспортных средств, отнесенных к одному типу, требованиям ТР ТС 018/2011;

      4) тип транспортного средства (шасси, компонента) – транспортные средства (шасси, компонента) с общими конструктивными признаками, зафиксированными в техническом описании, изготовленные одним изготовителем;

      5) заявитель – зарегистрированное в соответствии с законодательством Республики Казахстан или государства – члена Евразийского экономического союза юридическое лицо или физическое лицо, зарегистрированное в качестве индивидуального предпринимателя (изготовитель, импортер, уполномоченное изготовителем лицо, продавец), предоставившее продукцию, процессы и услугу для проведения оценки соответствия;

      6) идентификация – установление тождественности заводской маркировки, имеющейся на транспортном средстве (шасси) и его компонентах, и данных, содержащихся в представленной заявителем документации либо в удостоверяющих соответствие документах, проводимое без разборки транспортного средства (шасси) или его компонентов;

      7) орган по подтверждению соответствия – юридическое лицо, аккредитованное в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об аккредитации в области оценки соответствия" для осуществления деятельности по подтверждению соответствия;

      8) информационная система технического регулирования (далее – информационная система) – автоматизированная информационная система, предназначенная для хранения, обработки, поиска, распространения, передачи и предоставления сведений и информаций, содержащихся в реестрах технического регулирования, государственной системы обеспечения единства измерений, национальной системы стандартизации и единых реестрах выданных или принятых документов об оценке соответствия Евразийского экономического союза;

      9) уполномоченный орган в области технического регулирования (далее – уполномоченный орган) – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области технического регулирования;

      10) технический секретариат – организация, определяемая уполномоченным органом на осуществление деятельности по проверке правильности и обоснованности оформления одобрения типа транспортного средства, одобрения типа шасси, сбору сведений о выданных свидетельствах о безопасности конструкции транспортного средства и присвоению международных идентификационных кодов изготовителям транспортных средств;

      11) сообщение об официальном утверждении типа – документ, выдаваемый на основании Соглашения о принятии единообразных технических предписаний для колесных транспортных средств, предметов оборудования и частей, которые могут быть установлены и (или) использованы на колесных транспортных средствах, и об условиях взаимного признания официальных утверждений, выдаваемых на основе этих предписаний, ратифицированного Законом Республики Казахстан "О ратификации Соглашения о принятии единообразных технических предписаний для колесных транспортных средств, предметов оборудования и частей, которые могут быть установлены и/или использованы на колесных транспортных средствах, и об условиях взаимного признания официальных утверждений, выдаваемых на основе этих предписаний", удостоверяющий соответствие транспортного средства или его компонента требованиям Правил Организации Объединенных Наций;

      12) одобрение типа шасси – документ, удостоверяющий соответствие выпускаемых в обращение шасси, отнесенных к одному типу, требованиям ТР ТС 018/2011.

Глава 2. Порядок проверки правильности и обоснованности оформления одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси

      3. Проверку правильности и обоснованности оформления одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси осуществляет технический секретариат.

      4. Орган по подтверждению соответствия предоставляет в информационной системе следующие документы:

      1) одобрение типа транспортного средства, одобрение типа шасси, подписанные электронной цифровой подписью руководителя органа по подтверждению соответствия или уполномоченного им лица;

      2) заявку на проведение работ по оценке соответствия;

      3) решение органа по подтверждению соответствия по заявке;

      4) заключение органа по подтверждению соответствия (согласно пунктам 40, 60, 65 ТР ТС 018/2011 в зависимости от применяемой при оформлении представленного документа процедуры);

      5) общее техническое описание транспортных средств (шасси), оформленное с учетом положений приложения № 12 ТР ТС 018/2011;

      6) акт органа по подтверждению соответствия о результатах проверки условий производства изготовителя (в случае проверки перед выдачей одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси) или материал анализа проверки условий производства изготовителя (если такая проверка проводилась), оформленные в соответствии с приложением № 13 к ТР ТС 018/2011;

      7) документы в соответствии с пунктом 1.3 приложения № 12 к ТР ТС 018/2011 (при оценке соответствия транспортных средств, изготавливаемых на базе шасси или транспортных средств, приобретаемых у стороннего изготовителя);

      8) документы в соответствии с пунктом 1.4 приложения № 12 к ТР ТС 018/2011 (при оценке соответствия, впервые проводимой в отношении типа транспортного средства, сборка которого осуществляется из сборочных комплектов в режиме промышленной сборки, в отношении конструктивных аналогов которого, изготавливаемых в условиях другого производства, ранее была проведена оценка соответствия);

      9) протоколы идентификации и результатов испытаний комплектного транспортного средства, оформленные аккредитованной испытательной лабораторией, предусмотренные пунктом 32 ТР ТС 018/2011 (при оформлении);

      10) протоколы идентификации и результатов испытаний комплектного транспортного средства при оформлении одобрений типа транспортного средства;

      11) доказательственные материалы (сообщение об официальном утверждении типа, сертификат соответствия, протокол испытаний), подтверждающие соответствие продукции требованиям ТР ТС 018/2011, явившиеся основанием для оформления одобрений типа транспортного средства, одобрения типа шасси;

      12) соглашение между изготовителем и заявителем о предоставлении изготовителем полномочий заявителю на проведение оценки соответствия и о солидарной с изготовителем ответственности за обеспечение безопасности транспортных средств (шасси) в соответствии с требованиями ТР ТС 018/2011, если заявитель не является изготовителем;

      13) соглашение, подтверждающее назначение в каждом государстве-члене Евразийского экономического союза своего представителя, несущего солидарно с изготовителем ответственность за обеспечение соответствия выпускаемых в обращение транспортных средств (шасси) требованиям ТР ТС 018/2011, если изготовитель не является резидентом государства - члена Евразийского экономического союза;

      14) идентификационная карточка одобрения типа транспортного средства, одобрения типа шасси, по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      5. Одобрения типа транспортного средства, одобрения типа шасси регистрируются в реестре одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      6. Проверка правильности и обоснованности оформления одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси осуществляется техническим секретариатом в течение 30 (тридцати) рабочих дней, исчисляемых с даты их поступления в технический секретариат.

      7. При проверке правильности и обоснованности оформления одобрений типа транспортного средства, одобрения типа шасси технический секретариат проверяет:

      1) правильность заполнения формы одобрения типа транспортного средства в соответствии с Правилами заполнения бланков одобрения типа транспортного средства, одобрения типа шасси, уведомления об отмене документа, удостоверяющего соответствие техническому регламенту, свидетельства о безопасности конструкции транспортного средства и свидетельства о соответствии транспортного средства с внесенными в его конструкцию изменениями требованиям безопасности, утвержденными решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 9 декабря 2014 года № 232;

      2) наличие органов по подтверждению соответствия в Едином реестре органов по оценке соответствия Евразийского экономического союза, в целях определения правомерности выдачи деклараций о соответствии и сертификатов соответствия.

      8. Технический секретариат при положительном результате проверки правильности и обоснованности оформления одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси направляет в информационной системе одобрение типа транспортного средства, одобрение типа шасси в уполномоченный орган для утверждения.

      9. В случаях неполноты представленных документов и (или) их несоответствия требованиям, установленным в пунктах 4 и 7 настоящих Правил, технический секретариат возвращает представленные документы с приложением письменного мотивированного отказа в орган по подтверждению соответствия в течение 15 (пятнадцати) календарных дней с соблюдением требований, установленных статьей 73 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.

  Приложение 1 к Правилам
по проверке правильности и
обоснованности оформления
одобрений типа транспортного средства,
одобрений типа шасси
  Форма

Идентификационная карточка одобрения типа транспортного средства, одобрения типа шасси

Номер и дата регистрации заявки на проведение работ по оценке соответствия


Марка, тип транспортного средства/шасси

указать сведения из соответствующих граф одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси

Категория транспортного средства/шасси


Номер одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси


Срок действия

с … по …

Заявитель

Изготовитель транспортных средств/Представитель изготовителя
указать сведения из соответствующей графы одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси

Изготовитель

указать сведения из соответствующей графы одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси

Ранее выданное одобрение типа транспортного средства, одобрение типа шасси на транспортные средства указанного типа

указать номер ранее выданного документа/…, выданное до вступления в силу технического регламента Таможенного союза 018/2011 "О безопасности колесных транспортных средств", утвержденного Решением Комиссии таможенного союза от 9 декабря 2011 года № 877 "О принятии технического регламента Таможенного союза "О безопасности колесных транспортных средств" (далее – ТР ТС 018/2011)/ не выдавалось

Особенности процедуры

исправление/распространение/продление/одобрений типа транспортного средства/одобрений типа шасси со сроком действия до 3 (трех) лет/со сроком действия до одного года в соответствии с пунктом 35 ТР ТС 018/2011/на малую партию транспортных средств в соответствии с пунктом 35 ТР ТС 018/2011/выданного до вступления в силу ТР ТС 018/2011 на малую партию транспортных средств выданного до вступления в силу ТР ТС 018/2011 со сроком до ….
(скорректировать в зависимости от особенностей конкретного случая)

самостоятельно производимые транспортные средства/производимые на базе транспортных средств (шасси)/изготовленные в режиме промышленной сборки из сборочных комплектов

Страна регистрации изготовителя транспортного средства/шасси

является договаривающейся стороной Соглашения о принятии единообразных технических предписаний для колесных транспортных средств, предметов оборудования и частей, которые могут быть установлены и (или) использованы на колесных транспортных средствах, и об условиях взаимного признания официальных утверждений, выдаваемых на основе этих предписаний, ратифицированного Законом Республики Казахстан "О ратификации Соглашения о принятии единообразных технических предписаний для колесных транспортных средств, предметов оборудования и частей, которые могут быть установлены и/или использованы на колесных транспортных средствах, и об условиях взаимного признания официальных утверждений, выдаваемых на основе этих предписаний" (далее – Соглашение 1958 года) / не является договаривающейся стороной Соглашения 1958 года.

Информация о наличии условий производства

сертифицированная система менеджмента качества, проверка условий производства, акты инспекционной проверки изготовителя, анализ описания условий производства, (скорректировать в зависимости от особенностей конкретного случая)

Наличие согласованного с органом по сертификации плана проведения контрольных испытаний

не требуется/согласован

Номер и дата протокола идентификации и результатов испытаний

указываются номер и дата протокола идентификации и результатов испытаний и прикрепляются протокола

Дата регистрации


Эксперт

Фамилия, имя, отчество (при наличии)


номер документа, подтверждающего компетентность,
срок действия, прикрепляется подтверждающий документ

      Руководитель органа по подтверждению соответствия электронная цифровая подпись Фамилия, имя, отчество (при наличии)

      Примечание: Выбирается такой формат шрифта, чтобы идентификационная карточка разместилась на одном листе.

  Приложение 2 к Правилам
по проверке правильности и
обоснованности оформления
одобрений типа транспортного средства,
одобрений типа шасси
  Форма

Реестр одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси

№ п/п

№ одобрения типа транспортного средства, одобрения типа шасси

Дата утверждения одобрения типа транспортного средства, одобрения типа шасси

Номер Аттестата аккредитации органа по подтверждению соответствия

Наименование органа по подтверждению соответствия

Бизнес-идентификационный номер заявителя

Наименование заявителя

Адрес заявителя

Марка транспортного средства*

Коммерческое наименование транспортного средства*

Тип транспортного средства

Категория транспортного средства

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













      Примечание: * Графы 9 и 10 заполняются для одобрений типа транспортного средства.