"Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 30 маусымдағы № 342 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 шiлдеде № 23447 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.02.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16588 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағы:

      1) металлургия өнеркәсібі;

      2) машиналар мен жабдықтан басқа, дайын металл бұйымдарын жасау;

      3) авиациялық, автомобиль және мотоцикл қозғалтқыштарынан басқа, қозғалтқыштар мен турбиналарды жасау;

      4) автокөлік құралдарын, трейлерлерді және жартылай тіркемелерді жасау;

      5) компьютерлерді, электрондық және оптикалық өнімдерді жасау;

      6) электр жабдықтарын жасау;

      7) химия өнеркәсібі өнімдерін жасау;

      8) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;

      9) өзге де металл емес минералдық өнiмдердi жасау;

      10) гидравликалық жабдықты жасау;

      11) өзге де сорғыларды, компрессорларды, тығындар мен қақпақшаларды жасау;

      12) өзге де шүмектер мен бұрандаларды жасау;

      13) подшипниктерді, тегершіктер мен тісті берілістердің элементтерін және жетектерді жасау;

      14) плиталар, пештер және пеш оттықтарын жасау;

      15) көтеру және тасымалдау жабдығын жасау;

      16) қол электр құралдарын жасау;

      17) өнеркәсіптік тоңазыту және желдету жабдығын жасау;

      18) сұйық минералдарға арналған тазалау аппараттарын жасау;

      19) сұйық минералдарды немесе ұнтақтарды өндіруге, диспергациялауға немесе тозаңдатуға арналған жабдықты жасау;

      20) мұнайды тазалауға, химия өнеркәсібіне, сусындар өндіру жөніндегі индустрияға арналған тазалау жабдығын жасау;

      21) центрифугалар (қаймақ айырғыштар мен кептіру аппараттарынан басқа) жасау;

      22) судың кері циркуляциясы арқылы тікелей суыту үшін су суыту бағандарын жасау;

      23) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасын жасау;

      24) металдарды қысыммен өңдеуге арналған жабдықты жасау;

      25) өзге де металл өңдейтiн станоктарды жасау;

      26) металлургияға арналған машиналар мен жабдықты жасау;

      27) тау-кен өндiру өнеркәсiбiне, жерасты жұмыстарына және құрылысқа арналған техниканы жасау;

      28) тамақ өнiмдерiн, сусындарды және темекi бұйымдарын өндiруге және қайта өңдеуге арналған жабдықты жасау;

      29) тоқыма, тiгiн, үлбiр және терi бұйымдарын дайындауға арналған жабдықты жасау;

      30) қағаз бен қатырма қағазды дайындауға арналған техниканы жасау;

      31) резеңкенi, пластмассалар мен басқа да полимер материалдарды қайта өңдеуге арналған жабдықты жасау;

      32) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

      33) қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; істен шыққан көлік құралдарына, арнайы техникаға және ауыл шаруашылығы машиналарына, тоңазытқыштар мен тоңазытқыш жабдықтарына қатысты материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру);

      34) "балық және ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем-шөп өндіру және қайта өңдеу бойынша құрама жем зауытының құрылысы және пайдалануға беру";

      35) "кокс пешінің өнімдерін өндіру";

      36) "электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен қамтамасыз ету".".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады