Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің "Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы" 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 53/НҚ және "Босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (жою, тазарту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы" 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 54/НҚ бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 14 шiлдедегі № 369 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 шiлдеде № 23552 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 53/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18594 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесінде:

      1-бөлімнің 4-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

мыналарды:
арнайы өндірістік ғимаратты;
жабдықтарды, стендіні, көтергіш механизмді;
әзірленген және өндірілетін өнімді сақтау және оларға бақылау сынақтарын жүргізуге арналған арнайы жабдықталған аумақтар мен үй-жайларды;
жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайларды қамтитын меншік құқығындағы қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан өндірістік-техникалық базасы

монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ арнайы материалдарды және оларды өндіруге арналған жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

лицензиар үй-жайларға меншік құқығының болуын көрсететін мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден алады

      ";

      2-бөлімнің 4-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

мыналарды:
арнайы өндірістік ғимаратты;
жабдықтарды, стендіні, көтергіш механизмді;
жөндеу жүргізілгеннен кейін өнімді сақтау және оларға бақылау сынақтарын жүргізуге арналған арнайы жабдықталған аумақтар мен үй-жайларды;
жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайларды қамтитын меншік құқығындағы қоршалған, оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан өндірістік-техникалық базасы

монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ арнайы материалдарды және оларды өндіруге арналған жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

лицензиар үй-жайларға меншік құқығының болуын көрсететін мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден алады

      ";

      3-бөлімнің 3-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, жабдықтарын сақтауға арналған, қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, меншік құқығындағы арнайы жабдықталған қойма

монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ арнайы материалдарды және оларды өндіруге арналған жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

лицензиар үй-жайларға меншік құқығының болуын көрсететін мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден алады

      ";

      қосымшада:

      1-тармақтың 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мыналарды:

      арнайы өндірістік ғимаратты _________;

      жабдықтарды, стендіні, көтергіш механизмді _________________;

      әзірленген және өндірілетін өнімді сақтау және оларға бақылау сынақтарын жүргізуге арналған арнайы жабдықталған аумақтар мен үй-жайларды ____________________;

      жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайларды ________;

      қамтитын меншік құқығындағы қоршалған, оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, өндірістік-техникалық базасы:

      жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі (мекенжайы) __________;

      қоршау, оқшалау, тұрғын және өндірістік объектілерінен қашықтығы туралы ақпарат,метрде ____________;";

      2-тармақтың 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мыналарды:

      арнайы өндірістік ғимаратты, ангар ___________;

      жабдықтарды, стендіні, көтергіш механизмді ____________;

      жөндеу жүргізілгеннен кейін өнімді сақтау және оларға бақылау сынақтарын жүргізуге арналған арнайы жабдықталған аумақтар мен үй-жайларды _____________;

      жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайларды ________;

      қамтитын меншік құқығындағы қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан өндірістік-техникалық базасы:

      жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі (мекенжайы) _____________;

      қоршау, оқшаулау, тұрғын үй және өндірістік объектілерінен қашықтығы туралы ақпарат, метрде ___________________;";

      3-тармақтың 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарын сақтауға арналған, қоршалған, оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, меншік құқығындағы арнайы жабдықталған қойма:

      жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі (мекенжайы) __________;

      қоршау, оқшаулау, тұрғын үй және өндірістік объектілерінен қашықтығы туралы ақпарат, метрде ___________________;".

      2. "Босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (жою, тазарту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 54/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18605 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (жою, тазарту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тiзбесінде:

      1-бөлімнің 3-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, өнеркәсіптік, өрт, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін және мамандандырылған өндірістік ғимаратты, құрылыс және (немесе) контейнерлік типтегі ұтқыр модульді, көтергіш механизмді, жабдықты;
босатылатын оқ-дәрілер мен олардың құрамдастарын сақтауға арналған жай тартқышы бар контурлы найзағайдан қорғау жүйесімен жабдықталған арнайы жабдықталған қойманы;
босатылатын оқ-дәрілердің қалдықтарын және өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдық пен құрал-саймандары бар үй-жайды немесе арнайы алаңды;
жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын жеке меншік құқығындағы (стационарлық және (немесе) ұтқыр) өндірістік-техникалық база

осы босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (жою, тазарту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

лицензиар үй-жайларға меншік құқығының болуын көрсететін мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден алады

      ";

      2-бөлімнің 3-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, өнеркәсінтік, өрт, санитарлы-эпидемиологиялық қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін және мамандандырылған өндірістік ғимаратты, құрылысты, көтергіш механизмді, жабдықты;
босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойманы;
босатылатын қару-жарақтардың, әскери техниканың, арнайы құралдардың қалдықтарын және өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандар бар үй-жайды немесе арнайы алаңды; жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын жеке меншік құқығындағы өндірістік-техникалық базабосатылатын оқ-дәрілер мен олардың құрамдастарын сақтауға арналған жай тартқышы бар контурлы найзағайдан қорғау жүйесімен жабдықталған арнайы жабдықталған қойманы;
босатылатын оқ-дәрілердің қалдықтарын және өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдық пен құрал-саймандары бар үй-жайды немесе арнайы алаңды;
жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын жеке меншік құқығындағы (стационарлық және (немесе) ұтқыр) өндірістік-техникалық база

осы босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (жою, тазарту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

лицензиар үй-жайларға меншік құқығының болуын көрсететін мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден алады

      ";

      қосымшада:

      1-тармақтың 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, өнеркәсіптік, өрт, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін және мыналарды қамтитын меншік құқығындағы (стационарлық және (немесе) ұтқыр) өндірістік-техникалық базаны:

      мамандандырылған өндірістік ғимаратты, құрылысты және (немесе) контейнерлік типтегі ұтқыр модульді, көтергіш механизмді, жабдықты ________________;

      босатылатын оқ-дәрілер мен олардың құрамдастарын сақтауға арналған жай тартқышы бар контурлы найзағайдан қорғау жүйесімен жабдықталған арнайы жабдықталған қойманы _________________;

      босатылатын оқ-дәрілердің қалдықтарын және өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандары бар үй-жайды немесе арнайы алаңды ______________;

      жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды _________;

      жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі (мекен жайы) _________;

      контейнерлік типтегі ұтқыр модульдің, жабдықтың, көтеру механизмінің, қоршаудың, оқшаулаудың болуы, тұрғын және өндірістік объектілерден метр арақашықтығы туралы ақпарат __________________;";

      2-тармақтың 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, өнеркәсіптік, өрт, санитарлы-эпидемиологиялық қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін және мыналарды қамтитын жеке меншік құқығындағы өндірістік-техникалық базаны:

      мамандандырылған өндірістік ғимаратты, құрылысты, көтергіш механизмді, жабдықты _________________________;

      босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойманы _________________;

      босатылатын қару-жарақтардың, әскери техниканың, арнайы құралдардың қалдықтарын және өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандар бар үй-жайды немесе арнайы алаңды _______________;

      жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды

      _______________________________________________________;

      жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі (мекен жайы) ___________;

      жабдықтың, көтеру механизмінің, қоршаудың, оқшаулаудың болуы, тұрғын және өндірістік объектілерден метр арақашықтығы туралы ақпарат ______________________;".

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі кешені департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      2021 жылғы "___"____________


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      2021 жылғы "___"____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады