"Ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау, донордан реципиентке трансплантаттау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-207/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 28 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 29 шiлдеде № 23765 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7- бабы 85) тармақшасына сәйкес

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау, донордан реципиентке трансплантаттау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-207/2020 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21683 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау, донордан реципиентке трансплантаттау қағидаларында:

      3 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алып қою, консервациялау, сақтау, тасымалдау және ауыстырып салу мемлекеттік медициналық ұйымдарда, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі медициналық ұйымдарда, сондай-ақ медициналық қызмет бейініне сәйкес ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау қызметтерін көрсету жөніндегі медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде "Назарбаев Университеті" медициналық ұйымдарында (донорлық ұйымдар және трансплантаттау орталықтары) жүзеге асырылады.".

      7 - тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тірі кезіндегі донор "Ағзаның (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) тірі кезіндегі донорының жан-жақты медициналық зерттеп-қараудан өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № ҚР ДСМ-201/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21677 болып тіркелген) бекітілген тәртіппен жан-жақты медициналық зерттеп-қараудан өтеді.";

      9 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ықтимал реципиент пен тірі кезіндегі донор арасында генетикалық байланысты орнату үшін Этикалық комиссия құрылады. Этикалық комиссияның құрамы мен ережесі "Трансплантаттау жүргізу үшін ықтимал реципиент пен тірі кезіндегі донор арасындағы генетикалық байланысты анықтау жөніндегі этикалық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-318/2020 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21892 болып тіркелген) негізінде бекітіледі.";

      12 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Тірі донордан трансплантаттау үшін ағзасын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тінін (тіннің бөлігін) алып қойғаннан және дайындағаннан кейін "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР-ДСМ-175/2020 бұйрығы) бекітілген нысан бойынша оған ресімделген стационарлық науқастың медициналық картасына тиісті жазба жүргізіледі.";

      13 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Донорлық ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алып қойғаннан және ауыстырып салғаннан кейін пациенттерді шығарған кезде донор және реципиент тұратын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша ағзаның (ағзаның бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тіннің бөлігінің) реципиенті және доноры туралы хабарлама жіберіледі.";

      26 - тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "№ ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірмелер.";

      31 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Осы Қағидаларға 2 - қосымшаға сай тізбеге сәйкес трансплантаттау бригадасын және қажетті медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тасымалдау, сондай-ақ донорлық ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін), биоматериалдарды тасымалдау және оларды Қазақстан Республикасының аумағындағы тиісті медициналық ұйымдарға жеткізуді "Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21713 болып тіркелген) сәйкес медициналық авиация ұйымының жерүсті және әуе көлігімен жүзеге асырылады.";

      40 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) дайындау, алу және консервациялау аяқталғаннан кейін трансплантаттау бригадасының дәрігерлері ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша трансплантаттау мақсатында донордан ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу туралы актіні (бұдан әрі - Алу туралы акті) толтырады.";

      42 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Трансплантаттауға жарамсыз деп танылған ағзалар (ағзаның бөлігі) және (немесе) тіндер (тіннің бөлігі) алудан, консервациялаудан, сақтаудан және тасымалдаудан кейін "Қазақстан Республикасында патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-259/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21790 болып тіркелген) сәйкес кәдеге жаратылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады