Қаржы мониторингі субъектілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 9 тамыздағы № 6 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 тамызда № 23952 болып тіркелді

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 8-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қаржы мониторингі субъектілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. "Қаржы мониторингі субъектілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 1000 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21426 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы нарығын реттеу

      және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция

      Министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2021 жылғы 9 тамыздағы
№ 6 Бұйрықпен
бекітілген

Қаржы мониторингі субъектiлерiне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қаржы мониторингі субъектілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы Заң) 11-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі субъектілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ) оқытуға қойылатын талаптарды белгілейді.

      2. Осы Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) оператор – "Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы" акционерлік қоғам базасында субъектілердің тестілеуді өткізуге жауапты қызметкері;

      2) Орталық – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы қаулысына сәйкес айқындалған "Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы;

      3) субъектілер – өз қызметін жеке-дара жүзеге асыратын қаржы мониторингі субъектілері және КЖ/ТҚҚ саласындағы заңнаманы сақтаумен байланысты функцияларды жүзеге асыратын қаржы мониторингі субъектісінің қызметкерлері;

      4) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі.

      3. Субъектілердің КЖ/ТҚҚ саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау үшін оларға қажетті субъектілердің оқуына қойылатын Талаптарға сәйкес КЖ/ТҚҚ саласында білім алуы даярлау мен оқытудың мақсаты болып табылады.

      Тестілеу субъектілердің оқу процессінде зерделенген материалды зерделеуді растау мақсатында субъектілер тестілеуден өткен күннен бастап 3 (үш) жылда 1 (бір) реттен кем емес кезеңділікпен Орталық пен оның аумақтық бөлімшелерінің базасында тестілеуден өтеді.

      Тестілеу нәтижелерінің қолданылу мерзімі аттестаттаудан өткен сәттен бастап 3 (үш) жылды құрайды.

      Осы Талаптар қолданысқа енгізілген сәттен бастап келесі 2 (екі) жыл ішінде барлық субъектілер тестілеуден өтеді.

2-тарау. Қаржы мониторингі субъектілерін даярлау және оқыту бағдарламасы

      4. Субъектілер Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚҚ туралы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ субъектілер мен олардың клиенттері қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып КЖ/ТҚҚ саласында даярлау және оқыту бағдарламасын (бұдан әрі – оқыту бағдарламасы) әзірлейді.

      5. Оқыту бағдарламасы:

      1) Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚҚ саласындағы нормативтік құқықтық актілерін және КЖ/ТҚҚ саласындағы халықаралық стандарттарды зерделеуді;

      2) субъектілер өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде ішкі бақылау қағидаларын және оларды жүзеге асыру бағдарламаларын зерделеу, сондай-ақ "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 214-бабымен белгіленген КЖ/ТҚҚ туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орныдамағаны үшін жауапкершілік шараларын зерделеуді;

      3) КЖ/ТҚҚ туралы Заңының 4-бабының 5-тармағына сәйкес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландыру типологияларын, схемалары мен тәсілдерін, сондай-ақ іс-жүзінде қолданылатын күдікті операцияларды анықтау белгілерін зерделеуді қамтиды.

      6. Субъектілер осы Талаптардың 4 және 5-тармақтарына сәйкес әзірленген оқыту бағдарламасына сәйкес КЖ/ТҚҚ мақсатында оқудан өтеді.

      Қосымша оқытуды КЖ/ТҚҚ туралы Заңының 11-бабына сәйкес бекітілген ішкі бақылау қағидаларын сақтауға жауапты субъектімен (өз қызметін жеке-дара жүзеге асыратын субъектілерді қоспағанда) мынадай жағдайларда жүргізеді:

      Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚҚ саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілері өзгерген және жаңасы күшіне енген кезде;

      субъект КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылаудың жаңа ережелерін және оны жүзеге асыру бағдарламаларын бекіткен немесе қолданыстағыларын өзгерткен кезде.

      7. Субъектінің басшысы КЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы сақтаумен байланысты функцияларды жүзеге асыруды бастағанға дейін КЖ/ТҚҚ мақсатында оқудан өтетін жауапты тұлғалардың тізбесін бекітеді.

      8. Субъектілерді оқытуды келесі талаптарға сәйкес келетін тұлғалар жүргізеді:

      жоғарғы білімінің болуы;

      КЖ/ТҚҚ саласында 5 (бес) жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;

      КЖ/ТҚҚ саласында оқудан өткендігі туралы сертификаттардың болуы.

      9. Субъектілер КЖ/ТҚҚ саласында даярлау және оқыту мақсатында уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында "ҚМС көмек" бөлімінің "Қаржы мониторингі субъектілерін даярлау және оқыту" кіші бөлімінде орналастырылған ақпаратты пайдаланады.

3-тарау. Қаржы мониторингі субъектілерінің оқудан және тестілеуден өтуін есепке алу

      10. Субъект өз қызметкерлерінің оқыту бағдарламасынан өту есебін жүргізеді.

      11. Субъект қызметкерлерінің оқыту бағдарламасынан өтуін есепке алу тәртібін субъект дербес белгілейді.

      12. Субъектінің қызметкерімен оқыту жүргізу және КЖ/ТҚҚ саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен және ішкі бақылауды ұйымдастыру мақсатында қабылданған субъектілердің ішкі құжаттарымен танысу фактісі оның нысаны мен мазмұнын субъект дербес белгілейтін құжатта өз қолымен расталады.

      Субъекті қызметкерінің оқу бағдарламасынан өткенін растайтын құжаттар қызметкердің жеке ісіне тігіледі.

      13. Субъектінің тестілеуден өтуі Орталықтан берілетін құжатпен расталады.

      14. Тестілеуден өткен адамдарды есепке алуды Орталықтан алынған ақпарат негізінде уәкілетті орган жүргізеді.

      15. Субъектілер тестілеуден өткені туралы ақпаратты уәкілетті органның веб-порталында орналасқан субъектінің жеке кабинетінде орналастырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады