Азаматтық қорғау органдарының кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 9 тамыздағы № 386 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 тамызда № 23995 болып тіркелді.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 10-тармағына, 84-бабының бесінші бөлігіне, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 165) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғау органдарының кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 9 тамыздағы № 386
бұйрығымен бекітілген

Азаматтық қорғау органдарының кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық қорғау органдарының кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 10-тармағына, 84-бабының бесінші бөлігіне, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 165) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғау органдарының (бұдан әрі – АҚО) кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Кадр резервін қалыптастырудың тәртібі

      2. Азаматтық қорғау органдарының кадр резерві бос басшы лауазымдарға жоспарлы негізде орналастыру үшін ауыстыруға жататын, әрбір лауазымға кемінде екі үміткер есебінен қалыптастырылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Кадр резерві мына қызметкерлерден қалыптастырылады:

      1) аттестаттау нәтижесі бойынша басшы лауазымдарға жоғарылатуға ұсынылған;

      2) АҚО бөлімшелерінің тікелей басшыларының ұсынымдары негізінде қызметтік міндеттерін атқару кезінде не арнайы тапсырмаларды орындау кезінде ұйымдастырушылық қабілетін танытқан қызметкерлерден.

      4. Бос басшы лауазымының орнын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің (бұдан әрі - Министр) немесе уәкiлеттi басшының шешімі бойынша кадр резервінде тұрған қызметкер алмастырады. Кадр резервінде тұрған қызметкерлер ұсынылған бос лауазымнан бас тартқан кезде, оған аттестаттау нәтижелері немесе кадрларды іріктеу бойынша басқа қызметкер орналасады.

      5. Қызметкердің кадр резервінде тұру мерзімі үш жылдан аспауға тиіс. Кадр резервіне қойылып, бірақ кадр резервінде болған кезеңде олар үшін жоспарланған лауазымға тағайындалмаған адамдар, кадр резервіне жалпы негіздерде жаңадан қойылуы мүмкін.

      6. Кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру АҚО бөлімшелерінің кадр қызметтеріне жүктеледі. Құқық қорғау органдарында кадр резерві кадрлардың сапалық құрамы және тиісті лауазымдарға орналастыру қажеттілігі ескеріле отырып қалыптастырылады.

      7. Қызметкер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған жағдайларда, ол осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр резервінен шығарылған қызметкерлер тізімін жасау арқылы кадр резервінен шығарылады. Қызметкер өзін кадр резервінен шығару туралы шешіммен келіспесе, ол бұл шешімге жоғары тұрған лауазымды адамдарға және (немесе) сотқа шағымдануға құқылы.

      8. Құқық қорғау органының кадр қызметі кадр резервіне қойылған қызметкерлердің тізімін және ведомстволық деректер банкін жүргізеді.

      9. Кадр резервіне қою үшін кандидаттарды іріктеу қызметкерлердің жеке басының және кәсіби қасиеттерін, олардың қызметінің нәтижелерін зерделеу және бағалау, сондай-ақ аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде жүргізіледі. Кадр резервіне қою үшін кандидаттардың кәсіби қасиеттерін бағалау бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіші ескеріле отырып жүргізіледі.

      10. Кадр резервіне қою үшін үміткерлерді іріктеу кезінде:

      1) болжанған лауазымға орналастыру көзделген мамандықтар бойынша қызметкердің білімінің сәйкестігі;

      2) болжанған қызмет түрі бойынша тиісті кәсіптік даярлығының және жұмыс тәжірибесінің болуы;

      3) денсаулық жағдайы;

      4) кәсіптік қайта даярлау мен біліктілігін арттырудың қорытындысы ескеріледі.

      11. Егер ұсыну басқа мекенге қызмет атқаруға ауыстыруды қарастырса, онда қызметкердің және оның отбасы мүшелерінің ол жерде денсаулық жағдайы бойынша тұра алу мүмкіндігі ескеріледі.

      12. Кадр резервіне қоюға кандидаттарды іріктеуді кадр қызметтері жүзеге асырады. Кадр резервіне қойылғандардың тізімін құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы бекітеді және ол ведомстволық деректер банкіне енгізіледі. Тиісті лауазымға ұсыну үшін кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің саны екі адамнан кем болмауға тиіс.

      13. Қызметкерлерді кадр резервіне алу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларды кадр резервіне алынған қызметкерлердің тізіміне қосу арқылы жүргізіледі.

      14. Аттестаттау комиссиясының хаттамасы, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр резервіне алу туралы ұсыным, қызметкердің қызметтік тізімі, қызметтік мінездеме мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Ақпараттық қызмет базасы бойынша анықтама кадр қызметіне жолданады.

      15. Мынадай жағдайларда қызметкерлер кадр резервіне алынбайды:

      1) қарамағында болған кезде лауазымға тағайындалғанға дейін;

      2) алынбаған тәртіптік және (немесе) әкімшілік жазасы болғанда;

      3) қайта аттестаттаудан өту кезінде атқарып отырған лауазымға сәйкестігі туралы мәселені шешкенге дейін;

      4) ақталатын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтатқанға дейін;

      5) ақтау үкімі заңды күшіне енгенге дейін;

      6) қызметтік тергеу аяқталғанға дейін.

3-тарау. Азаматтық қорғау органдарының кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу

      16. Тиісті лауазымдар санаты бойынша кадр резервіне алынған және шығарылған қызметкерлердің тізімдерін Министр және АҚО уәкілетті басшысы бекітеді және ведомстволық деректер банкіне енгізіледі.

      17. Ведомстволық деректер банкі кадр резервіне алынған қызметкерлер туралы мәліметтерді қамтиды.

      18. АҚО кадр қызметтері кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкін олардың бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін көрсете отырып жүргізеді.

      19. АҚО бөлімшелерінің кадр қызметтері аумақтық АҚО бастықтары лауазымдарының номенклатурасы бойынша кадр резервіне алынған қызметкерлердің тізімдерін электрондық форматта қалыптастырады.

  Азаматтық қорғау органдарының кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидаларына 1-қосымша

      Нысан

  "Бекітемін"
  ___________________________
  ___________________________
  (тізімді бекітетін адамның лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні, қолы)
  20__жылғы "___" _____________

Кадр резервінен шығарылған қызметкерлердің тізімі

Атағы; тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);

Кадр резервінде қандай лауазымда тұр

Кадр резервінен шығару себебі





      Қолы ____________________________________ (тізімді жасаған адамның лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні және қолы) 20_____ жылғы "___" ________________

  Азаматтық қорғау органдарының кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидаларына 2-қосымша

            Нысан

  "Бекітемін"
  ___________________________
  ___________________________
  (тізімді бекітетін адамның лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні, қолы) 20____ жылғы "___" _____________

Кадр резервіне алынған қызметкерлердің тізімі

Атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде); атқарып отырған лауазымы, лауазымда қай уақыттан бері

Туған күні, білімі (қашан, нені бітірді), берілген атақта қай уақыттан бері

Лауазымның қандай санатына жоғарылатуға болжанады (лауазымның санаты және атауы)

Лауазымға тағайындау туралы белгі






      Қолы _________________________________ (тізімді жасаған адамның лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні және қолы) 20____ жылғы "___" ________________

  Азаматтық қорғау органдарының кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидаларына 3-қосымша

            Нысан

Кадр резервіне алуға ҰСЫНЫМ

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)____________________________________

      2. Туған күні, айы, жылы және жері _______________________________________

      3. Білімі, мамандығы, біліктілігі __________________________________________

      ______________________________________________________________________

      4. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы________________________________________

      5. Лауазымы, тағайындау күні ____________________________________________

      ______________________________________________________________________

      6. Бар атағы____________________________________________________________

      7. Қызметкердің кәсіби, іскер және жеке қасиеттерін, сондай-ақ қызметтік жұмысының сандық өлшенетін көрсеткіштерін көрсете отырып, қысқаша мінездемесі:___________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      8. ____________________________________________________________________

      лауазымына кадр резервіне қабылдауға ұсынылады.

      ____________________________________

      (басшының лауазымы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

      20___ жылғы "___" _____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады