"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2020 жылғы 3 наурыздағы № 11 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының м.а. 2021 жылғы 24 тамыздағы № 27 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 қыркүйекте № 24215 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 3 наурыздағы № 11 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20107 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларының:

      3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Академияның ақылы қызмет түрлеріне мына тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтерді) өткізілуі жатады:

      1) қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру;

      2) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру;

      3) оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;

      4) пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша білім алушылармен ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру;

      5) әр түрлі іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу: семинарлар, кеңестер, конференциялар, спорт жарыстары;

      6) оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу мен өткізу;

      7) ғылыми зерттеулер жүргізу."

      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Академия ректоры З.Х. Баймолдинаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы сотының жанындағы
Соттардың қызметін қамтамасыз
ету Департаменті
(Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты аппараты)
басшысының міндетін атқарушы
Н. БАЙТИЛЕСОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады