"Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының жедел басқаруында тұрған әскери мүлікті есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 403 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі № 533 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 қыркүйекте № 24289 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының жедел басқаруында тұрған әскери мүлікті есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20684 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының жедел басқаруында тұрған әскери мүлікті есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының бөлімшелерінде әскери мүлікті есепке алу "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген), сондай-ақ осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      _____________________________

      2021 жылғы "____" ____________

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрлігі

      _____________________________

      2021 жылғы "____" ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады