Азаматтық қорғау қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың мазмұны мен жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі № 434 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 қыркүйекте № 24338 болып тіркелді

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың мазмұны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 434 бұйрығына
1-қосымша

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың мазмұны

      1. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін (бұдан әрі – қызметкерлер) кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – ТЖМ) білім беру ұйымында, Қазақстан Республикасының басқа да білім беру ұйымдары мен мекемелерінде және шетелде жүзеге асырылады.

      2. Қызметкерлердің кәсіби даярлығының міндеттеріне оқыту нәтижелеріне және (немесе) кәсіби құзыреттіліктеріне, біліктілік сипаттамаларына және біліктілік талаптарына сәйкес бағдарлана отырып, білім мен дағдылардың қосымша көлемін алу жатады.

      Қызметкерлерді қайта даярлау міндеттеріне қызметкерде қызметтік жұмыстың жаңа түрін немесе жаңа лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті қосымша кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру жатады.

      Қызметкерлердің біліктілігін арттырудың міндеттеріне олардың лауазымдық міндеттерін тиімді орындау үшін қойылған біліктілік талаптарына сәйкес кәсіби құзыреттіліктерін дамыту жатады.

      3. Қызметкерлерді кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ұйымдастырушылық, оқу іс-шараларының жүйесін, оның ішінде азаматтық қорғау органдарына жүктелген міндеттерді орындау үшін, қызметтік жұмысының ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті білімді, дағдылар мен машықтарды меңгеруге, тереңдетуге және кеңейтуге бағытталған азаматтық қорғау органдары бөлімшелерінің базасында кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы шеңберінде көзделеді.

      4. Кәсіби даярлықтың білім беру процесінің мазмұны "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 3-тармағында көзделген құзыретке сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен бекітілетін азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығының мазмұны мен оны ұйымдастыру тәртібіне сәйкес айқындалады.

      Қызметкерлерді кәсіби даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың білім беру процесінің мазмұны тиісті білім беру бағдарламаларымен анықталады.

      5. Білім беру бағдарламаларын ТЖМ білім беру ұйымы әзірлейді, оқу-әдістемелік кеңестің отырысында қаралады және азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелеріне жетекшілік ететін ТЖМ құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ ТЖМ кадр қызметімен келісілгеннен кейін ТЖМ білім беру ұйымының бастығы бекітеді.

      6. Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарының мазмұны мен көлемін осы Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мазмұнының 5-тармағында көрсетілген ТЖМ құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, ТЖМ білім беру ұйымы айқындайды және мыналарды қамтиды:

      1) нормативтік құқықтық актілерде, Мемлекет басшысының Жолдаулары мен сөйлеген сөздерінде айқындалған Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттары;

      2) ұжымды тиімді басқару және ұйымдастыру-бақылау жұмысының нысандары мен әдістері;

      3) қолданыстағы заңнамадағы өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, құқық қолдану қызметін жетілдіру мәселелері;

      4) азаматтық қорғау органдары жұмысының озық тәжірибесін, оның ішінде шетелдік тәжірибені зерделеу мәселелері;

      5) азаматтық қорғау органдарының алдында тұрған міндеттерді табысты іске асыруға ықпал ететін тиімді басқару және жедел дағдыларды қалыптастыру мәселелері;

      6) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі өзекті проблемалар, төтенше жағдайлар туындаған кезде аумақтар мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі әлемдік және отандық тәжірибе.

      7. Сабақтарды өткізуге жоғары оқу орындарының ғалымдары, ғылыми қызметкерлері мен педагогтары, азаматтық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың басшы құрамының өкілдері, сондай-ақ шетелдік сарапшылар тартылады.

  бұйрығына
2-қосымша

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 36-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін (бұдан әрі – АҚО қызметкерлері) кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың тәртібін анықтайды.

      2. АҚО қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – ТЖМ) кадр қызметі ТЖМ құрылымдық және аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп ұйымдастырады.

      3. АҚО қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың негізгі мақсаттары:

      1) АҚО жоғары білікті кадр құрамын қалыптастыру;

      2) қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті арнаулы білім, машықтар мен дағдыларды алу;

      3) АҚО жеке құрамының жүктелген міндеттерді сапалы орындауы үшін қажетті жоғары кәсіби, моральдық және дене бітімі қасиеттерін тәрбиелеу болып табылады;

      4. АҚО қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі қызмет ТЖМ бөлімшелерінің, сандық және сапалық кадрлық құрамның қызметін бақылау және тақырыптық тексерулердің нәтижелерін, сондай-ақ ТЖМ құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ТЖМ білім беру ұйымының ұсыныстарын ескере отырып, жоспарлы негізде жүзеге асырылады.

      5. АҚО қызметкерлері үш жылда кемінде бір рет біліктілігін арттырудан өтеді.

      АҚО қызметкерлері қызмет саласын өзгерте отырып, оларды басқа лауазымға ауыстырған кезде қайта даярлаудан өтеді.

      6. АҚО қызметкерлерінің қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы ақпаратты есепке алуды АҚО кадр қызметтері жүзеге асырады.

2-тарау. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби даярлауды жүзеге асыру тәртібі

      7. Кәсіби даярлау Заңның 36-бабының 3-тармағында көзделген құзыретке сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен бекітілетін Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығының мазмұны мен оны ұйымдастыру тәртібіне сәйкес кәсіби, қызметтік және дене шынықтыру даярлығы нысанында жүзеге асырылады.

      8. Кәсіби, қызметтік және дене шынықтыру даярлығы ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің, ТЖМ білім беру ұйымының базасында жүзеге асырылады.

3-тарау. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің білім беру ұйымында азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін қайта даярлауды жүзеге асыру тәртібі

      9. АҚО қызметкерлерін қайта даярлау ТЖМ білім беру ұйымында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының, оның ішінде шет мемлекеттердің басқа да білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

      АҚО қызметкерлерінің қайта даярлау ТЖМ білім беру ұйымының базасында жұмыстан қол үзіп жүзеге асырылады, сондай-ақ "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 4-1) тармақшасында көзделген құзыретке сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен бекітілетін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес қашықтан оқыту нысанында қайта даярлау курстарын өткізуге жол беріледі.

      Қайта даярлау курстарының ұзақтығы кемінде 72 академиялық сағатты құрайды.

      10. ТЖМ құрылымдық және аумақтық бөлімшелері, білім беру ұйымы ТЖМ кадр қызметіне қайта даярлау курстарының тақырыбы, оқуға жіберілетін АҚО қызметкерлерінің саны мен санаттары, сондай-ақ оқыту кезеңі бойынша өтінімді жыл сайын 1 қазанға дейін жолдайды.

      11. ТЖМ кадр қызметі ТЖМ құрылымдық бөлімшелері, білім беру ұйымы және аумақтық АҚО қажеттіліктері негізінде жыл сайын 1 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі (бұдан әрі – Министр) бекітетін АҚО қызметкерлерін қайта даярлаудың күнтізбелік жылға арналған жоспар-кестесін әзірлейді.

      12. АҚО кадр қызметтері қайта даярлауға жататын АҚО қызметкерлерінің тізімін қалыптастырады және оқыту басталғанға дейін 7 жұмыс күнінен кешіктірмей оларды ТЖМ білім беру ұйымына жібереді, сондай-ақ жоспар-кестеде белгіленген мерзімде ТЖМ білім беру ұйымына жіберуді қамтамасыз етеді.

      АҚО қызметкерлерінің қайта даярлау курстарына жіберу кезінде оқу бағдарламасында мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен танысу көзделсе, АҚО қызметкерлері ТЖМ мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшелерінен, ТЖМ аумақтық бөлімшелерінен, ТЖМ білім беру ұйымынан мемлекеттік құпияларға рұқсаты туралы анықтама алады.

      13. ТЖМ білім беру ұйымына қайта даярлауға келген АҚО қызметкерлері ТЖМ білім беру ұйымы бастығының бұйрығымен оқу кезеңінде тыңдаушылар қатарына қабылданады.

      14. ТЖМ білім беру ұйымында тыңдаушылардың дайындығын анықтау үшін тестілеу нысанында біліміне кіріс және шығыс бақылауы өткізіледі:

      білімді кіріс бақылау - оқуға түсу кезіндегі кәсіби қызмет бойынша білім деңгейін анықтау үшін оқуға қабылданған күні;

      білімді шығыс бақылау – оқу процесінде кәсіби қызмет бойынша алған білім деңгейін анықтау үшін оқу аяқталғаннан кейін.

      15. Шығыс бақылаудың деректері негізінде ТЖМ білім беру ұйымы АҚО қызметкерлерінің дайындық деңгейіне талдау жасайды, қажет болған жағдайда оқу бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, азаматтық қорғау органдарына қызметтік жұмыс барысында АҚО қызметкерлерін оқыту сапасын арттыру бойынша ұсыныстар жібереді.

      16. Оқу жоспарын орындамағаны, тәртіпті және ішкі тәртіпті бұзғаны үшін тыңдаушылар әрбір анықталған факті бойынша қызметтік тексеру материалдарының негізінде ТЖМ білім беру ұйымы бастығының бұйрығымен қайта даярлау курстарынан шығарылады.

      ТЖМ білім беру ұйымы бастығы бұйрығының көшірмесі үш жұмыс күні ішінде АҚО кадр қызметіне тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін жолданады.

      17. Осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген негіздер бойынша қайта даярлау курстарынан шығарылған АҚО қызметкерлерін қайта даярлауға қайта жіберу жоспар-кестеде көзделген кезеңде оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралғаннан кейін жүзеге асырылады.

      18. ТЖМ білім беру ұйымы қайта даярлау курсы аяқтағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде тыңдаушыға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификат береді.

      19. ТЖМ білім беру ұйымы әрбір қайта даярлау курсын бітіргеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта даярлау курстарында оқыту қорытындылары туралы мәліметтерді қоса бере отырып, ТЖМ кадр қызметіне есеп жолдайды.

4-тарау. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің білім беру ұйымында азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды жүзеге асыру тәртібі

      20. АҚО қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ТЖМ білім беру ұйымының базасында жұмыстан қол үзе отырып жүзеге асырылады, сондай-ақ "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 4-1) тармақшасында көзделген құзыретке сәйкес Министрдің бұйрығымен бекітілетін ТЖМ арнаулы оқу орнында қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес қашықтан оқыту нысанында біліктілікті арттыру курстарын өткізе алады.

      Біліктілікті арттыру курстарының ұзақтығы кемінде 36 академиялық сағатты құрайды.

      21. ТЖМ кадр қызметі ТЖМ құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ТЖМ білім беру ұйымының қажеттіліктері негізінде жыл сайын 1 желтоқсанға дейін ТЖМ білім беру ұйымының базасында ТЖМ қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың күнтізбелік жылға арналған жоспар-кестесін әзірлейді, оны Министр бекітеді.

      ТЖМ құрылымдық және аумақтық бөлімшелері, ТЖМ білім беру ұйымы ТЖМ кадр қызметіне АҚО қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының тақырыбы, оқуға жіберілетін қызметкерлердің саны мен санаттары, сондай-ақ оқу кезеңі бойынша өтінімді жыл сайын 1 қазанға дейін жолдайды.

      22. АҚО кадр қызметтері біліктілікті арттыруға жататын АҚО қызметкерлерінің тізімін қалыптастырады және оқу басталғанға дейін 7 жұмыс күнінен кешіктірмей оларды ТЖМ білім беру ұйымына жібереді, сондай-ақ қызметкерлерді жоспар-кестеде белгіленген мерзімде ТЖМ білім беру ұйымына жіберуді қамтамасыз етеді.

      АҚО қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарына жіберу кезінде, оқу бағдарламасында мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен танысу көзделсе, АҚО қызметкерлері ТЖМ қызметтерінің, білім беру ұйымының және аумақтық АҚО-ның арнайы бөлімшелерінде мемлекеттік құпияларға рұқсаты туралы анықтама алады.

      23. ТЖМ білім беру ұйымына біліктілігін арттыруға келген АҚО қызметкерлері ТЖМ білім беру ұйымы бастығының бұйрығымен оқыту мерзіміне тыңдаушылар қатарына қабылданады.

      24. Тыңдаушылардың дайындығын анықтау үшін қабылданған күні кіріс бақылау және оқытуды аяқтаған кезінде білім деңгейі нәтижесінің өзгеру динамикасын көрсету үшін оқыту бейіні бойынша шығыс бақылау өткізіледі.

      25. Шығыс бақылаудың деректері негізінде ТЖМ білім беру ұйымы АҚО қызметкерлерінің дайындық деңгейіне талдау жасайды, қажет болған жағдайда оқу бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, АҚО-ға қызметтік жұмыс барысында АҚО қызметкерлерінің оқыту сапасын арттыру бойынша ұсыныстар жібереді.

      26. Оқу жоспарын орындамағаны, тәртіпті және ішкі тәртіпті бұзғаны үшін тыңдаушылар әрбір анықталған факті бойынша қызметтік тексеру материалдарының негізінде ТЖМ білім беру ұйымы бастығының бұйрығымен біліктілігін арттыру курстарынан шығарылады.

      ТЖМ білім беру ұйымы бастығы бұйрығының көшірмесі үш жұмыс күні ішінде АҚО кадр қызметіне тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін жіберіледі.

      27. Осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген негіздер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан шығарылған АҚО қызметкерлерін біліктілігін арттыруға қайта жіберу оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралғаннан кейін жоспар-кестеде көзделген кезеңде жүзеге асырылады.

      28. ТЖМ білім беру ұйымы біліктілікті арттыру курсы аяқтағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде тыңдаушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификат береді.

      29. ТЖМ білім беру ұйымы әрбір біліктілікті арттыру курсын аяқтағаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілікті арттыру курстарында оқыту қорытындылары туралы мәліметтерді қоса бере отырып, ТЖМ кадр қызметіне есеп жолдайды.

5-тарау. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары мен шет елде қайта даярлау мен біліктілікті арттыруды жүзеге асыру

      30. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында АҚО қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ТЖМ білім беру ұйымының бағдарламасына енбейтін тақырыптар бойынша жүгізіледі.

      31. Шет елде АҚО қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру:

      1) халықаралық шарттар негізінде;

      2) республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметшілерді арнайы оқыту бағдарламасы мен мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде;

      3) халықаралық ұйымдар немесе шет мемлекеттердің үкіметтері қаражат бөлген немесе техникалық көмек көрсеткен кезінде, соның ішінде мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб шеңберінде немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат бөлінген жағдайда жүзеге асырылады.

      32. АҚО қызметкерлерін шетелдерде қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға іріктеу мақсатында комиссия құрылады.

      ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін іріктеуді Министрдің бұйрығымен құрылатын комиссия жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болып Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі, комиссия мүшелері болып ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары тағайындалады.

      ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін іріктеуді ТЖМ аумақтық бөлімшесі бастығының бұйрығымен құрылатын комиссия жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болып ТЖМ аумақтық бөлімшесі бастығының орынбасары, комиссия мүшелері болып ТЖМ аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары тағайындалады.

      ТЖМ білім беру ұйымының қызметкерлерін іріктеуді ТЖМ білім беру ұйымы бастығының бұйрығымен құрылатын комиссия жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болып ТЖМ білім беру ұйымы бастығының орынбасары, комиссия мүшелері болып ТЖМ білім беру ұйымы факультеттерінің, кафедраларының бастықтары тағайындалады.

      Комиссия хатшылары болып кадр қызметінің қызметкерлері тағайындалады.

      Комиссия шешімі комиссия хаттамасымен (еркін нысанда) ресімделеді.

      33. АҚО қызметкерлерін шетелде қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға іріктеу кезінде қабылдаушы тарап қоятын шарттардан басқа төмендегідей шарттар сақталады:

      1) оқу басталар сәтінде оларды шетелге оқуға жіберетін бөлімшедегі кемінде бір жыл жұмыс өтілінің болуы;

      2) оқыту бағдарламасы тақырыбының АҚО қызметкерінің атқаратын лауазымына, функционалдық міндеттері мен мамандығына, сондай-ақ ол қызмет ететін бөлімшенің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуі тиіс.

      34. АҚО кадр қызметтері Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының және шет елдердің білім беру ұйымдарында қайта даярлауға және біліктілікті арттыруды өткізуге арналған шығыстарды жоспарлайды.

  Азаматтық қорғау органдары
қызметкерлерін кәсіби даярлау,
қайта даярлау және олардың
біліктілігін арттыруды жүзеге
асыру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан



________________________________________________________________________________ (Білім беру ұйымының атауы)

СЕРТИФИКАТ

      __________________________________________________________________________

      (атағы, тегі, аты, әкесінің аты ( болған жағдайда))

      __________________________________________________________________________

      (оқудан өткен мерзімі)

      __________________________________________________________________________

      (санат атауы)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      санаты бойынша қайта даярлау курстарынан өтті

      Білім беру ұйымының бастығы _________________________________________

      ____________ қаласы 20 _____ ж. "___" _________             Тіркеу № ________

      Толтыру сипаттамасы

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Білім беру ұйымында қайта даярлаудан өткені туралы сертификаттың нысаны (сипаттамасы).

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің білім беру ұйымында қайта даярлаудан өткені туралы куәландыратын құжат сертификат болып табылады.

      2. Сертификат А4 форматындағы (297х210 миллиметр өлшемдегі) қалың жылтыр қағазда басылады.

      3. Мемлекеттік тілде толтырылады:

      1) ашық-көгілдір түсті фонның ортасында диаметрі 110 миллиметр Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің эмблемасы орналасқан;

      2) жиегінен 7 миллиметр қашықтықта ені 7 мм болатын қара-көк түсті ою-өрнекпен жиектелген.

      4. Құжаттың жоғарғы жағында:

      1) ою-өрнекті жиектеменің шетінен 5 миллиметр қашықтықта диаметрі 30 миллиметр Қазақстан Республикасының Елтаңбасының (Қазақстан деген жазуы латын әріптермен) орналасқан;

      2) Елтаңба бейнесінің астында ортада 5 миллиметр қашықтықтағы мәтін "білім беру ұйымының атауы" деректемелеріне арналған бос баған. Жартылай қалың Times New Roman 14 қарпімен, бас әріптермен басылады;

      3) "Білім беру ұйымының атауы" деректемелерінің астында 5 миллиметр қашықтықта "СЕРТИФИКАТ" жазуы. Жартылай қалың Times New Roman 48 қарпімен, бас әріптермен басылады.

      5. "СЕРТИФИКАТ" жазуынан 15 мм төмен 7 жол орналасады:

      бірінші жол – "атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)" деректемелеріне бос баған;

      екінші жол – "оқудан өткен мерзімі" деректемелеріне бос баған;

      үшінші жол – "санат атауы" деректемелеріне бос баған;

      төртінші, бесінші жолдары – сағат санын көрсете отырып, "санаты бойынша қайта даярлау курстарынан өтті" мәтіні;

      алтыншы жол – "Білім беру ұйымының бастығы" мәтіні және аты-жөнін және қол қою үшін бос баған;

      жетінші жол – "_________ қаласы 20___ жылғы "___" __________", бағаны, сол жақта орналасады, "Тіркеу № ___" бағанның оң жағынан орналасады.

      6. Сертификат баспаханалық немесе компьютерлік тәсілмен дайындалады (қолмен немесе баспа құрылғыларының көмегімен толтырылатын деректерді ескерусіз).

  Азаматтық қорғау органдары
қызметкерлерін кәсіби даярлау,
қайта даярлау және олардың
біліктілігін арттыруды жүзеге
асыру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Қайта даярлау курстарында оқытудың қорытындылары туралы мәліметтер санаты ______________________ оқу мерзімі _________________

р/с №

Азаматтық қорғау органдары бөлімшелерінің атауы

Жоспар

Қабылданды

Кешігіп келгендер

Бітіргендер

Көтермеленді

Тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Шығарылғандар

Теріс себептермен

Ауруына байланысты

Басқа себептермен













Барлығы










  Азаматтық қорғау органдары
қызметкерлерін кәсіби даярлау,
қайта даярлау және олардың
біліктілігін арттыруды жүзеге
асыру қағидаларына
3-қосымша

      Нысан



______________________________________________________________________________ (Білім беру ұйымының атауы)

СЕРТИФИКАТ

      _________________________________________________________________________

      (атағы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      __________________________________________________________________________

      (оқудан өткен мерзімі)

      __________________________________________________________________________

      (санат атауы)

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      санаты бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті

      Білім беру ұйымының бастығы _________________________________________

      _____________________ қаласы 20 _____ ж. "___" _________ Тіркеу № ____________

      Толтыру сипаттамасы

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің білім беру ұйымында біліктілікті арттыру курсынан өткені туралы сертификаттың нысаны (сипаттамасы).

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің білім беру ұйымында біліктілікті арттыру курсынан өткені туралы куәландыратын құжат сертификат болып табылады.

      2. Сертификат А4 форматындағы (көлемі 297х210 миллиметр) қалың жылтыр қағазға басылады.

      3. Мемлекеттік тілде толтырылады:

      1) ашық-көгілдір түсті фонның ортасында диаметрі 110 миллиметр болатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің эмблемасы орналасқан;

      2) жиегінен 7 миллиметр қашықтықта ені 7 мм болатын қара-көк түсті ою-өрнекпен жиектелген.

      4. Құжаттың жоғарғы жағында:

      1) ою-өрнекті жиектеменің шетінен 5 миллиметр арақашықтықта диаметрі 30 миллиметр Қазақстан Республикасының Елтаңбасы (Қазақстан деген жазуы латын әріптерімен) орналасқан;

      2) Елтаңба бейнесінің астында ортада 5 миллиметр қашықтықтағы мәтін "білім беру ұйымының атауы" деректемелеріне арналған бос баған. Бас әріптермен басылады, жартылай қалың TimesNewRoman 14 қарпімен;

      3) "Білім беру ұйымының атауы" деректемелерінің астында 5 миллиметр қашықтықта "СЕРТИФИКАТ" жазуы. Бас әріптермен басылады, жартылай қалың TimesNewRoman 48 қарпімен.

      5. "СЕРТИФИКАТ" жазуынан 15 мм төмен 7 жол орналасады:

      бірінші жол – "атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)" деректемелеріне бос баған;

      екінші жол – "оқудан өткен мерзімі" деректемелеріне бос баған;

      үшінші жол – "санат атауы" деректемелеріне бос баған;

      төртінші, бесінші жолдары – сағат санын көрсете отырып, "санаты бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті" мәтіні;

      алтыншы жол – "Білім беру ұйымының бастығы" мәтіні, аты-жөні және қол қою үшін бос баған;

      жетінші жол – "_________ қаласы 20___ жылғы "___" __________", бағаны сол жақта орналасады, "Тіркеу № ___" бағанның оң жағында орналасады.

      6. Сертификат баспаханалық немесе компьютерлік тәсілмен дайындалады (қолмен немесе баспа құрылғыларының көмегімен толтырылатын деректерді ескерусіз).

  Азаматтық қорғау органдары
қызметкерлерін кәсіби даярлау,
қайта даярлау және олардың
біліктілігін арттыруды жүзеге
асыру қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Біліктілікті арттыру курстарында оқытудың қорытындылары туралы мәлімет санаты ______________________ оқыту мерзімі _________________

р/с №

Азаматтық қорғау органдары бөлімшелерінің атауы

Жоспар

Қабылданды

Кешігіп келгендер

Бітіргендер

Көтермеленді

Тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Шығарылғандар

Теріс себептермен

Ауруына байланысты

Басқа себептермен













Барлығы











Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады