Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Білім беру ұйымына, шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға бюджет қаражаты есебінен ақы төлей отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жолдамасы бойынша түсетін адамдармен келісімшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 473 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 қыркүйекте № 24588 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.10.2023 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Білім беру ұйымына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетін адамдармен келісімшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.10.2023 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 473 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің білім беру ұйымына, шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға бюджет қаражаты есебінен ақы төлей отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жолдамасы бойынша түсетін тұлғалармен келісімшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.10.2023 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1 -тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің білім беру ұйымына, шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға бюджет қаражаты есебінен ақы төлей отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жолдамасы бойынша (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің білім беру ұйымына (бұдан әрі – ТЖМ) білім беруді іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетін тұлғалармен келісімшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртібін айқындайды бюджет қаражаты есебінен оқу ақысын төлей отырып, ТЖМ бағыты бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға ақы төлей отырып, бюджет қаражатын төлей отырып, келісімшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.10.2023 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Келісімшартты жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртiбi

      2. Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТЖМ білім беру ұйымына оқуға түсетін адамдармен келісімшарт қабылдау комиссиясы ТЖМ білім беру ұйымына қабылдау туралы шешім шығарғаннан және ТЖМ білім беру ұйымы бастығының оқуға қабылдау туралы бұйрығы шыққаннан кейін жасалады.

      Келісімшартты курсант және ТЖМ білім беру ұйымының бастығы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және қол қойылады. Келісімшарт мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалады, оның біреуі жеке іске тігіледі, ал екіншісі курсантқа беріледі. Келісімшарттардың әрқайсысының бірдей заңды күші бар.

      3. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТЖМ білім беру ұйымына оқуға түсетін адамдармен келісімшарт қабылдау комиссиясының ТЖМ білім беру ұйымының магистратурасына немесе PhD докторантурасына қабылдау туралы шешім шығарғаннан және ТЖМ білім беру ұйымы бастығының оқуға қабылдау туралы бұйрығы шыққаннан кейін жасалады.

      Келісімшарт осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және оған ТЖМ білім беру ұйымының бастығы, магистратураға немесе PhD докторантураға қабылданған қызметкер және қызметкерді оқуға жіберген ТЖМ, ТЖМ аумақтық бөлімшелердің бастықтары, азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің командирлері қол қояды.

      Келісімшарт үш данада қазақ және орыс тілдерінде жасалады, бір данасы жеке іске тігіледі, екіншісі магистрантқа (докторантқа) беріледі, үшіншісі магистрантты (докторантты) оқуға жіберген ТЖМ-ге, ТЖМ аумақтық бөлімшесіне, азаматтық қорғаныстың әскери бөліміне,ТЖМ білім беру ұйымына жолданады. Келісімшарттардың әрқайсысының бірдей заңды күші бар.

      4. Шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсетін тұлғалармен ТЖМ жолдамасы бойынша келісімшарт қабылдау комиссиясы ТЖМ жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау және оқуға жіберу туралы шешім шығарғаннан кейін жеке істері кадр қызметінде қалдырыла отырып жасалады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.10.2023 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Жасы он сегізге толмаған адамдармен келісімшарт жасалған жағдайда, олардың ата-аналарының, бала асырап алушыларының немесе қамқоршыларының еркін нысандағы жазбаша келісімі қоса беріледі.

      6. Келісімшарт шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын білім беру ұйымдарында оқитын адамдармен ТЖМ жолдамасы бойынша ұзартылады, егер:

      курсанттың өзі оқитын елдің тиісті құжаттарымен расталған ауруы (ауруы туралы медициналық анықтама);

      растайтын құжаттары (анықтама, куәлік) болған кезде курсанттың жақын туыстарының не оның асырауындағы адамдардың науқастануы немесе қайтыс болуы;

      Келісімшартты ұзарту тыңдаушының жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады.

      Келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі осы Қағидаларға 3-қосымшаның 10-тармағында көрсетілген форс-мажорлық мән-жайлардың қолданылу уақытына мөлшерлес ұзартылады.

      ТЖМ білім беру ұйымы басшысының келісімшартты ұзарту туралы шешімі бұйрықпен ресімделеді және курсанттың назарына жеткізіледі.

      Осы Қағидаларға 3-қосымшаның 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мән-жайлар болмаған жағдайда келісімшартты ұзартудан бас тартылады.

      Өтінішті қарау нәтижелері туралы жауап он бес күнтізбелік күн ішінде өтініш берушіге жіберіледі.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.10.2023 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Курсантты, магистрантты, докторантты ТЖМ-ның бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына ауыстыру кезінде олармен келісімшарт қайта жасалады.

      8. Келісімшарт тараптардың келісімі бойынша өзгертіледі.

      9. Келісімшарт мерзімінен бұрын мынадай жағдайларда:

      1) курсантты (магистрантты, докторантты) қызметке жарамсыз немесе шектеулі жарамды деп тану туралы әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы негізінде денсаулық жағдайы бойынша қызметтен шығарылғанда;

      2) курсант (магистрант, докторант) қайтыс болғанда;

      3) шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТЖМ білім беру ұйымынан, білім беру ұйымынан үлгерімсіздігі, тәртіпсіздігі бойынша, сондай-ақ өз қалауы бойынша оқудан шығару;

      4) қызметкердің ТЖМ білім беру ұйымын және ТЖМ жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымын бітіргеннен кейін 5 жыл ішінде азаматтық қорғау органдарында қызмет өткеруден бас тартуы;

      5) Заңның 80-бабы 1-тармағының 5), 6), 11), 12), 13), 14), 15), 16) және 18) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша босатылған жағдайда бұзылады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.10.2023 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын, шақыру жасына жеткен, келісімшартты мерзімінен бұрын бұзған ТЖМ білім беру ұйымының күндізгі бөлім курсанттары арнайы есептен шығарылады және ТЖМ білім беру ұйымының кадр қызметі әскери есепке қою және әскерге шақыру үшін тұрғылықты жері бойынша әскери басқару органдарына жібереді әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу Қағидаларының 77-тармағына сәйкес әскери қызмет, осы Қағидалардың 9-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14881 болып тіркелген).

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.10.2023 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Заңның 9-бабы 8-тармағына сәйкес мерзімінен бұрын келісімшарт бұзылған курсанттар өздерін оқыту кезеңінде оқуға, стипендия төлеуге, тамақтандыруға, заттай жабдықталымына және каникулдық демалыс кезеңінде оқу орнына баруға және кері қайтуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтейді. Ұсталуға тиісті сомма ТЖМ білім беру ұйымында, ТЖМ жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары білім беретін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында болған әрбір толық айға пропорционалды түрде есептеледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.10.2023 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Тараптар келісімшартта көрсетілген өз міндеттемелерін толық орындағаннан кейін, сондай-ақ осы Қағидалардың 7 және 9-тармақтарында көзделген жағдайларда келісімшарт өз қолданысын тоқтатады.

  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің білім беру ұйымдарына түсуші тұлғалардың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына бюджет қаражаты есебінен оқу ақысын төлей отырып, келісімшартты жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларына
  1-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.10.2023 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

КЕЛІСІМШАРТ

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.10.2023 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      қаласы 20_____ ж. "____" ________

      ________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің білім беру ұйымының (бұдан әрі – ТЖМ білім беру ұйымы) атауы)

      _______________________________________________ мекенжайы
бойынша орналасқан ____________________ (20__ ж. "__" ________

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі берген №________ сериясы__________ лицензия)

      Жарғының негізінде әрекет ететін бұдан әрі "ТЖМ білім беру ұйымы" деп аталатын
_____________________________________________________________________,
(лауазымы, арнаулы (әскери) атағы, тегі, аты,әкесінің аты (болған жағдайда)) бір тараптан және бұдан әрі "курсант" деп аталатын __________________

      __________________________________________________ мекенжайда тұратын

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) ТЖМ білім беру ұйымына оқуға қабылданған адаммен төмендегілер туралы осы келісімшартты жасасты.

1-тарау. Келісімшарттың мәні

      1. ТЖМ білім беру ұйымы "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 тіркелген) 1-қосымшаға сәйкес Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес курсантты білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастыру бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдайды (бұдан әрі – МЖМБС);

      Оқу бағдарламасы:________________________________________________

      (мамандықтың атауы және шифры, оқыту нысаны)

      Оқыту мерзімдері:________________________________________________
(білім беру ұйымындағы оқу кезеңі көрсетіледі)

2-тарау. Тараптардың құқықтары және міндеттері

      2. ТЖМ білім беру ұйымының:

      1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Білім беру ұйымына, шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға бюджет қаражаты есебінен ақы төлей отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жолдамасы бойынша түсетін тұлғалармен келісімшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларында белгіленген тәртіппен, "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін, осы келісімшартты өзгерту және бұзу;

      2) "Құқық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес курсантты көтермелеуге, оны материалдық және тәртіптік жауапкершілікке тартуға;

      3) курсанттан ТЖМ білім беру ұйымының мүлкіне келтірген зиянды өндіріп алуға;

      4) осы Келісімшарттың 5-тармағының 10), 11) тармақшаларында көзделген жағдайларда, курсантқа стипендиялар төлеуді, оқу кезеңінде тамақтануды, заттай жабдылықтаманы және каникулдық демалыстар кезеңінде оқу орнына баруға және кері қайтуға арналған шығыстарды қоса алғанда, оқуға жұмсалған бюджет қаражатын өндіріп алуға;

      5) курсантқа каникулдық демалыстар және "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген демалыстардың басқа да түрлерін беруге;

      6) қажет болған жағдайда жазбаша өкім бойынша курсантты белгіленген уақыттан тыс, сондай-ақ түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері қызметтік міндеттерін орындауға тартуға құқығы бар.

      3. ТЖМ білім беру ұйымы:

      1) курсантты "Білім туралы" Қазақстан Республикасынының Заңына және МЖБС талаптарына сәйкес білім алу шарттарымен қамтамасыз етуге;

      2) 18 жасқа толмаған курсанттармен келісімшарт жасалған жағдайда ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының келісімін алуға;

      3) курсантқа стипендия төлеуге;

      4) курсантты нысанды және арнайы киім-кешекпен тегін қамтамасыз етуге;

      5) оқудың жағдайларын жасауға, курсантты қажетті жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге;

      6) курсантты медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етуге;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда курсантқа қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты келтірілген зиянды өтеуге;

      8) курсанттың оқу кезеңдерін растайтын құжаттарды мемлекеттік мұрағатқа тапсыруға;

      9) әскери билетті (тіркеу куәлігін), сондай-ақ еңбек кітапшасын сақтауды және оған қажетті жазбалар енгізуді қамтамасыз етуге (тағайындау, босату, көтермелеуді қолдану туралы жазбалар);

      10) курсанттың жеке ісіне оның оқуына жұмсалған шығын туралы анықтаманы тіркеуге;

      11) курсантты Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің білім беру ұйымының түлектерін бөлуге сәйкес азаматтық қорғау органдарының бөлімшелеріне бөлуге міндетті.

      4. Курсант:

      1) осы келісімшартты өзгертуге және бұзуға;

      2) қауіпсіздік және гигиена талаптарына жауап беретін оқу, тұру және медициналық қамтамасыз ету шарттарына;

      3) қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты денсаулығына келтірілген зиянның өтелуіне құқылы.

      5. Курсант:

      1) осы Келісімшартта көрсетілген мамандық мен мамандану бойынша кәсіби қызметтің барлық түрлерін дұрыс меңгеруге;

      2) қызметтік тәртіпті сақтауға;

      3) ТЖМ білім беру ұйымының мүлкін күтіп ұстауға;

      4) еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидалары мен санитарлық-гигиеналық нормалардың талаптарын орындауға;

      5) оның лауазымына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жарияламауға;

      6) туындаған адамдардың өмірі мен денсаулығына, білім беру ұйымы мен білім алушылар мүліктерінің сақталуына қауіп төндірген жағдайлар туралы хабарлауға;

      7) оқуға қабылдау кезінде кадр қызметіне еңбек кітапшасын, әскери билетін (олар болған кезде) ұсынуға;

      8) отбасы жағдайы өзгерген, оны немесе жақын туыстарын қылмыстық жауапкершілікке тарқан, олардың біреуі шетелге тұрақты тұруға кеткен жағдайларда бұл туралы үш күн мерзім ішінде баянат арқылы тікелей бастығына баяндауға;

      9) азаматтық қорғау органдарының тиісті бөлімшесінде кемінде 5 жыл қызмет өткеруге;

      10) үлгермеушілігі, тәртіпсіздігі бойынша, өз қалауы бойынша оқудан шығарылған жағдайда, өзін оқыту кезеңінде оқуға, стипендия төлеуге, тамақтандыруға, заттай жабдылықталымына және каникулдық демалыс кезеңінде оқу орнына бару және кері қайту жолақысы шығыстарына жұмсалған бюджет қаражаты мемлекетке өтелуге. Ұсталуға тиісті сома ТЖМ білім беру ұйымында болған әрбір толық айға пропорционалды түрде есептеледі;

      11) ТЖМ білім беру ұйымын бітіргеннен кейін азаматтық қорғау органдарында қызмет өткеруден бас тартқан, сондай-ақ тармақшаларда көзделген негіздер бойынша жұмыстан шығарылған жағдайда 5), 6), 11), 12), 13), 14), 15), 16) 18) және 19) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының ТЖМ білім беру ұйымын бітіргеннен кейін немесе келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғаннан кейін бес жыл ішінде шәкіртақы төлеуді, тамақтануды қоса алғанда, оқуға жұмсалған бюджет қаражаты, оның оқу кезеңіндегі заттай үлесі және демалыс кезеңінде оқу орнына бару және кері қайту шығындары мемлекетке өтелсін. Ұстауға жататын сома келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін әрбір толық қызмет етілмеген ай үшін пропорционалды қаралады.

      6. Келісімшарт тараптардың келісімі немесе тараптардың бірінің бастамасы бойынша, сондай-ақ Келісімшарт талаптары бұзылған жағдайда бұзылады.

      Тараптардың бірінің бастамасы бойынша келісімшарт "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 12), 13), 14), 15), 16) 18) және 19) тармақшаларды қоспағанда, екінші Тараптың оны бұзғаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап 30 жұмыс күні өткен соң бұзылады.

      7. Осы Келісімшарттың талаптары тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.

      8. Келісімшарт 2 данада жасалады, оның біреуі курсанттың жеке ісінде сақталады.

      Осы келісімшартқа қоса беріледі ____________________________________

      (курсанттың білім беру ұйымына берген жеке құжаттарының тізімдемесі)

      9. Осы Келісімшарт Тараптар өз міндеттемелерін толық орындағаннан кейін өз қолданысын тоқтатады.

      10. Осы Келісімшарттың талаптарын орындауға байланысты туындаған оның Тараптары арасындағы даулар Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен шешіледі.

      11. Осы Келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

Курсант:
____________________________
(курсанттың немесе оның заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Жеке басын куәландыратын
құжаттың
№__________________
ЖСН____________________________
Мекенжайы__________________________
_______________________________
Телефоны________________________
Электрондық поштасы______________
Қолы _________ Күні ________

ТЖМ білім беру ұйымы:
Банктік деректемелер:
ЖСК ________________________
БСК_________________________
БСН_________________________
16 код _____________________
Бастық:
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Қолы _________ Күні ________
М.О.

      ТЖМ білім беру ұйымының жарғысымен, білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензиямен, Ішкі тәртіп қағидаларымен, осы Келісімшартпен таныстым _________________________________ (қолы)

  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің білім беру ұйымдарына түсуші тұлғалардың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына бюджет қаражаты есебінен оқу ақысын төлей отырып, келісімшартты жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларына
  2-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.10.2023 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

КЕЛІСІМШАРТ

қаласы 20_____ ж. "____" ________

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.10.2023 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _______________________________________________________________,

      (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің білім беру ұйымының

      (бұдан әрі – ТЖМ білім беру ұйымы) атауы)

      _______________________________ мекенжайы бойынша орналасқан

      _____________________________________________ 20____ ж. "____" ________

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі берген №______________ сериясы______________ лицензия)

      Жарғы негізінде әрекет ететін, одан әрі "ТЖМ білім беру ұйымы" деп аталатын

      __________________________________________________________________,

      бір тараптан және ТЖМ білім беру ұйымының магистратурасына/докторантурасына қабылданған бұдан әрі "магистрант/докторант" деп аталатын тұлға _____________ _______________________________________________________ екінші тараптан

      (арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және _________________ негізінде және магистранттың/докторанттың (арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) мүддесінде, әрекет ететін, бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын

      ___________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – ТЖМ),

      _______________________________________________________________________

      ТЖМ аумақтық бөлімшесінің, азаматтық қорғаныс әскери бөлімінің, ТЖМ білім беру ұйымының атауы) атынан төмендегілер туралы осы келісімшартты жасасты:

1-тарау. Келісімшарттың мәні

      1. ТЖМ білім беру ұйымы "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламалары (бұдан әрі – МЖБС) бойынша магистрантты/PhD докторантты оқытуды ұйымдастыру бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдайды;

      Шифр және білім беру бағдарламасының атауы: _____________________________

2-тарау. Тараптардың құқықтары және міндеттері

      2. ТЖМ білім беру ұйымы:

      1) МЖБС талаптарына сәйкес оқытуды қамтамасыз етуге;

      2) магистрантқа/PhD докторантқа ай сайын оқуға жіберілгенге дейін атқарған соңғы (уақытша атқармайтын) штаттық лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысының жетпіс пайызы мөлшерінде лауазымдық жалақы төлеуге міндетті.

      3. ТЖМ білім беру ұйымы:

      1) Магистранттан/PhD докторанттан осы Келісімшартқа, ТЖМ білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидаларына және жарғысына сәйкес міндеттерін адал және тиісінше орындауды талап етуге;

      2) магистрантқа/PhD докторантқа оқу және жеке жоспарды орындамағаны, ішкі тәртіп қағидаларын және ТЖМ білім беру ұйымының жарғысын бұзғаны үшін оқудан шығарғанға дейін тәртіптік ықпал ету шараларын қолдануға;

      3) магистранттың/PhD докторанттың оқу жетістіктерін тексеру мақсатында "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 5-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес бекітілетін ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау нысанын айқындауға құқылы.

      4. Магистрант/PhD докторанты:

      1) МЖБС көлемінде білім, біліктілікті және практикалық дағдыларды меңгеруге;

      2) ТЖМ білім беру ұйымы басшысының бұйрықтары мен өкімдерін, осы Келісімшарттың жарғысы мен ішкі тәртіп қағидаларын және шарттарын сақтау және орындауға;

      3) отбасы жағдайы, тұрғылықты жері, телефоны өзгерген кезде жоғарыда көрсетілген мән-жайлар басталған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы хабарлауға міндетті.

      5. Магистратурада/РhD докторантурада оқу кезеңінде:

      1) мына бөлімдерден тұратын жеке жұмыс жоспарын орындауға міндетті:

      жеке оқу жоспары;

      ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, мерзімі және есептілік нысаны);

      практика (бағдарлама, база, есептілік мерзімі мен нысаны);

      негіздемесі мен құрылымы бар магистрлік/докторлық диссертация тақырыбы;

      магистрлік/докторлық диссертацияны орындау жоспары;

      ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалар жоспары;

      2) білім беру ұйымы белгілеген мерзімде жеке жоспардың орындалуы туралы есеп беруге міндетті;

      3) аралық аттестаттаудан өтуге;

      4) магистрлік/докторлық диссертация дайындауға;

      5) диссертацияны сараптамалық кеңеске ұсынуға;

      6) қорытынды аттестаттаудан өтуге: кешенді емтихан тапсыру, магистрлік/докторлық диссертацияны көпшілік алдында қорғау қажет.

      6. Магистрант/PhD докторант:

      1) магистратураның/докторантураның білім беру бағдарламасында көзделген тапсырмаларды орындау мақсатында ТЖМ білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жарақтандырылуын пайдалануға;

      2) ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық түрлеріне, конференцияларға, симпозиумдарға қатысуға, өз жұмыстарын, оның ішінде білім беру ұйымдарының басылымдарында жариялауға ұсынуға;

      3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу процесін ұйымдастыру мазмұнын, оқыту әдістемесін, оқытушылардың дербес құрамын жетілдіру бойынша ұсыныстарды кез келген нысанда (жазбаша, ауызша) енгізуге құқылы.

3-тарау. Ерекше шарттар

      7. Тапсырыс беруші магистрантты/PhD докторантын оқытуды аяқтағаннан кейін оқуға жіберілгенге дейінгі лауазымнан төмен емес лауазымға тағайындайды.

4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      8. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапты болады.

5-тарау. Дауларды шешу тәртібі

      9. Осы Келісімшартты орындау процесінде туындайтын келіспеушіліктер мен дауларды тараптар өзара қолайлы шешімдерді әзірлеу мақсатында тікелей қарайды.

      10. Тараптардың келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер әзірлеу арқылы шешілмеген мәселелері Азаматтық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен шешіледі.

6-тарау. Келісімшарттың қолданыс мерзімі, талаптарды өзгерту және оны бұзу тәртібі

      11. Осы Келісімшарт тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және оқуды аяқтағаннан кейін ТЖМ, ТЖМ аумақтық бөлімшелерінде, азаматтық қорғаныс әскери бөлімінде, ТЖМ білім беру ұйымында үш жыл жұмыс істегеннен кейін өз қолданысын тоқтатады.

      12. Осы Келісімшарттың талаптары тараптардың өзара жазбаша келісімдері бойынша өзгеруі және толықтырылуы мүмкін.

      13. Осы Келісімшарт бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде 3 данада жасалады және ТЖМ білім беру ұйымына, магистрантқа/PhD докторантқа және ТЖМ /ТЖМ аумақтық бөлімшесіне/азаматтық қорғаныс әскери бөліміне/ТЖМ білім беру ұйымына бір-бір данадан беріледі.

      ТЖМ/ТЖМ аумақтық бөлімшесі/азаматтық қорғаныс әскери бөлімі/ТЖМ білім беру ұйымы:

ТЖМ/ТЖМ аумақтық бөлімшесі/азаматтық қорғаныс әскери бөлімі/ТЖМ білім беру ұйымы:

ТЖМ білім беру ұйымы:

е/ш _____________________________
БСК ____________________________
БСН ___________________________
Мекенжайы _______________________
________________________________
________________________________
_________________________ бастығы

Банктік деректемелер:
ЖСК ______________________________
БСК ______________________________
БСН_______________________________
16-код ___________________________

Магистрант/докторант:
Т.А.Ә (болған кезде).__________________
Жеке куәліктің № _______________________
ЖСН ___________________________________
Мекенжайы______________________________
_______________________________________
Телефоны_______________________________
Электрондық поштасы____________________
Магистрант/докторант
Білім беру ұйымының жарғысымен, білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензиямен, Ішкі тәртіп қағидаларымен, осы Келісімшартпен таныстым
__________________________________________________________________ (магистранттың/докторанттың қолы)

  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің білім беру ұйымдарына түсуші тұлғалардың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына бюджет қаражаты есебінен оқу ақысын төлей отырып, келісімшартты жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларына
  2-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.10.2023 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

КЕЛІСІМШАРТ

қаласы 20_____ ж. "____" ________

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.10.2023 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "_______________________________________________________________,

      (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің білім беру

      ұйымының (бұдан әрі – ТЖМ білім беру ұйымы) атауы)

      _______________________________________мекенжайы бойынша орналасқан

      ____________________________________________ (20____ ж. "____" ________Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі берген №__________ сериясы______________ лицензия) Жарғы негізінде әрекет ететін, одан әрі "ТЖМ білім беру ұйымы" деп аталатын ___________________________________________________, бір тараптан және шет мемлекеттің құқық қорғау органдарының жоғары білім берудің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымына оқуға жіберілетін, бұдан әрі "курсант" деп аталатын _________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, арнаулы атағы) екінші тараптан, ал бірге "Тараптар" деп аталатын төмендегілер туралы осы Келісімшартты жасады:

1-тарау. Келісімшарттың мәні

      1. ТЖМ білім беру ұйымы курсантты ________________________________

      ________________________________________________________________

      (ел, қала, оқу орны)

      20 ___ жылғы "___"_________ бастап 20 ___ жылғы "___"______ дейінгі кезеңде оқуға жібереді.

2-тарау. Тараптардың құқықтары

      2. ТЖМ білім беру ұйымы:

      1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Білім беру ұйымына, шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға бюджет қаражаты есебінен ақы төлей отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жолдамасы бойынша түсетін адамдармен келісімшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларында белгіленген тәртіппен, "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін осы Келісімшартты өзгертуге және бұзуға;

      2) "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңы 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес сәйкес курсанттан оның шет елде оқуына және жол жүруіне байланысты ТЖМ оқу ұйымы көтерген барлық шығындарды, курсанттың шет елде оқуын республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылған жағдайда өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдауға құқылы.

      3. Курсант:

      1) оқу мерзімі аяқталғанға дейін мына негіздер бойынша осы Келісімшартты:

      курсант оқытылып жатқан елдің тиісті құжаттарымен расталған курсанттың өзінің науқастануына байланысты;

      растайтын құжаттары болған кезде курсанттың жақын туыстарының не оның асырауындағы адамдардың науқастануына немесе қайтыс болуына байланысты ұзартуға не бұзуға;

      2) ТЖМ білім беру ұйымының алдында осы Келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш жасауға құқылы.

3-тарау. Тараптардың міндеттері

      4. ТЖМ білім беру ұйымы:

      1) жоғарыда көрсетілген оқу орнында 20___жылғы "____"______ мен 20___жылғы "____"______аралығында курсантты оқытуды және оқытуды қаржыландыруды республикалық бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыруға;

      2) курсантты оқытуды, оның тұруын, тамақтануын, жоғарыда көрсетілген оқу орнындағы ай сайынғы стипендиясын толық төлеуді ұйымдастыруға (курсантты жеңілдікті және өтеусіз негізде оқыту жағдайларын қоспағанда), сондай-ақ оқу мекемелеріне жіберу кезінде (оқитын жеріне дейін), жаздық каникулярлық демалысын өткізетін жеріне және оқу орнына кері қайтуға автомобиль, темір жол көлігімен жол жүру құнын төлеуге;

      3) шет елде оқуын аяқтағаннан кейін курсантты алған мамандығына сәйкес лауазымға тағайындауға;

      4) шет елде оқу кезеңінде курсант қайтыс болған жағдайда ТЖМ қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағында оның денесін жерлеуді ұйымдастыруға міндетті. Жақын туысқандары Қазақстан Республикасынан тыс жерде жерлеу орнын белгілеген жағдайда ТЖМ қызметкердің денесін Қазақстан Республикасының аумағына жеткізуді төлейді.

      5. Курсант:

      1) білім алып жатқан шет елдің оқу орны қоятын талаптарды орындауға;

      2) оқу орнының бағдарламасында көзделген білім мен кәсіби дағдыларды меңгеруге;

      3) демалыс орнына келгеннен кейін және кері қайтқаннан кейін бір ай ішінде ТЖМ-ге жол жүру құжаттарын ұсынуға;

      4) оқуды тоқтату қажеттілігі туралы ТЖМ-ге уақтылы хабар беруге;

      5) оқуды аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасына оралуға және оқуды бітірген кезден бастап кемінде бес жыл азаматтық қорғау органдарында жұмысты өтеуге міндетті. Осы міндеттемені орындалмаған жағдайда курсант "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңға сәйкес қайта есептеуді ескере отырып, ТЖМ-ге оқуға жұмсалған қаржы қаражатын толық көлемде өтейді;

      6) шетелде оқуына жұмсалған қаржы қаражатын (оқу орнына дейінгі және кері қайту билеттерінің құны, оқу ақысын төлеу, тамақтану, тұру, заттай үлес, демалыс кезеңіндегі жол жүру, медициналық сақтандыру, стипендия, оқу әдебиетін сатып алу және осы Келісімшарттың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда курсанттың шетелде қамтамасыз етілгенін растайтын басқа да шығыстарды өтеуге міндетті.

4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      6. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапты болады.

5-тарау. Келісімшарттың қолданыс мерзімі

      7. Келісімшарт курсанттың оқу кезеңіне жасалады және Тараптар осы Келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданыста болады.

      8. Тараптардың жазбаша келісімі бойынша, сондай-ақ екінші тарап Келісімшарттың талаптарын бұзған жағдайда, бір тараптың бастамасы бойынша Келісімшарт мерзімінен бұрын бұзылуы немесе өзгертілуі мүмкін.

      9. Осы Келісімшартта 3-тармақпен қарастырылған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт ұзартуға жатпайды.

6-тарау. Келісімшарт бойынша тараптардың жауапкершілігін болдырмайтын мән-жайлар

      10. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған осы Келісімшарттың тараптары, егер тиісті түрде орындау еңсерілмейтін күштің, яғни осы жағдайлар кезінде төтенше және болмай қоймайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдай) салдарынан мүмкін болмағанын дәлелдесе, жауапты болмайды.

      11. Міндеттемелерін орындауға еңсерілмейтін күш мән-жайлары кедергі келтіретін тарап олар аяқталған сәттен бастап 24 сағат ішінде бұл туралы басқа Тарапты жазбаша (факсимильді байланыспен, жеделхатпен) хабардар етуге міндетті. Форс-мажорлық мән-жайлардың қолданылуы аяқталғаннан кейін тараптар үш күн ішінде бір-бірін хабардар етеді, олай болмаған жағдайда Тараптар залалдарды өтеуден босатылмайды.

      12. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі осы Қағидаларға 3-қосымшаның 10-тармағында көрсетілген форс-мажорлық мән-жайлардың қолданылу уақытына мөлшерлес ұзартылады.

7-тарау. Дауларды қарау

      13. Осы Келісімшартты орындау процесінде туындайтын келіспеушіліктер мен дауларды тараптар өзара қолайлы шешімдерді әзірлеу мақсатында тікелей қарайды.

      14. Тараптар келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер әзірлеу арқылы шешпеген мәселелер Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен шешіледі.

8-тарау. Өзге де шарттар

      15. Осы Келісімшарт курсанттың кінәсінен бұзылған жағдайда келтірген материалдық залалдың орнын толтыру осы Келісімшарттың міндетті шарты болып табылады.

      16. Келісімшарт екі данада, әр тарап үшін бір данадан жасалған, екі данасы да бірдей және бірдей заңды күші бар және екі тарап қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.

9-тарау. Қорытынды ережелер

      17. Осы Келісімшарттың ережелері Тараптар жасаған өзге Келісімшарттар бойынша тараптардың міндеттемелерін қозғамайды.

10-тарау. Тараптардың деректемелері

Курсант:
____________________________
курсанттың не оның заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
_______________________________
Жеке басын куәландыратын
құжаттың №__________________ ЖСН____________________________
Мекенжайы__________________________
_______________________________
Телефон________________________
Электронды пошта______________
Қолы ________ Күні _________

ТЖМ білім беру ұйымы:
Банк декертемелері:
ЖСК___________________________
БСК____________________________
БСН____________________________
16 код_________________________
Бастық:
________________________________
(тегі,аты әкесінің аты (болған жағдайда)
Қолы ________ Күні _________
М.О.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады