"Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (жалпы ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 1202 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2021 жылғы 20 тамыздағы № 727 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 тамызда № 24733 болып тіркелді

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 70-бабының 1-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 14-бабының 11)-тармақшасына, 139-бабының 5-тармағына, 145-бабының 2-тармағына, 153-бабына және 161-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (жалпы ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 1202 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 15813 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысында (ережесінде):

      26-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 161-бабының 2-тармағында көзделген салаларында мемлекеттік мекемелер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысында:

      17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "17. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (республикалық мемлекеттік кәсіпорындар үшін):

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Кәсіпорынның құрылтайшысы болады;

      2) Қазақстан Республикасының атынан Кәсіпорынға қатысты республикалық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

      3) Тиісті саланың уәкілетті органының ұсынымы бойынша республикалық мемлекет кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттарын, сондай-ақ осы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы не қазыналық кәсiпорын) айқындайды, жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізеді;

      4) Тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорынға берілген немесе ол өз шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

      5) Кәсіпорын мүлкінің мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

      6) Кәсіпорынның мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған, артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін, бақылауды жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз алып қоюды жүзеге асырады;

      7) Кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен теңгерімнен шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

      8) Тиісті саланың уәкілетті органына Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруға келісім береді;

      9) Тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар (өкілдіктер) құруға жазбаша келісім береді);

      10) Кәсіпорында бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізеді;

      11) Кәсіпорындардың жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретіне жатқызылған өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      23-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "23. Басшы:

      1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;

      3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

      4) сенімхаттар береді;

      5) банктік шоттар ашады;

      6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады.

      8) өзінің орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына) кандидатуралар ұсынады;

      9) өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді;

      10) жеке жауаптылықта болады:

      қаржы - шаруашылық қызметіне және Кәсіпорын мүлкінің сақталуы үшін;

      таза табыстың белгіленген бөлігін уақтылы бюджетке аудармағаны үшін;

      Кәсіпорының даму жоспарын іске асырудың нәтижелілігі және тиімділігі үшін;

      11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.";

      40-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "40. Кәсіпорын (шаруашылық жүргізу құқығындағы) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның жазбаша келісімімен не жергілікті қоғамдастық жиналысымен - аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратымен келісу бойынша тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша мыналарға:

      1) филиалдар, өкілдіктер құруға;

      2) оған тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларына билік етуге;

      3) үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілгерлік немесе кепілдік беруге құқылы.

      Кәсіпорын (шаруашылық жүргізу құқығындағы) дебиторлық берешекті тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жазбаша келісімімен ғана беруге және есептен шығаруға, қарыз беруге құқылы.";

      41-1-тармағымен толықтырылсын:

      "41-1. Кәсіпорын (жедел басқару құқығында) дебиторлық берешекті тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жазбаша келісімімен беруге және есептен шығаруға, қарыздар беруге құқылы.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерді ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
А. Ахметова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      ____________________

      2021 ж. "____" _______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады