"Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 18 қарашадағы № 602 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 қарашада № 25253 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8788 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларына:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      4-тармақтың 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;

      6-1 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1. Автокөлік құралдарының салмақтық параметрлерін айқындаған кезде көліктік дерекқор мен тасымалдау қауіпсіздігі динамикасының мониторингі ақпараттық талдау жүйесі (бұдан әрі – КДҚ АТЖ) автокөлік құралы салмағының өлшенген мәнінен автоматты түрде шегеретін өлшеу ауытқуы ескеріледі.

      Жүк автокөлік құралдарының біліктік жүктемелерін өлшеу кезінде шекті рұқсат етілген қателігі немесе дәлдік тобы осьтік жүктің өлшенетін массасынан – 10% құрайды.

      Жүк автокөлік құралдарынының осьтік жүктерін және жалпы массасын өлшеу кезінде шекті рұқсат етілген қателігі немесе дәлдік тобы осьтік жүктің немесе осьтік топтың өлшенетін массасынан – 3% құрайды.

      7. Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралын тексеру "Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.";

      8-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) деректерді Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Ахуалдық орталықтың (бұдан әрі – Ахуалдық орталық) КДҚ АТЖ-ге жіберу;";

      9-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) алыстан бақылаудың барлық функциялары Ахуалдық орталыққа арнайы автоматтандырылған өлшеу құралының байланыс арналары арқылы түседі.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушы
М. Карабаев

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 5 сентября 2013 года № 689 "Об утверждении Правил использования специальных автоматизированных измерительных средств"

Приказ и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 18 ноября 2021 года № 602. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 ноября 2021 года № 25253

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 5 сентября 2013 года № 689 "Об утверждении Правил использования специальных автоматизированных измерительных средств" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8788) следующие изменения:

      в Правилах использования специальных автоматизированных измерительных средств, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила использования специальных автоматизированных измерительных средств (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 13-1) статьи 13 Закона Республики Казахстан "Об автомобильном транспорте".";

      подпункты 4) и 5) пункта 4 исключить;

      пункты 6-1 и 7 изложить в следующей редакции:

      "6-1. При определении весовых параметров автотранспортных средств учитывается погрешность измерения, которая автоматически вычитается информационно-аналитической системой транспортной базы данных и мониторинга динамики безопасности перевозок (далее – ИАС ТБД) из измеренного значения массы автотранспортного средства.

      При измерении осевых нагрузок грузовых автотранспортных средств предельно допустимая погрешность или класс точности составляет 10 % от измеряемой массы осевой нагрузки.

      При измерении осевых нагрузок и общей массы грузовых автотранспортных средств предельно допустимая погрешность или класс точности составляет 3 % от измеряемой массы осевой нагрузки либо группы осей.

      7. Поверка специального автоматизированного измерительного средства осуществляется в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об обеспечении единства измерений".";

      подпункт 6) пункта 8 изложить в следующей редакции:

      "6) передача данных в ИАС ТБД Ситуационного центра Комитета транспорта Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан (далее - Ситуационный центр);";

      в подпункт 6) пункта 9 вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется.

      2. Комитету транспорта Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра индустрии
и инфраструктурного развития
Республики Казахстан
М. Карабаев