"Статистикалық бизнес-тіркелім ақпараттық жүйесін жүргізу және өзектілендіру жөніндегі әдістемені бекіту туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 50 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 қаңтарда № 26397 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 2), 4) және 15) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Статистикалық бизнес-тіркелім ақпараттық жүйесін жүргізу және өзектілендіру жөніндегі әдістеме бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Басшы Н. Айдапкелов

  Басшысының
2021 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 50 бұйрығына
қосымша

Статистикалық бизнес-тіркелім ақпараттық жүйесін жүргізу және өзектілендіру жөніндегі әдістеме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Статистикалық бизнес-тіркелім ақпараттық жүйесін жүргізу және өзектілендіру жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес қалыптастырылатын және бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Осы Әдістемеде мынадай анықтамалар пайдаланылады:

      сәйкестендiру нөмiрi – сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнде белгiлi бiр тұлғаға қатысты мәлiметтер туралы жазбаны жүргiзуге мүмкiндiк беретiн сандық нышандар кезектiлiгi түрiнде көрсетiлген жеке сәйкестендiру нөмiрi немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;

      негізгі қызмет түрі – қосылған құны шаруашылық жүргізуші субъекті жүзеге асыратын кез келген басқа қызмет түрінің қосылған құнынан асатын қызмет түрі;

      қосалқы қызмет түрі – негізгіден басқа үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарлар мен көрсетілетін қызметтер) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын қызмет түрі.

2-тарау. Статистикалық бизнес-тіркелім ақпараттық жүйесі туралы жалпы мәліметтер

      3. Статистикалық бизнес-тіркелім ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – СБТ АЖ) Қазақстан Республикасының ресми статистикасының ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады. Мазмұны бойынша СБТ АЖ деректер қоры құқықтық және статистикалық бірліктердің арнайы ұйымдастырылған және жүйелендірілген тізбесі болып табылады. Статистикалық есепке алу құралы бола отырып, СБТ АЖ тіркелімге енгізілген барлық бірліктер туралы қысқаша әкімшілік және экономикалық ақпаратты қамтиды. СБТ АЖ құрылымы мен мазмұны кәсіпорындар статистикасы саласындағы халықаралық стандарттармен және ұсынымдармен айқындалады.

      4. СБТ АЖ халықаралық ұсынымдарға сәйкес келесі негізгі бағыттар бойынша пайдаланылады:

      1) статистикалық бірліктерді табу және қалыптастыру құралы;

      2) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізуді дайындау және үйлестіру құралы;

      3) статистикалық бірліктер жиынтығын демографиялық талдау үшін ақпарат көзі;

      4) әкімшілік көздерден деректерді тарту құралы;

      5) деректерді тарату құралы.

      5. Мемлекеттік деректер қорларымен өзара іс-қимылдың мақсаты статистикалық деректерді түзу үшін әкімшілік көздерді тартудың тиімділігін арттыру және респонденттерге жүктемені төмендету болып табылады.

      6. СБТ АЖ республикалық деңгейде деректер қорларымен орталық серверді және:

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі – Бюро) статистикалық тіркелімдерді жүргізу бойынша құрылымдық бөлімшесінде;

      Бюроның аумақтық бөлімшелерінің тіркелімдер басқармаларында;

      "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында (бұдан әрі – АЕО РМК) орналасқан қашықтағы жұмыс орындарын қамтиды.

      Орындалатын функцияларға байланысты барлық жұмыс орындарында СБТ АЖ-дағы деректерге қол жетімділіктің белгілі бір режимі бар.

1-параграф. СБТ АЖ есепке алу бірліктері

      7. СБТ АЖ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлғалар, оның құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ дара кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі – субъектілер) туралы ақпаратты қамтиды. Қазақстан Республикасының тиісті тіркеуші органдарында мемлекеттік немесе есептік тіркеуден өткен субъектілер СБТ АЖ-да есепке алуға жатады.

      8. СБТ АЖ құқықтық бірліктер туралы негізгі әкімшілік ақпаратты және статистикалық бірліктер туралы экономикалық ақпаратты қамтиды.

      9. Құқықтық бірлік – заңды мәртебе берілген бірлік. Құқықтық бірліктерге мыналар жатады: қызмет етуі заңмен танылған, олардың меншік иесі немесе қатысушысы болып табылатын жекелеген адамдарға немесе ұйымдарға қарамастан, өздерінің құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар; дара кәсіпкер ретінде ресми тіркелген және өз міндеттемелері бойынша жауап беретін жеке тұлғалар; ресми тіркелген, өз қызметін бірлескен кәсіпкерлік нысанында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер.

      10. Статистикалық мақсатта пайдалану үшін құқықтық бірлік негізінде құрылған абстрактілі бірлік статистикалық бірлік болып табылады. Халықаралық стандарттарға сәйкес СБТ АЖ-да құқықтық бірліктер үшін статистикалық бірліктердің келесі типтері құрылады:

      1) кәсіпорындар тобы;

      2) кәсіпорын;

      3) жергілікті бірлік;

      4) қызмет түрінің бірлігі;

      5) қызмет түрінің жергілікті бірлігі.

      "Кәсіпорындар тобы" статистикалық бірлігі (бұдан әрі – КТ) – жарғылық капиталда акциялардың (үлестердің) бақылау пакетін иелену не қабылданатын шешімдерге басқа құралдар арқылы шешуші әсер ету арқылы бір шаруашылық жүргізуші субъектінің басқаға (басқаларға) тікелей немесе жанама бақылауына негізделген қатынастары бар шаруашылық жүргізуші субъектілердің жиынтығы сәйкес келеді.

      "Кәсіпорын" статистикалық бірлігі (бұдан әрі – КО) – өзінің қызметін коммерциялық немесе коммерциялық емес негізде бір немесе бірнеше жерде жүзеге асыратын құқықтық бірліктердің ең аз комбинациясы (яғни бір немесе бірнеше).

      "Жергілікті бірлік" статистикалық бірлігі (бұдан әрі – ЖБ) кәсіпорын орналасқан жерден тыс орналасқан кәсіпорынға немесе кәсіпорын бөлігіне (цех, зауыт, шеберхана, дүкен, автожанармай құю станциясы, кафе, шахта) сәйкес келеді.

      "Қызмет түрінің бірлігі" статистикалық бірлігі (бұдан әрі – ҚТБ) – ол туралы маңызды деректер алуға мүмкіндігі бар өндірістік (экономикалық) қызметі бойынша салыстырмалы түрде біртекті және өндірістік үдеріс бойынша шешім қабылдауда тәуелсіз болып табылатын кәсіпорынға немесе оның бөлігіне сәйкес келеді.

      "Қызмет түрінің жергілікті бірлігі" статистикалық бірлігі (бұдан әрі – ҚТЖБ) - жергілікті бірлікке сәйкес келетін қызмет түрі бірлігінің аумақтық оқшауланған бөлігіне сәйкес келеді. Сонымен бірге, бұл ұғыммен қатар ҚТЖБ-ға сәйкес келетін "мекеме" термині қолданылады. Әрбір ҚТБ-нің кем дегенде бір ҚТЖБ болуы тиіс. ҚТЖБ экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) үнемі бас ҚТБ-ның ЭҚЖЖ-іне сәйкес келетінін ескерген жөн.

      Осылайша, статистикалық бірліктерді анықтау үш негізгі критерийге негізделеді: құқықтық КО, ЖБ, географиялық ҚТЖБ және экономикалық ҚТБ.

      Статистикалық бірліктер КО және ЖБ СБТ АЖ-да республикалық деңгейде автоматты режимде құрылады, КТ статистикалық бірліктері тиісті талдау қорытындылары бойынша республикалық деңгейде СБТ АЖ-да құрылады. СБТ АЖ-да ҚТБ мен ҚТЖБ кәсіпорындарды бейіндеу негізінде республикалық деңгейде құрылады. Бейіндеу (профайлинг) – статистикалық бірліктерді қалыптастыру және олардың ЭҚЖЖ анықтау үшін талдау әдісі. ҚТБ кәсіпорынның табысының кемінде 10% немесе жұмыспен қамтылғандар санын қамтиды. ҚТБ негізінде бір немесе бірнеше ҚТЖБ құрылады.

      11. Кәсіпорындар статистикасы институционалдық тәсілге негізделген. Әрбір бірліктің барлық қызметі оның негізгі қызмет түрінің есебіне жатады. Мұндай тәсіл кезінде ҚТБ қызмет түрлері бойынша статистикалық байқаулар қорытындысының біртектілігін жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл ретте, ҚТБ кәсіпорынның қосалқы қызметінің негізінде құрылмайды.

      12. Құқықтық және статистикалық бірліктер арасындағы байланысты ескере отырып, мыналарды атап өту ұсынылады:

      КО статистикалық бірлігінің заңдық (құқықтық) негізі әрқашан бір ғана құқықтық бірлік (заңды тұлға немесе дара кәсіпкер) болып табылады;

      КО статистикалық бірлігі бір немесе бірнеше құқықтық бірлікпен байланысты. Құқықтық бірліктер құрылтайшылар ретінде әрекет ете алады.

2-параграф. СБТ АЖ деректер қоры

      13. СБТ АЖ-да екі деректер қоры пайдаланылады:

      1) СБТ АЖ транзакциялық қоры – Онлайн транзакшэн процессинг (бұдан әрі – ОТП) қоры. ОТП қоры құқықтық және статистикалық бірліктер туралы соңғы нақты деректерден тұрады. Бұл ретте негізгі атрибуттар бойынша жаңартулар тарихы журналы жүргізіледі, журналда олардың өзгеруіне алып келген атрибуттардың алдыңғы мәндері мен оқиғалары сақталады. ОТП ақпаратты енгізу және түзетуге, сондай-ақ статистикалық бірліктерді құруға және талдауға қызмет етеді;

      2) СБТ АЖ кесінділерін сақтау қоймасы – Онлайн аналитикал процессинг (бұдан әрі – ОАП) қоры. ОАП қоры белгілі бір уақыт сәтіне арналған (әр айдың 1-ші және 18-ші күніне және жылдың) құқықтық және статистикалық бірліктер туралы деректер – кесінді түріндегі ақпараттан тұрады. ОАП серпінділік қатарларын талдауға, деректерді таратуға, бюллетеньдерді, іріктемелерді, каталогтарды және әртүрлі анықтамаларды қалыптастыруға қызмет етеді.

      Нақты кесінді – есепті айдың соңындағы жағдай бойынша құқықтық бірліктер бойынша жіктелімдік атрибуттардың белгілі бір саны бар СБТ АЖ деректер қорының ықшамдалған көшірмесі (СБТ АЖ негізінде жиынтық кестелерді қалыптастыру үшін қолданылады), есепті айдың соңғы күні қалыптастырылады.

      Уақытша тоқтатылған кесінді – есепті айдың 17-ші күніндегі жағдай бойынша ай сайын қалыптастырылатын статистикалық бірліктер бойынша жіктелімдік атрибуттардың белгілі бір саны бар СБТ АЖ деректер қорының ықшамдалған көшірмесі (жеке каталогтарды қалыптастыру үшін қолданылады).

3-параграф. СБТ АЖ-да пайдаланылатын жіктелімдер

      14. СБТ АЖ-да ақпаратты кодтау жіктеу және кодтау жүйесі негізінде жүзеге асырылады.

      15. СБТ АЖ-да мынадай стандартты жіктелімдер пайдаланылады:

      1) ӘАОЖ – Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші;

      2) КМЖ – Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ дара кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуіші;

      3) КӨКЖ – Кәсіпорындардың өндіріс көлемі бойынша жіктеуіші;

      4) МНЖ – Меншік нысандары мен түрлерінің жіктеуіші;

      5) ҰҚНЖ – Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының жіктеуіші;

      6) ЭҚЖЖ – Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші;

      7) ЭСЖ – Экономика секторларының жіктеуіші.

      16. СБТ АЖ-да қамтылған субъектілердің экономикалық белсенділігі дәрежесін көрсету үшін ахуалдық кодтар (ахуалдық кодтар анықтамалығы АКА) пайдаланылады, олар субъектіні тіркеу кезінде толтырылады және СБТ АЖ-ны өзектілендіру процесінде өзгереді. Ахуалдық кодтар СБТ АЖ-дағы (СБТ АЖ-да пайдаланылатын ахуалдық кодтар осы Әдістемеге 1-қосымшада ұсынылған) құқықтық және оларға сәйкес статистикалық бірліктерге беріледі.

      17. Ахуалдық кодтарды сипаттайтын ақпаратқа СБТ АЖ-дағы субъектілердің экономикалық белсенділігін тікелей немесе жанама түрде сипаттайтын (респонденттер толтырған статистикалық нысандар, әкімшілік деректер қорының мәліметтері, БАҚ деректері, респонденттердің өтініштері) кез келген мәліметтер жатады.

      18. Бірліктердің ахуалдық кодтарын өзектілендіруді (қайта қарау, жаңарту, бұрын берілгендерін растау) ахуалдық кодтарды сипаттайтын ақпараттың түсуіне қарай, сондай-ақ берілген мерзімінің аяқталуына қарай жоспарлы тәртіппен жүзеге асыру қажет.

      Ахуалдық кодтарды беру және өзектілендіру кезінде жүйелік күні мен өзектілендірудің сәйкес көзі қойылады. Егер өзектілендіру код берілген мерзімнің аяқталуына байланысты жүргізілсе, онда ахуалдық кодты өзгертудің негіздемесі СБТ АЖ болып табылады.

      СБТ АЖ-да құқықтық және статистикалық бірліктердің ахуалдық коды бойынша өзгерістер синхрондалған, осылайша құқықтық бірлік бойынша ахуалдық код өзгерген кезде статистикалық бірлік бойынша ахуалдық код автоматты түрде өзгертіледі.

      Басқа жіктелімдік атрибуттар (КМЖ, негізгі/қосалқы ЭҚЖЖ, тізімдік саны) бойынша егер СБТ АЖ-да құқықтық бірліктерде синхрондау белгісі қойылған жағдайда, құқықтық және статистикалық бірліктердегі өзгерістер синхрондалады.

3-тарау. СБТ АЖ деректер қоры негізінде зерттелетін бірліктердің каталогтарын қалыптастыру

4-параграф. Каталогтар түрлері

      19. СБТ АЖ-да мәліметтер негізінде статистикалық байқаулар жүргізу үшін каталогтардың екі түрі қалыптастырылады:

      жеке каталог – нақты статистикалық байқау жүргізуге арналған тиісті жіктелімдік атрибуттары бар зерттелетін бірліктердің тізбесі;

      салалық каталог – респонденттердің статистикалық нысандарымен жұмыс жасау кезінде салалық статистика қызметкерлері анықтаған өзгерістерді есепке алуға арналған зерттелетін бірліктер тізбесі.

      20. Жеке каталог нақты статистикалық байқау жүргізуге арналған және статистикалық нысандарды өңдеу жүйелерінде қолданылады.

      21. Салалық каталогтың негізгі мақсаты респонденттердің статистикалық нысандарымен жұмыс істеу кезінде анықталған өзгерістерді есепке алу болып табылады (мысалы, қызмет түрінің, мөлшерлігінің және басқа да жіктелімдік және әкімшілік атрибуттарының өзгеруі).

5-параграф. "Каталогтарға тапсырыстар кестесін" қалыптастыру

      22. Каталогтарға тапсырыстар кестесі (бұдан әрі – КТК) сол немесе өзге де статистикалық байқауды өткізу үшін СБТ АЖ-дан бірліктерді іріктеу шарттарын қамтиды және Бюроның статистикалық тіркелімдерді жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшесі жыл сайын 10 желтоқсанға дейін келесі есепті жылға қалыптастырады.

      23. КТК-ны жыл сайын қарастыру Бюро басшысының жетекшілік ететін орынбасарымен келісілген, жыл сайын қазан айында бекітілетін КТК-ны қарау графигіне сәйкес жүргізіледі.

      24. Статистикалық тіркелімдерді жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімше КТК қарағанға дейін аумақтық бөлімшелерден ескертулер мен ұсыныстарды және Бюроның салалық құрылымдық бөлімшелерінен өтінімдерді сұратады.

      25. Аумақтық бөлімшелердің ескертулері мен Бюроның салалық құрылымдық бөлімшелерінің өтінімдері қарау және КТК-ға енгізу үшін статистикалық тіркелімдерді жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшеге тиісті жылдың 15 қазанынан кешіктірілмей жіберіледі.

      26. Зерттелетін бірліктер каталогына өтінімдерді қалыптастыру кезінде Бюро ведомствосының салалық құрылымдық бөлімшелері:

      статистикалық нысанды жинау кезеңділігі;

      құқықтық және статистикалық бірліктердің типтері;

      іріктемелі зерттеу белгісі;

      жіктеу белгілерін көрсете отырып, өтінімді қалыптастырады.

      27. КТК-да өтінімді қалыптастыруды Бюроның салалық құрылымдық бөлімшелері сол немесе өзге статистикалық байқау бойынша әдіснама негізінде жүзеге асырады.

      28. Қажет болған жағдайда есепті жыл ішінде Бюроның салалық құрылымдық бөлімшелері КТК-ға мүдделі құрылымдық бөлімшелермен келісілген өзгерістер енгізеді.

6-параграф. Каталогтарды қалыптастыру және олармен жұмыс

      29. Жеке каталогтар осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автоматтандырылған режимде СБТ АЖ кесінділер қоймасы негізінде республикалық деңгейде қалыптастырылады. Статистикалық тіркелімдерді жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімше жеке каталогтардың сапасына жауапты болып табылады.

      30. Жеке каталогтар төмендегідей құрылады:

      жылдық кезеңділік каталогтары – есепті кезеңдегі 18 желтоқсандағы жағдай бойынша (жинау ерекшелігі басқа уақыт кезеңінде жүзеге асырылатын статистикалық байқаулардың нысандарын қоспағанда, мысалы: 2-НК, 3-НК, 29-СХ);

      жартыжылдық кезеңділіктегі каталогтар – есепті жартыжылдықтың соңғы айының 18 күніндегі жағдай бойынша;

      тоқсандық кезеңділік каталогтары – есепті тоқсанның соңғы айының 18 күніндегі жағдай бойынша;

      айлық кезеңділік каталогтары – есепті айдың 18-ші күніндегі жағдай бойынша;

      бағалардың айлық кезеңділіктегі статистикалық нысандары бойынша каталогтар – есепті айдың 8 күніндегі, тоқсандық – есепті тоқсанның соңғы айының 18-күніндегі жағдай бойынша;

      1-НП статистикалық нысаны бойынша каталог – тіркеуді жүзеге асыратын органдарда немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығында тіркеуден өткен жаңадан құрылған заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді қосу арқылы әрбір есепті жылға СБТ АЖ транзакциялық базасынан.

      31. Жеке каталогқа "3" ахуалдық кодын қоспағанда, барлық ахуалдық кодтары бар бірліктер енгізіледі. Егер КТК-да тиісті шарт болған жағдайда, жеке каталогтарға "3" ахуалдық коды бар бірліктерді қосымша жазу жолымен қосуға жол беріледі. Жеке каталог құрылымы осы Әдістемеге 3-қосымшада ұсынылған.

      Егер КТК-да тиісті шарт болған жағдайда, жеке каталогтармен жұмыс істеу процесінде, жазбаларды қосуға рұқсат етіледі. Жазбаларды қосу (қосымша жазу) – бұл жеке каталогтарды қалыптастырғаннан кейін табылған жазбаларды жеке каталогқа қосу процесі. Жазбаларды жеке каталогқа қосу:

      1) егер респондент ай сайынғы уақытша тоқтатылған кесінді қалыптастырылғаннан кейін тіркеуден өтсе және есепті кезең үшін статистикалық нысанды тапсырғысы келген (бұл ретте тіркеу күні есепті айдың соңғы күнінен кеш емес болуы тиіс);

      2) егер жіктелімдік атрибуттар бойынша өзгерістер ай сайынғы кесінді қалыптастырылғаннан кейін (есепті айдың соңғы күнінен кеш емес) осы Әдістеменің 70-тармағына сәйкес енгізілген;

      3) егер жазбалар КТК шарттарына сәйкес келмесе, бірақ статистикалық байқау жүргізу кезінде ескеру қажет болған жағдайларда рұқсат етіледі.

      32. Атрибуттарды өзгертпестен статистикалық бірліктердің барлық қосымшаларын жеке каталогқа:

      1) респонденттен есеп болмаған кезде – аумақтық бөлімшелердің тіркелімдер басқармасының мамандары (осы Әдістемеге 4-қосымшада ұсынылған өтінімге сәйкес);

      2) респонденттен есеп болған кезде – аумақтық бөлімшелердің нақты статистикалық байқауды өңдеуге жауапты салалық басқармаларының мамандары енгізеді.

      Қосымша жазылған респонденттердің тізімі келесі есепті кезеңге ауыстырылмайды. Жеке каталогтан жазбаларды жою дәлелді негіздер болған кезде ғана көзделген және Бюроның салалық құрылымдық бөлімшесінің жазбаша сұрау салуы бойынша статистикалық тіркелімдерді жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.

      33. Белгілі бір тізімге сәйкес жүргізілетін зерттеулер үшін жеке каталогтарды статистикалық тіркелімдерді жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімше Бюроның салалық бөлімшелері ұсынған тізім негізінде (баға статистикасы бойынша аумақтық бөлімшелердің тіркелімдер басқармалары ұсынған тізім негізінде) қалыптастырады.

      Есепті кезеңге тізімдерге өзгерістерді есепті кезең ішінде статистикалық тіркелімдерді жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімше осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке каталогқа енгізу (жою) үшін өтінімге сәйкес каталогтарды қалыптастырудан 3 күн бұрын қабылдайды. Салалық бөлімшелер жылдық каталогтар бойынша тізімдерді 10 желтоқсаннан кешіктірмей жібереді.

      Баға статистикасының нысандары үшін жеке каталогтармен жұмыс процесінде аумақтық бөлімшелердің баға басқармасы өзектілендірілген СБТ АЖ-ның өзгерістерін ескере отырып, тізімдерге нақтылаулар (қосу/алып тастау) енгізеді. Барлық нақтылаулар статистикалық тіркелімдерді жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшеге жіберіледі:

      айлық кезеңділіктегі нысандар бойынша есепті жылғы қаңтар ішінде есепті жылғы 31 қаңтарға дейін;

      тоқсандық кезеңділіктегі нысандар бойынша есепті жылдың наурыз-сәуір айларының ішінде есепті жылдың 30 сәуіріне дейін.

      34. Салалық каталог "3" ахуалдық кодын қоса алғанда, барлық ахуалдық кодтармен статистика саласы үшін тұтастай құқықтық және статистикалық бірліктер бойынша ақпаратты көрсетеді және СБТ АЖ транзакциялық базасында тікелей жұмыс істеу үшін пайдаланылады. Салалық каталогтардың тізбесі осы Әдістемеге 5-қосымшада ұсынылған.

      35. Салааралық сипаттағы мәселелерді үйлестіруді (тіркелімдер басқармасының аумақтық бөлімшенің салалық басқармаларымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету және салалық каталогты уақтылы өзектілендіру) аумақтық бөлімшенің басшылары жүзеге асырады. Атап айтқанда, есепті жыл ішінде ЭҚЖЖ негізгі кодын немесе статистикалық бірліктердің КМЖ кодын өзгерту туралы мәселелерді шешу.

      36. Салалық каталогты жүргізу үшін аумақтық бөлімшелердің тіркелімдер басқармасының және салалық басқарманың жауапты мамандары айқындалады. Салалық каталогқа жауапты маман салалық каталогты уақтылы өзектілендіруді және оны дұрыс пайдалануды қамтамасыз етеді (салалық каталогта түзету үшін қолжетімді атрибуттар тізбесі осы Әдістемеге 6-қосымшада көрсетілген).

      37. Күн сайын респонденттердің статистикалық нысандарымен жұмыс процесінде байланыс ақпаратын, сондай-ақ зерттелетін бірліктердің атрибуттарын өзгертуді салалық каталогқа жауапты маман "салалық каталогтар" мәзірі арқылы СБТ АЖ-ға тікелей енгізеді.

      38. Аумақтық бөлімшелердің тіркелімдер басқармасы күн сайын салалық каталогта жүргізілген өзгерістерді бақылайды және талдайды және СБТ АЖ-ға өзгерістерді енгізуді растайды немесе қабылдамайды.

      Егер аумақтық бөлімшелердің тіркелімдер басқармасы салалық каталогқа енгізілген өзгерістерді растаса, онда СБТ АЖ-да өзгерістер болған атрибуттар ғана өзектілендіріледі.

4-тарау. СБТ АЖ өзектілендіру

7-параграф. "е-Статистика" интеграцияланған ақпараттық жүйесінің компоненттері деректері негізінде СБТ АЖ өзектілендіру

      39. Күн сайын "Респондент кабинеті" арқылы келіп түсетін мәліметтер негізінде СБТ АЖ-да байланыс ақпаратын (телефон, электрондық пошта мекенжайы), негізгі немесе қайталама ЭҚЖЖ және субъектілердің тізімдік санын өзектілендіру жүргізіледі.

      40. Субъектілердің байланыс деректері (телефоны, электрондық пошта мекенжайы) СБТ АЖ-ға автоматты режимде жүйелік күнін және тиісті өзектілендіру көзін қоя отырып енгізіледі. Негізгі немесе қайталама ЭҚЖЖ-ның өзгеруі немесе қызметкерлер санының өзгеруі туралы мәліметтер СБТ АЖ-ға электрондық хабарлама түрінде келіп түседі. Аумақтық бөлімшелердің тіркелімдер басқармасының мамандары күн сайын келіп түсетін хабарламаларды қарайды және хабарлама келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде респондент енгізген өзгерістерді растайды не қабылдамайды.

      Егер респондент негізгі немесе қайталама ЭҚЖЖ бойынша өзгерістер енгізсе және осы өзгерістер ұзақ мерзімді сипатта болса (1 жылдан астам), респондент өзгеретін ЭҚЖЖ бойынша жұмыс істеген кезеңде өндірілген өнімнің, өткізілген тауарлардың және көрсетілген қызметтердің көлемін көрсетуі қажет. Өзгерістер СБТ АЖ жедел базасына жүйелік күн мен тиісті өзектілендіру көзі қойыла отырып енгізіледі.

      41. Негізгі ЭҚЖЖ өзгерісін СБТ АЖ-да растау және енгізу, қайталама ЭҚЖЖ қосу кезінде құқықтық бірліктердің ахуалдық кодын автоматты түрде өзектілендіру мынадай шарттар бойынша жүргізіледі:

      1) егер субъектіде СБТ АЖ-да "0", "2", "4" ахуалдық коды тұрса, онда жүйелік күн және тиісті өзектілендіру көзі қойыла отырып, ахуалдық код автоматты түрде "1"-ге өзгереді;

      2) егер субъектіде СБТ АЖ-да "6", "9" ахуалдық коды тұрса, онда ахуалдық код бойынша автоматты түрде ешқандай өзгерістер жүргізілмейді. Бұл ретте, қажет болған жағдайда ахуалдық кодты қолмен өзгерту мүмкіндігі бар.

      Сан бойынша өзгерісті СБТ АЖ-да растау және енгізу кезінде құқықтық бірліктердің ахуалдық кодын автоматты түрде өзектілендіру мынадай шарттар бойынша жүргізіледі:

      1) егер субъектіде СБТ АЖ-да "4" ахуалдық коды тұрса, онда жүйелік күн мен тиісті өзектілендіру көзі қойыла отырып, ахуалдық код автоматты түрде "1" - ге өзгереді;

      2) егер субъектіде СБТ АЖ-да "0", "1", "2", "6", "9" ахуалдық коды тұрса, онда ахуалдық код бойынша автоматты түрде ешқандай өзгерістер жүргізілмейді. Бұл ретте, қажет болған жағдайда ахуалдық кодты қолмен өзгерту мүмкіндігі бар.

      42. Статистикалық нысандарды жинау қорытындылары бойынша СБТ АЖ-да байланыс ақпаратын (телефон, электрондық пошта мекенжайы), ахуалдық кодты, негізгі немесе қайталама ЭҚЖЖ, субъектілердің тізімдік саны мен экономикалық көрсеткіштерін өзектілендіру жүргізіледі.

      Субъектілердің байланыс деректері (телефоны, электрондық пошта мекенжайы) СБТ АЖ-ға автоматты режимде жүйелік күнін және тиісті өзектілендіру көзін қойыла отырып енгізіледі.

      Статистикалық нысандарды жинау қорытындылары бойынша ахуалдық кодты СБТ АЖ-да өзектілендіру жыл ішінде автоматты режимде де (бірқатар нысандар бойынша), сондай-ақ салалық каталог арқылы аумақтық бөлімшелердің салалық басқармасының мамандарымен де жүзеге асырылады.

      Статистикалық нысанда субъектінің қызметін жүзеге асыруды сипаттайтын көрсеткіштер (өндірілген өнімнің, өткізілген тауарлардың және көрсетілген қызметтердің көлемі) болған кезде ахуалдық кодты өзектілендіру мынадай шарттар бойынша жүзеге асырылады:

      1) егер СБТ АЖ-да "1" ахуалдық коды тұрса, бұл ретте өзектілендіру күні жүйелік күнмен салыстырғанда күнтізбелік 180 күннен аз болса, онда ахуалдық код бойынша өзгерістер жүргізілмейді;

      2) егер СБТ АЖ-да "1" ахуалдық коды тұрса, бұл ретте өзектілендіру күні жүйелік күнмен салыстырғанда күнтізбелік 180 күннен артық болса, онда ахуалдық кодты өзгертпей, жүйелік күн және өзектілендірудің тиісті көзі қойылады;

      3) егер СБТ АЖ-да "0", "2", "4", "6" ахуалдық коды тұрса, ахуалдық код "1"-ге өзгертіліп, жүйелік күн және тиісті өзектілендіру көзі қойылады.

      Статистикалық нысанда субъектінің қызметін жүзеге асыруды сипаттайтын көрсеткіштер (өндірілген өнімнің, өткізілген тауарлардың және көрсетілген қызметтердің көлемі) болмаған кезде немесе егер субъект қызметтің жоқ екені туралы хабарлама берген болса, ахуалдық кодты өзектілендіру мынадай шарттар бойынша жүзеге асырылады:

      1) егер СБТ АЖ-да "0" ахуалдық коды тұрса, бұл ретте өзектілендіру күні жүйелік күнмен салыстырғанда 24 айдан аз болса, онда ахуалдық код бойынша өзгерістер жүргізілмейді;

      2) егер СБТ АЖ-да "0" ахуалдық коды тұрса бұл ретте өзектілендіру күні жүйелік күнмен салыстырғанда 24 айдан артық болса, жүйелік күн мен өзектілендірудің тиісті көзі қойыла отырып, автоматты түрде "2" ахуалдық коды беріледі;

      3) егер СБТ АЖ-да "2" ахуалдық коды тұрса, бұл ретте өзектілендіру күні жүйелік күнмен салыстырғанда күнтізбелік 180 күннен аз болса, онда ахуалдық код бойынша өзгерістер жүргізілмейді;

      4) егер СБТ АЖ-да "2" ахуалдық коды тұрса, бұл ретте өзектілендіру күні жүйелік күнмен салыстырғанда күнтізбелік 180 күннен артық болса, онда ахуалдық кодты өзгертпей жүйелік күн және өзектілендірудің тиісті көзі қойылады;

      5) егер СБТ АЖ-да "1", "4" ахуалдық коды тұрса, онда жүйелік күн және тиісті өзектілендіру көзі қойыла отырып, ахуалдық код "2"-ге ауыстырылады.

      43. Салалық каталог арқылы СБТ АЖ-да ай сайын өзектілендіру кезінде мекенжай бөлігінің (нақты мекенжайы), байланыс тұлғасы туралы мәліметтердің өзгерістері, сондай-ақ құқықтық бірліктер бойынша ЭҚЖЖ және КМЖ өзгерістері (осы Әдістеменің 66-тармағына сәйкес) осылай енгізіледі.

      44. Салалық каталогта жыл сайын өзектілендіру кезінде ЭҚЖЖ және КМЖ өзгерістері туралы барлық жиналған ақпарат талданады. СБТ АЖ-ға құқықтық және статистикалық бірліктер бойынша ЭҚЖЖ мен КМЖ нақты өзгерістерін көрсететін ақпарат енгізіледі.

      45. Аумақтық бөлімшелердің тіркелімдер басқармасы күн сайын салалық каталогта жүргізілген өзгерістерді бақылайды және талдайды және СБТ АЖ-ға өзгерістерді енгізуді растайды немесе қабылдамайды.

      46. Статистикалық нысандарды жинау қорытындылары бойынша ай сайын өзектілендіруді салалық каталогтарға жауапты мамандар есепті айдан кейінгі 15-күнге дейін, жылдық өзектілендіруді есепті жылдың желтоқсан айы ішінде жүзеге асырады.

      47. Жыл сайын республикалық деңгейде жылдық статистикалық нысандарды жинау қорытындылары бойынша СБТ АЖ-да субъектілердің экономикалық көрсеткіштерін (өнімді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін кіріс, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтердің құны, өндірілген өнімнің, өткізілген тауарлардың және көрсетілген қызметтердің көлемі) автоматты түрде өзектілендіру жүргізіледі.

      СБТ АЖ-да экономикалық көрсеткіштерді өзектілендіру үшін тиісті ақпаратты қамтитын статистикалық нысандар тізбесі айқындалады. Нысандар тізбесі жыл сайын қайта қаралады, одан күші жойылған нысандар алынып тасталады және СБТ АЖ-ны өзектілендіру үшін қажетті экономикалық көрсеткіштерді қамтитын жаңа статистикалық нысандар қосылады.

      48. "Ауыл шаруашылық статистикалық тіркелімі" ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – АШТ АЖ) мәліметтері негізінде ақпаратты аумақтық бөлімшелердің салалық басқармаларының мамандары талдайды және қажет болған жағдайда СБТ АЖ-ға шаруа немесе фермер қожалықтарының (бұдан әрі – ШФҚ) ахуалдық кодының және негізгі ЭҚЖЖ өзгерістерін енгізеді. Мәліметтерді өзгерту мынадай шарттар бойынша жүргізіледі:

      1) егер ШФҚ-да СБТ АЖ-да = "0", "2", "4" ахуалдық коды тұрса, АШТ АЖ деректері бойынша ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары болса, не ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ағымдағы жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы жануарлары болса, онда осы ШФҚ-ға СБТ АЖ-да жүйелік күн мен өзектілендірудің тиісті көзі қойыла отырып, ахуалдық код "1"-ге өзгертіледі;

      2) егер СБТ АЖ-да = "3" немесе "9" ахуалдық коды тұрса, ал АШТ АЖ деректері бойынша ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары болса не ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ағымдағы жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы жануарлары болса, онда осы ШФҚ-ға СБТ АЖ-да ахуалдық кодын "1"-ге өзгертуі мүмкін (кодтың өзгеру себебі: ахуалдық кодының қатесі, таратудың күшін жою, шаруашылық басшысы болмаған кезде шаруашылық мүшелерінің немесе мұраға құқығы бар өкілдердің қызметті қайта бастауы), жүйелік күн және өзектілендірудің тиісті көзі қойылады.

      3) егер ШФҚ-да СБТ АЖ-дағы негізгі ЭҚЖЖ АШТ АЖ деректерімен сәйкес келмесе, бұл ретте ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары не ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, ағымдағы жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы жануарлары бар болса, онда осы ШФҚ-ға СБТ АЖ-да жүйелік күн мен өзектілендірудің тиісті көзі қойыла отырып, негізгі ЭҚЖЖ өзгертіледі.

8-параграф. Әкімшілік дереккөздерден алынған деректер негізінде СБТ АЖ өзектілендіру

      49. Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік тіркеуді іске асыру шеңберінде СБТ АЖ-ға заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді, сондай-ақ бірлескен кәсіпкерлік нысанындағы дара кәсіпкерлерді (бұдан әрі – БДК) тіркеу туралы электронды хабарламалар күн сайын келіп түседі. Хабарламадағы мәліметтер құқықтық және статистикалық бірліктердің жіктелімдік белгілерін беруге негіз болып табылады. Мемлекеттік статистика органдары хабарламалардың негізінде бір жұмыс күні ішінде бірегей сәйкестендіру және басқа да жүйелі-есептік кодтарды береді, ол туралы мәліметтерді СБТ-ға енгізеді.

      50. Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу кезінде оларға басты заңды тұлғаның ҰҚНС және МНЖ кодтары автоматты түрде беріледі. Филиалдар мен өкілдіктердің ЭСЖ, ЭҚЖЖ және КМЖ кодтары негізгі заңды тұлғаның ЭСЖ, ЭҚЖЖ және КМЖ кодтарымен әрқашан сәйкес келе бермейді.

      51. Дара кәсіпкерлерді (бұдан әрі – ДК) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру шеңберінде күн сайын онлайн режимде СБТ АЖ мемлекеттік тіркеуден өткен, есептен шығарылған, мәліметтері өзгертілген және қызметін уақытша тоқтатқан ДК туралы мәліметтермен өзектілендіріледі.

      52. Барлық алынған ақпарат автоматты режимде СБТ АЖ-ға енгізіледі, мемлекеттік тіркеуден өткен ДК бойынша бірегей сәйкестендіру және басқа да жүйелік-есептік кодтар беріледі.

      53. Қызметті тоқтата тұру туралы мәліметтер түскен кезде СБТ АЖ-да құқықтық бірліктерге автоматты түрде "6" ахуалдық коды беріледі, қызметті тоқтата тұру және қайта бастау күні, тиісті өзектілендіру көзі қойылады. Қызметті тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы мәліметтер келіп түскен кезде СБТ АЖ-да ахуалдық код өзгеріссіз қалады, тоқтата тұру және қайта бастау күндері жаңартылады. Тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін құқықтық бірлікке "2" ахуалдық коды автоматты түрде беріледі, тоқтата тұру және қайта бастау күндері нөлге келтіріледі. Тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін қызметті қайта бастау туралы мәліметтер келіп түскен жағдайда, СБТ АЖ-да құқықтық бірлікке автоматты түрде "1" ахуалдық коды беріледі, тоқтата тұру және қайта бастау күні нөлге келтіріледі.

      54. СБТ АЖ субъектілерінің ахуалдық кодын өзектілендіру үшін қосымша дереккөз ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК) интернет ресурсында жарияланатын әрекетсіз деп танылған салық төлеушілер туралы деректер пайдаланылады.

      Ай сайын тіркелімдер басқармасының мамандары аумақтық бөлімшелердің салалық басқармаларымен бірлесіп ақпаратты талдайды және қажет болған жағдайда ахуалдық кодтың өзгерістері СБТ АЖ-ға енгізіледі:

      1) егер СБТ АЖ-да ахуалдық кодтар = "0", "1", "2" (жұмыс істеп тұрған), бұл ретте жүйелік күнмен салыстырғанда ахуалдық кодты өзектілендіру күні 180 күнтізбелік күннен астам жаңартылмаған, ал ҚР ҚМ МКК деректері бойынша бірлік бойынша "әрекетсіз" мәртебесі бар, онда ахуалдық код "4" - ке өзгертіліп, жүйелік күні және сәйкесінше өзектілендіру көзі қойылады;

      2) егер СБТ АЖ-да ахуалдық код = "4", ал ҚР ҚМ МКК деректерінде әрекетсіз бойынша бірлік болмаса, онда ахуалдық код "1" немесе "2" - ге өзгертіледі, жүйелік күн мен сәйкесінше өзектілендіру көзі қойылады. Не егер бірлік бойынша 24 ай ішінде бірде-бір статистикалық нысан ұсынылмаған және бір мезгілде әкімшілік дереккөздерден қызметті жүзеге асыру туралы ешқандай ақпарат болмаған жағдайда, онда ахуалдық код бойынша мәліметтер өзгеріссіз қалады;

      3) егер СБТ АЖ-да ахуалдық код = "4" және ҚР ҚМ МКК деректерінде "әрекетсіз" бойынша бірлік болса, бұл ретте өзектілендіру күні 1 жылдан астам жаңартылмаса, онда ахуалдық кодты өзгертпей жүйелік күн және сәйкесінше өзектілендіру көзі қойылады.

      55. ҚР ҚМ МКК интернет ресурсында жарияланатын тарату сатысындағы салық төлеушілер туралы мәліметтер СБТ АЖ-да субъектілердің ахуалдық кодын өзектілендіру үшін қосымша көз ретінде пайдаланылады. Осы деректердің негізінде СБТ АЖ-да субъектілер бойынша ахуалдық код "9"-ға өзектілендіріледі, жүйелік күн және сәйкесінше өзектілендіру көзі қойылады.

      56. ҚР ҚМ МКК-дан алынған басқа қосымшалар бойынша ақпаратты аумақтық бөлімшелердің салалық басқармаларымен бірлесіп тіркелімдер басқармасының мамандары талдайды және қажет болған жағдайда СБТ АЖ-ға өзгерістер енгізеді.

      57. Сондай-ақ, әкімшілік дереккөздер Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ҚР Еңбекмині), Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – ҚР ЦДИАӨМ), байланыс операторлары ұсынатын "е-Статистика" ИАЖ-ның "Әкімшілік деректер" деректер қорынан келіп түскен мәліметтер бойынша СБТ АЖ-ны өзектілендіру жүзеге асырылады.

      58. ҚР Еңбекминінен алынған аударым сомасы мен аударымдар жүргізілген адамдар санын көрсете отырып, міндетті зейнетақы аударымдарын аударған субъектілер тізбесі негізінде тоқсан сайын СБТ АЖ-ны өзектілендіру жүзеге асырылады. Алынған мәліметтер ахуалдық кодты және жұмыспен қамтылғандар санын өзектілендіру үшін қосымша дереккөз ретінде пайдаланылады. Есепті жылдың 1 тоқсанында алынған мәліметтер ахуалдық кодты, тізімдік санды және КМЖ өзектілендіру үшін қолданылады, есепті жылдың 2-4 тоқсанында алынған мәліметтер ахуалдық кодты өзектілендіру үшін пайдаланылады.

      59. ҚР Еңбекминінен алынған ақпаратты тіркелімдер басқармасының мамандары аумақтық бөлімшелердің салалық басқармаларымен бірлесіп талдайды және СБТ АЖ-ға келесі өзгерістерді енгізеді:

      1) егер СБТ АЖ-да ахуалдық код = "0", "4", ал ҚР Еңбекминінің деректері бойынша субъект бойынша тоқсан ішінде зейнетақы аударымдары жүргізілсе, бұл ретте СБТ АЖ-да жұмыс істейтіндердің саны ҚР Еңбекмині бойынша (шағын, орта және ірі класс бойынша) санмен сәйкес келеді, онда осы субъектіге СБТ АЖ-да не "1", не "2" ахуалдық коды қойылып, жүйелік күн мен сәйкесінше өзектілендіру көзі қойылады;

      2) Егер СБТ АЖ-да ахуалдық код = "1" және ҚР Еңбекминінің деректері бойынша субъект бойынша тоқсан ішінде зейнетақы аударымдары жүргізілсе, бұл ретте СБТ АЖ-да жұмыс істейтіндердің саны ҚР Еңбекмині бойынша (шағын, орта, ірі класс бойынша) санмен сәйкес келеді және егер ахуалдық кодты өзектілендіру күні жүйелік күнмен салыстырғанда бір жылдан астам өзгермесе, онда осы субъектіге сәйкесінше өзектілендіру көзі қойыла отырып, ахуалдық кодты өзектілендіру күні жаңартылады;

      3) егер СБТ АЖ-да ахуалдық код = "2", ал ҚР Еңбекминінің деректері бойынша субъект бойынша тоқсан ішінде зейнетақы аударымдары жүргізілсе, бұл ретте СБТ-да жұмыс істейтіндердің саны ҚР Еңбекмині бойынша (шағын, орта және ірі класс бойынша) санмен сәйкес келеді, онда осы бірлікте, егер жүйелік күнмен салыстырғанда ахуалдық кодты өзектілендіру күні бір жылдан астам өзгермесе, СБТ АЖ-да ахуалдық кодты өзектілендіру күні жаңартылады, не СБТ АЖ-да ахуалдық код "1"-ге ауыстырылады, жүйелік күн мен сәйкесінше өзектілендіру көзі қойылады;

      4) егер СБТ АЖ-да ахуалдық код = "9", ал ҚР Еңбекминінің деректері бойынша субъект бойынша тоқсан ішінде зейнетақы аударымдары жүргізілсе, бұл ретте СБТ АЖ-да жұмыс істейтіндердің саны ҚР Еңбекмині бойынша (шағын, орта және ірі класс бойынша) санмен сәйкес келсе, онда осы субъектіге СБТ АЖ-да ахуалдық код немесе "1" немесе "2" (кодтың өзгеру себебі: ахуалдық код қатесі, қызметті қайта бастау) қойылады немесе ахуалдық код өзгеріссіз қалады.

      60. ҚР Еңбекминінен алынған жұмыспен қамтылғандар саны бойынша ақпаратты тіркелімдер басқармасының мамандары аумақтық бөлімшелердің салалық басқармаларымен бірлесіп талдайды және қажет болған жағдайда СБТ АЖ-ға келесі өзгерістер енгізіледі:

      1) егер СБТ АЖ-дағы сан туралы мәліметтер ҚР Еңбекмині бойынша (шағын, орта және ірі класс бойынша) санға сәйкес келмесе және СБТ АЖ-дағы субъектінің ахуалдық коды = "0", "4" болса, онда сан бойынша өзгерістер енгізіледі, содан соң осы субъект бойынша ахуалдық код "1" немесе "2" қойылады, жүйелік күн мен сәйкесінше өзектілендіру көзі қойылады;

      2) егер СБТ АЖ-дағы сан туралы мәліметтер ҚР Еңбекмині бойынша (шағын, орта және ірі класс бойынша) санмен сәйкес келмесе және СБТ АЖ-дағы субъектінің ахуалдық коды = "1", "2" болса, онда сан бойынша өзгерістерді енгізу осы Әдістеменің 69-тармағына сәйкес жүргізіледі;

      3) егер СБТ АЖ саны туралы мәліметтер ҚР Еңбекмині бойынша (шағын, орта және ірі класс бойынша) санмен сәйкес келмесе және СБТ АЖ-дағы субъектінің ахуалдық коды = "9" болса, онда осы бірлікке СБТ АЖ-да не "1", не "2" ахуалдық коды (кодтың өзгеру себебі: ахуалдық код қатесі, қызметті қайта бастау) қойылады және сан бойынша өзгерістер енгізіледі, не ахуалдық коды және сан өзгеріссіз қалады.

      61. ҚР ЦДИАӨМ-нен келіп түсетін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының лицензиарлары берген лицензиялар туралы мәліметтерді тіркелімдер басқармасының мамандары аумақтық бөлімшелердің салалық басқармаларымен бірлесіп талдайды және қажет болған жағдайда салалық каталог арқылы СБТ АЖ-ға негізгі және қосалқы ЭҚЖЖ өзгертулерді енгізеді, жүйелік күн мен сәйкесінше өзектілендіру көзі қойылады.

      62. Бюро байланыс операторларынан алған байланыс деректерін тіркелімдер басқармасының мамандары аумақтық бөлімшелердің салалық басқармаларымен бірлесіп талдайды және қажет болған жағдайда салалық каталог арқылы СБТ АЖ-ға өзгерістер енгізеді.

      Аумақтық бөлімшелердің тіркелімдер басқармасы күн сайын салалық каталогта жүргізілген өзгерістерді бақылайды және талдайды және СБТ АЖ-ға өзгерістерді енгізуді растайды немесе қабылдамайды.

9-параграф. Есепті жыл ішінде СБТ АЖ-да қамтылған бірліктер бойынша жіктелімдік атрибуттардың өзгеруі

      63. Құқықтық бірліктер бойынша жіктелімдік атрибуттарды өзгерту тиісті ақпараттың (әкімшілік дереккөздерден алынған мәліметтер, статистикалық нысан, респондентті "Респондент кабинеті" арқылы хабардар ету, субъект өкілін жазбаша хабардар ету) келіп түсуіне қарай жүргізіледі. Бұл ретте СБТ АЖ транзакциялық базасында құқықтық және статистикалық бірліктердегі жіктелімдік атрибуттары синхрондалады.

      64. СБТ АЖ транзакциялық базасы құқықтық және статистикалық бірліктер туралы соңғы нақты деректерді қамтиды, яғни транзакциялық базадағы құқықтық және статистикалық бірліктер бойынша кез келген өзгерістер құқықтық және статистикалық бірліктер бойынша кез келген өзгерістер енгізілген сәттен бастап көрсетіледі. СБТ АЖ-да ақпарат кесінділер – тиісті кесіндіні қалыптастырудың белгілі бір сәтіндегі құқықтық және статистикалық бірліктер туралы деректер түрінде де қамтылған. Уақытша тоқтатылған кесіндіде статистикалық бірліктер бойынша жіктелімдік атрибуттар туралы ақпарат жыл бойы өзгеріссіз қалады және жеке каталогтарды қалыптастыру үшін қолданылады.

      65. Уақытша тоқтатылған кесіндіде статистикалық бірліктер бойынша тұрақтылық қағидатына сәйкес жыл ішінде негізгі ЭҚЖЖ, КМЖ және КӨКЖ кодтары өзгермейді (негізгі атрибуттардың өзгеру жағдайларын 69-тармақта қарау керек). "Тұрақтылық" қағидаты сақталуы тиіс, өйткені одан әрі өзгерістер қысқа мерзімді және жылдық статистикалық деректер арасындағы сәйкессіздіктерге әкеп соқтырады. Басқа жіктелімдік атрибуттар "тұрақтылық" қағидаты қолданылмайды.

      66. Жыл ішінде уақытша тоқтатылған кесіндіде зерттелетін бірліктердің негізгі ЭҚЖЖ, КМЖ және КӨКЖ кодтарына өзгерістер бұған жеткілікті негіздер болған кезде енгізіледі.

      Статистикалық бірліктерде жыл ішінде жіктелімдік атрибуттарды өзгерту үшін негіздер:

      1) егер көрсеткіштер (өндіріс, қызмет көрсету көлемі бойынша) аудан бойынша жиынтық статистикалық ақпаратты қалыптастыру кезінде 1%-дан артық әсер етсе, онда бұл жағдайда СБТ АЖ-да статистикалық бірліктер бойынша жіктелімдік атрибуттарды өзгерту қажет. Егер көрсеткіштер 1%-дан аз әсер етсе, онда жіктелімдік атрибуттарды өзгерту қажет емес;

      2) егер СБТ АЖ-да тіркеу (қайта тіркеу) кезінде КМЖ, негізгі ЭҚЖЖ немесе КӨКЖ кодтары қате қойылса, онда бұл жағдайда статистикалық бірліктер бойынша жіктелімдік атрибуттарға өзгерістер енгізу қажет.

      67. Егер есеп беретін бірлікте негізгі ЭҚЖЖ, КМЖ, не КӨКЖ өзгерістері болған және осы өзгерістер ұзақ мерзімді (1 жылдан астам) сипатта болған жағдайда, негізгі ЭҚЖЖ, КМЖ, не КӨКЖ кодын айқындау және құқықтық бірлік бойынша СБТ АЖ-да жіктелімдік атрибуттар бойынша өзгерістер енгізу қажет.

      Статистикалық бірліктердің жіктелімдік атрибуттарын өзгерту үшін аумақтық бөлімшелердің тиісті салалық басқармасы осы Әдістемеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық бөлімшелердің тіркелімдер басқармасына жіктелімдік атрибуттарды өзгертуді қарауға өтінім ресімдеуі қажет. Статистикалық бірліктердің жіктелімдік атрибуттарын өзгерту туралы шешімді аумақтық бөлімшелердің мүдделі салалық басқармаларымен бірлесіп, тіркелімдер басқармасы қабылдайды. Статистикалық бірліктердің ЭҚЖЖ, КМЖ не КӨКЖ өзгерту туралы шешім қабылданған жағдайда аумақтық бөлімшелердің тіркелімдер басқармасы енгізілген өзгерістерді СБТ АЖ-да растайды.

      Аумақтық бөлімшенің тіркелімдер басқармасы кезекті уақытша тоқтатылған кесіндіні өзектілендіру үшін кесіндіні қалыптастыру алдындағы соңғы күннен кешіктірмей файл қалыптастырады және Бюроның статистикалық тіркелімдерді жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшесіне жібереді. "Уақытша тоқтатылған кесіндіге" өзгерістер енгізуді Бюроның статистикалық тіркелімдеріді жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшенің мамандары кезекті уақытша тоқтатылған кесінді қалыптастырылғаннан кейінгі бірінші күні жүргізеді. Өзгерістер енгізілгеннен кейін уақытша тоқтатылған кесінді бекітіледі және бұдан әрі уақытша тоқтатылған кесіндіге өзгерістер енгізілмеуі тиіс (өзгерістер енгізу келесі "уақытша тоқтатылған кесіндіге" ауыстырылады).

      68. Егер жіктелімдік атрибуттардың өзгерістері уақытша (маусымдық) сипатта болса (1 жылдан кем), онда құқықтық және статистикалық бірліктер бойынша СБТ АЖ-ға өзгерістер енгізу талап етілмейді.

11-параграф. СБТ АЖ-ны кезекті есепті жылға дайындау

      69. Жыл басына СБТ АЖ өзектілендіру кезекті есепті жылға зерттелетін бірліктердің бас жиынтығын қалыптастыру мақсатында есепті жылдың желтоқсан айында және келесі жылдың қаңтар айында жүргізіледі.

      70. "Тұрақтылық қағидатына" сәйкес статистикалық бірліктерде жіктелімдік атрибуттардың (негізгі ЭҚЖЖ және КМЖ коды) өзгеруіне жыл ішінде жол берілмейді (өзгерістер жағдайларын 69-тармақта қарау керек), өзгерістер жыл басына бір рет жүргізіледі.

      71. Зерттелетін бірліктер атрибуттарының өзгеруі туралы барлық ақпаратты СБТ АЖ-ға салалық каталогқа жауапты маман енгізеді. СБТ АЖ-ға ақпаратты енгізер алдында негізгі ЭҚЖЖ мен КМЖ өзгерістері туралы барлық жиналған ақпарат талданады және СБТ АЖ-ға негізгі ЭҚЖЖ мен КМЖ нақты өзгерістерін көрсететін ақпарат жүктеледі.

      72. Аумақтық бөлімшелердің тіркелімдер басқармасы күн сайын салалық каталогта жүргізілген өзгерістерді бақылайды және талдайды және СБТ АЖ-ға өзгерістерді енгізуді растайды не қабылдамайды.

      73. Негізгі ЭҚЖЖ мен КМЖ жаңа ағымдағы мәндерін қайта есептеу аяқталғаннан кейін сынақ каталогтарын алу үшін қаңтар айындағы кесінділер қалыптастырылады. Сынақ каталогтары сараптама үшін аумақтық бөлімшелердің салалық басқармаларына беріледі.

      74. Сынақ каталогтарын сараптағаннан кейін қажет болған жағдайда атрибуттардың ағымдағы мәндерін түзету және кесінділерді қайта қалыптастыру жүргізіледі. Бұл жағдайда алдымен қаңтар айындағы алдыңғы жүктелген деректер жойылады.

      75. Қаңтар айының ішінде атрибуттардың ағымдағы мәндерін қайта есептеу кесіндіні қалыптастыру алдында бір немесе бірнеше рет жүргізіледі.

  Статистикалық бизнес-тіркелім
ақпараттық жүйесін жүргізу
және өзектілендіру
жөніндегі әдістемеге
1-қосымша

СБТ АЖ-да пайдаланылатын ахуалдық кодтар*

      "0" - Жаңадан тіркелгендер (бастапқы тіркеу кезінде ахуалдық код СБТ АЖ-да екі жылға дейінгі мерзімге беріледі). Қызметті жүзеге асыруды сипаттайтын көрсеткіштермен (мысалы, өндірілген өнімнің, өткізілген тауарлардың және көрсетілген қызметтердің көлемі) бірінші статистикалық нысанды ұсынғаннан кейін немесе әкімшілік дереккөздерден қызметті жүзеге асыру туралы ақпарат болған кезде осы ахуалдық код "1"-ге өзгертіледі. Егер бастапқы тіркеуден кейін 24 ай ішінде бірде-бір статистикалық нысан ұсынылмаса және бір мезгілде осы субъектілер әрекетсіз салық төлеушілердің тізбесінде болса, не әкімшілік көздерден де қызметті жүзеге асыру туралы ешқандай ақпарат болмаса, ахуалдық код = "4"қойылады.

      "1" - Белсенді. Осы ахуалдық код қызметті жүзеге асыруды сипаттайтын көрсеткіштермен (мысалы, өндірілген өнімнің, өткізілген тауарлардың және көрсетілген қызметтердің көлемі) бірінші статистикалық нысанды тапсырғаннан кейін немесе әкімшілік көздерден қызметті жүзеге асыру туралы ақпарат болған кезде беріледі. Одан әрі ахуалдық кодты қою күні өзектілендірілуі мүмкін немесе статистика органдарына келіп түсетін ақпаратқа байланысты ахуалдық кодтың өзгеруі мүмкін.

      "2" - Қызметін уақытша тоқтатқандар. Субъектілер қызметін уақытша тоқтатқан (Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларына сәйкес) немесе қызметтің жоқ екені туралы хабарлама ұсынған жағдайда беріледі.

      "3" - Таратылғандар немесе есептен шығарылғандар. Ресми таратылған жағдайда әкімшілік дереккөздердің ақпараты негізінде беріледі.

      "4" - Ақпарат жоқ немесе әрекетсіз. Егер субъектілер бойынша 24 ай ішінде бірде-бір статистикалық нысан ұсынылмаған және бір мезгілде осы субъектілер әрекетсіз салық төлеушілердің тізбесінде болған не әкімшілік көздерден қызметті жүзеге асыру туралы ешқандай ақпарат болмаған жағдайда беріледі.

      "6" - Қызметін уақытша тоқтатқандар. Субъект қызметін уақытша тоқтатқан және тоқтата тұру туралы ақпарат ҚР ҚМ МКК интернет-ресурсында жарияланған жағдайда беріледі (қызметті қайта бастаған кезде ахуалдық код "1"-ге өзгертіледі).

      "9" - Таратылу үдерісінде. Респонденттен немесе басқа әкімшілік көздерден алынған ақпарат (сот шешімі немесе ҚР ҚМ МКК деректері) негізінде беріледі.

      Ескертпе * - тіркелгендер - "3" - тен басқа барлық ахуалдық кодтарды қамтиды қолданыстағы – "0", "1" және "2" ахуалдық кодтар

  Статистикалық бизнес-тіркелім
ақпараттық жүйесін жүргізу
және өзектілендіру
жөніндегі әдістемеге
2-қосымша

Каталогтарға тапсырыстар кестесі

Статистикалық нысан индексі

Кезеңділігі (ж, ж/ж, т, а, бж)

Бірліктер типі

Жеке каталогтың белгісі

Есепті бірліктердің сыныптамалық белгілері1

Құқықтық

Статистикалық

ЭҚЖЖ (негізгі)

ЭҚЖЖ (қосалқы)

КМС

ЗТ, ФЛ, ЗТ құр бөл, ШЕ ЗТ Фил, ДК, БДК, ДК (БДК) Құр бөл, ЖТ

КО, ЖБ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      Кестенің жалғасы

Есепті бірліктердің сыныптамалық белгілері1

СБТ АЖ кесінді күні (17.АА. 2021-17.АА. 2022)

Каталогтарды қалыптастыру күні (01.АА. 2021-01.01. 2022)

Іріктемелі жиынтықты қалыптастыру күні*

Қосымша шарттар

ЭСЖ

ҰҚНЖ

МНЖ

КӨКЖ

Жазба қосуға жол беріледі, соның ішінде БЕЛ "3" бірліктерді де (1-иә, 0-жоқ)

Жергілікті жердің типі (1-қалалық жер, 2-ауылдық жер)

10

11

12

13

14

15

16

17

      * - Іріктемелі зерттеу жүргізу кезінде бағанада: "1" цифры - егер зерттеу іріктемелі әдіспен жүргізілсе; "2" цифры - егер зерттеу белгілі тізіммен жүргізілсе; "3" цифры - егер каталог "Өңдеу" АЖ-ға арналған болса қойылады.

      Кестедегі қысқартулар:

      БДК - Бірлескен кәсіпкерлік нысанындағы дара кәсіпкерлік субъектісі;

      БЕЛ – Ахуалдық код;

      ДК - Жеке кәсіпкерлік нысанындағы дара кәсіпкерлік субъектісі;

      ДК (БДҚ) құр. бөл. - Жеке (бірлескен) кәсіпкерлік нысанындағы дара кәсіпкерлік субъектілерінің құрылымдық бөлімшелері;

      ЖБ - "Жергілікті бірлік" статистикалық бірлігі;

      ЗТ - заңды тұлға;

      ЗТ құр. бөл. - заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;

      КО - "Кәсіпорын" статистикалық бірлігі;

      ФЛ – филиал;

      ШЕ ЗТ Фил. - шет елдік заңды тұлғаның филиалы.

  Статистикалық бизнес-тіркелім
ақпараттық жүйесін жүргізу
және өзектілендіру
жөніндегі әдістемеге
3-қосымша

Жеке каталогтың құрылымы

р/с №

Атрибуттар атауы

Атрибуттар сипаттамасы

1

BIN_IIN

Заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі

2

NAME

Заңды тұлға үшін – қысқаша атауы, дара кәсіпкер үшін – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

3

STATKOD

Статистикалық бірліктің коды

4

TIP_PRAV

Құқықтық бірліктің типі

5

TIP_STAT

Статистикалық бірліктің типі

6

OKED

Негізгі экономикалық қызмет түрінің коды

7

OKEDS

Үтірлермен бөлінген қосалқы экономикалық қызмет түрлерінің коды

8

KRP

Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ дара кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуіші

9

AKT

Ахуалдық код

10

DAT_AKT

Ахуалдық кодты өзектілендіру күні

11

IST_AKT

Ахуалдық кодты өзектілендіру көзі

12

TE

Аумақ коды

13

K

Жергілікті жер типі

14

SEK

Экономика секторының коды

15

KOPF

Ұйымдық-құқықтық нысанның коды

16

SKFS

Меншік нысаны мен түрінің коды

17

DAT_VKL

Каталогқа қосу күні

18

PRO

Бірліктерді іріктемеге қосу белгісі

19

TF

Есепті толтыруға жұмсалған уақыт

20

KPOP

Кәсіпорындардың өндіріс көлемі бойынша жіктеуіш коды

22

DOHOD

Өндіріс көлемі бойынша табысы

23

CHIS_S

Тізімдік саны

24

SUB_BIZN

Бизнес субъектісіне тиістілігі

  Статистикалық бизнес-тіркелім
ақпараттық жүйесін жүргізу
және өзектілендіру
жөніндегі әдістемеге
4-қосымша

      Нысан

Өтінім

      ___________________ нысаны бойынша жеке каталог тізіміне қосу (жою) үшін индекс / кезең

      КТК-ға сәйкес каталог нөмірі бойынша _______________

TE

БСН/ЖСН

Атауы
















      _________________________________________________________ (құрылымдық бөлімше атауы, лауазымы)

      ________________ ____________ ______________________ (қолы) (күні) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _________________________________________________________ (құрылымдық бөлімше атауы, лауазымы)

      ________________ ____________ ______________________ (қолы) (күні) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Статистикалық бизнес-тіркелім
ақпараттық жүйесін жүргізу
және өзектілендіру
жөніндегі әдістемеге
5-қосымша

СБТ АЖ салалық каталогтар тізбесі

р/с №

Саланың атауы

ЭҚЖЖ кодтары

1

Кәсіпорындар статистикасы

01-99

2

Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы

01-03

3

Өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы

05-39

4

Инвестициялар және құрылыс статистикасы

41-43

5

Ішкі сауда статистикасы

45-47, 56

6

Көлік статистикасы

49-52

7

Байланыс статистикасы

53, 61

8

Қызмет көрсету статистикасы

58-60, 62-63, 68-82, 90-96

9

Туризм статистикасы

55-56

10

Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы

01-99

11

Құрылымдық статистика

01-99

12

Сыртқы және өзара сауда статистикасы

01-99

13

Білім беру статистикасы

85

14

Денсаулық сақтау статистикасы

86-88

  Статистикалық бизнес-тіркелім
ақпараттық жүйесін жүргізу
және өзектілендіру
жөніндегі әдістемеге
6-қосымша

Салалық каталогта түзету үшін қолжетімді атрибуттар тізбесі

р/с №

Атрибуттар тізбесі

1

Ахуалдық код туралы мәліметтер

Ахуалдық код

Ахуалдық кодты өзектілендіру күні

2

Мекенжайы туралы мәліметтер

ӘАОЖ нақты коды

Нақты пошта индексі

Көше типі

Көше атауы

Үйдің №

Пәтердің №

МТК

Телефон №

e-mail

Құрылымдалмаған нақты мекенжай

3

Саны туралы мәліметтер

Тізімдік саны

Нақты саны

Тізімдік саны (филиалсыз)

Нақты саны (филиалсыз)

4

ЭҚЖЖ туралы мәліметтер

Негізгі ЭҚЖЖ

Қосалқы ЭҚЖЖ

  Статистикалық бизнес-тіркелім
ақпараттық жүйесін жүргізу
және өзектілендіру
жөніндегі әдістемеге
7-қосымша

      Нысан

Келесі бірліктер бойынша жіктелімдік атрибуттарды өзгертуге Өтінім

БСН / ЖСН

Статистикалық код

Атауы

Өзгертілетін атрибут атауы

Қолданыстағы код

Ұсынылатын код













      Басшы___________________________________________________ (құрылымдық бөлімше атауы) ________________ ____________ ______________________ (қолы) (күні) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Келісілді: Мүдделі салалық басқармалар___________________________ (атауы) ________________ ____________ ______________________ (қолы) (күні) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Басқарма басшысы (тіркелімдерді жүргізуге жауапты) ________________ ____________ ______________________ (қолы) (күні) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады