Степногорск қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 7С-6/3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 тамызда № 24113 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Степногорск қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қалалық мәслихаты
хатшысының міндетін атқарушы
А.Гетманов

  Степногорск қалалық
мәслихатының
2021 жылғы 12 тамыздағы
№ 7C-6/3 шешіміне
қосымша

Степногорск қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдері

      1. Степногорск қалалық мәслихатының "Степногорск қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-34/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4620 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Степногорск қалалық мәслихатының "Степногорск қаласы және елді мекендер бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" 2016 жылғы 19 мамырдағы № 6С-5/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5425 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Степногорск қалалық мәслихатының "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 6С-24/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6314 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады