Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 298 "Ақтөбе қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2021 жылғы 5 наурыздағы № 23 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 10 наурызда № 8097 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 298 "Ақтөбе қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-1-181 болып тіркелген, 2018 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің кіріспесі келесідей редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 7-баптарына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 21500 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығындағы Ақтөбе қаласында тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 10 (он) пайызы мөлшерінде белгіленеді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тұрғын үй көмегі Ақтөбе қаласында тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.";

      3-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы" (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.";

      3-2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.";

      5 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 21500 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді тұрғын үй көмегін алуға үміткерлердің жеке өтінішіне сәйкес уәкілетті орган тұрғын үй көмегі төлемдерін коммуналдық қызметтердің жеткізушілеріне жібереді.

      Тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарына өтемақы өтініш берушілердің жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аударылады.".

      2. "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді, оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық
мәслихатының сессия төрағасы
Н. Махамбетов
      Ақтөбе қалалық
мәслихатының хатшысы
А. Даржанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады