Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі Тереңсай елді мекенінің көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 6 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 26 наурызда № 8151 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 3 қорытындысы негізінде, Әйке ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әйке ауылдық округінің Тереңсай елді мекеніндегі "Ыбырай Алтынсарин" көшесі "Тереңсай" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Әйтеке би ауданының "Әйке ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әйке ауылдық округінің әкімі Н. Алипбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады