Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 8 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 300 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 20 желтоқсанда № 25864 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 8 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4736 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";

      жоғарыда көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк ауданының әкімі А. Салыкбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Мәртөк аудандық маслихаты

  Мәртөк ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 300 қаулысына қосымша
  Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 8 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің басшысы;

      2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      3) Аудандық маңызы бар жұмыспен қамту орталығының сектор басшысы;

      4) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары,орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маманы – әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты;

      5) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маманы – жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      6) ассистент.

      2. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысының (директорының) орынбасары;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);

      4) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары – аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтердің), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтердің), музыкалық жетекші, хореограф.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады